Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысы

тік жәрдемақылар, экологиялық апат аумақтарында тұратын адамдарға әлеуметтік көмек, әскери қызметшілерге құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету, құрбандарына және одан зардап шеккендергетөлемдер, көші-қон іс-шаралары, баланың туылуына байланысты әлеуметтік төлемдер және басқалары.

7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:

8) ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:

9) өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және қызметі:

10)  көлік және коммуникациялар:

11) экономикалық қызметті реттеу:стандарттау, метреология және сертификаттау, патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау, мемлекеттік инновациялық саясат, мемлекеттік экспорттық және импорттық бақылау, саудалық және демпингке қарсы реттеу, бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу.

12)  басқада бағыттар: облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне, Ұлттық қорға берілетін ресми трансферттер, үкіметтік борышқа қызмет көрсету және  оны  өтеу,   мемлекеттік кепілдіктер  бойынша міндеттемелерді орындау.

Республикалық бюджеттен сонымен бірге барлық мемлекеттік органдардың және басқа мемлекеттік мекемелердің қызметтін қамтамасыз етуге (кадрларды қайта даярлауды және бұл мемлекеттік мекемелер

 

қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қоса алғанда), бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ қолданбалы ғылыми зерттеулерге, мемлекеттік басқарудың орталық органдардың заңнамалық актілері мен көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады.

 

Республикалық бюджет шығыстарының

көлемі мен құрылымы (2003ж.)

 

Дерек көзі:Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені № 6, маусым 2004ж.

Орталық мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін ұстауға жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен бекітілетін штат саны лимиті мен Үкімет бекітетін натуралдық нормалар негізінде жоспарланады.

Нарықтық қатынастарға кешу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда — ұлттық шаруашылықтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір белігі акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыруы тиіс.

Алайда нарықтық механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканың мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап қалуда.

Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың құрылымында бюджеттік ресурстардың әлеуметтік бағыттылығы арта түсуде. Республикалық деңгейдегі білім беруді, денсаулық сақтауды, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру және басқа бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын тікелей шығындар барлық шығыстардың 60 пайызынан асып отыр. Сонымен бірге өнімсіз мақсаттардың: басқаруға, армияға, құқық қорғау органдарына, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге, дипломатиялық мекемелерді ұстауға, дүниежүзілік қоғамдастыққа біріккен шараларды жүргізу квоталары бойынша жарналарға және т.с.с. жұмсалатын шығындар да өсуде. Бұл мақсаттарға жыл сайын бюджет қаражаттарының 1/3 бөлігі жұмсалады.

Сөйтіп, жалпы мемлекеттік мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің экономикалық процесін реттеуде аса маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге республикалық бюджеттің жоғары маңыздылығы жергілікті бюджеттердің рөлін төмен түсірмейді. Тап солар биліктің жергілікті органдарының өздерінің функцияларын орындауын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді, халықтың тұрмыстық әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, тиісті аймақтың азаматтарының материалдық және мәдени дәрежесіне айтарлықтай ықпал етеді (жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары

Рынокқа өтпелі кезеңде бюджет жүйесінің барлық дербес буындары жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамдық өндірістің құндық ара қатынастарын жақсартуға ықпал етеді, нарықтық инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың әлеуметтік кепілдерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлудің белсенді құралы болуы тиіс. Бұл тек салықтардың ынталандырушы рөлін күшейту, бюджеттен қаржыландырудың және қаражаттарды пайдаланудың прогрессивті нысандарын, әдістерін қолдану жолымен бюджет ресурстарын қалыптастырып, жұмсау кезінде жоғары тиімділікке қол жеткізу жағдайында ғана мүмкін. Сонымен қатар бюджет рәсімін, барлық деңгейлердегі бюджеттер арасындағы, сондай-ақ мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы қаржылық өзара қарым-қатынастарды одан әрі демократияландыру мен жетілдіруді қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономика – заң колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

         

«Мемлекеттік бюджеттің кірісі

мен шығысы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерген: Еркегүл Азаматқызы

Орындаған: Нарбаева Аида

 

 

 

 

 

 

 

Астана қаласы 2008ж

123
скачать работу

Мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ