Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi

ң нормативтiк құқықтық базасын құруды, денсаулық сақтауды қаржыландырудың елеулi ұлғаюын оң өзгерiстер ретiнде атап өткен жөн, бұл бірқатар қазiргi заманғы клиникалардың құрылысын жүзеге асыруға, медициналық ұйымдарға күрделi жөндеулер жүргiзуге және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, емдеу-диагностикалық процесіне жаңа медициналық технологиялар енгiзуге мүмкiндiк туғызды. Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту және оның қолжетімділігін арттыру нәтижесiнде бiрқатар жұқпалы және басқа да ауруларға қатысты халық денсаулығының жай-күйінде оң үрдiстерге қол жеткізілді. Алайда республика халқының денсаулық жағдайы өлшемiнiң көптеген бөлігі қанағаттанғысыз болып отыр.

Қазақстанда соңғы жылдары белгілi бiр медициналық-демографиялық өзгерiстер болды. Республикада халықтың саны 2009 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 49,6 мың адамға өстi және 2004 жылдың басында 14 951,2 мың адамды құрады.

2009 жылы бала туу көрсеткiшi халықтың 1000 адамына шаққанда 17,2-ні құрады және 1999 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өстi. Республикада бала туудың өсу үрдiсi 1999 жылдан бастап байқалып отыр.

Соңғы 5 жыл iшiнде халықтың табиғи өсiмi 1000 адамға шаққанда 2009 жылы 6,7-ні құрай отырып, 1,6 есе өстi. 1999 жылдан бастап халықтың өлiм-жiтiм коэффициентiнiң болмашы өсуi байқалады, ол 1000 адамға шаққанда 2009 жылы 1999 жылғы 9,7-ге қарағанда, 10,5-тi құрады. Соңғы 5 жыл iшiндегi ерлер мен әйелдер өлiм-жiтiмiнiң неғұрлым үлкен жас мөлшерi коэффициентi 70 және одан да астам жасқа сәйкес келедi, ол жас мөлшерi тобын 1000 адамға шаққанда 2002 жылы тиiсiнше 104,51-дi және 79,98-дi құрады. Халықтың өлiм-жiтiм құрылымында жүрек-қан тамыры, онкологиялық аурулар, жарақаттану жетекшi орын алады. Өлiм-жiтiм құрылымының көрсеткiштерiн бұрмалау факторларының бiрi — өлiм себебiн тиiмдi сараптау жүйесiнiң жоқтығы болып табылады.

Республика халқының болжамды орташа өмiр сүру ұзақтығы соңғы 5 жыл iшiнде тұрақтанды және 2009 жылдың соңына қарай 65,9 жасты: ерлерде — 60,5 жасты, әйелдерде — 71,5 жасты құрады.

Қазақстан Республикасы халқының жалпы науқастанушылық көрсеткiшi серпiндi өстi және 2009 жылы халықтың 100 мың адамына шаққанда 1999 жылғы 47972,8-гe қарағанда 56413,9-ды құрады.

Науқастану құрылымында халықтың 100 мың адамына шаққанда бiрiншi орынды — тыныс алу ағзаларының аурулары (22160,6), екiншi орынды — жарақаттар мен уланулар (4003,7), үшiншi орынды — несеп-жыныс жүйелерiнiң аурулары (3948,6), төртiншi орынды — терi және терi асты клеткаларының аурулары (3847,0), одан соң ас қорыту ағзаларының аурулары (3688,7), көз және онымен байланысты аурулар (2748,2), жұқпалы және паразиттiк аурулар (2482,1) алады. Әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың арасында 2009 жылы бiрiншi орынды наркологиялық аурулар алды (халықтың 100 мың адамына шаққанда 424,4), ол бұл тiзбеде өзге де аурулардың көрсеткiшiнен 4 есе және одан да асып түстi.

Республикада сәби өлiм-жiтiмi көрсеткiшiнiң азаю үрдiсi бар, алайда, тұтастай алғанда, Еуропа елдерiмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болып отыр және 2009 жылы 1000 тiрi туғандарға шаққанда 15,3-тi құрады. Бұл ретте, осы көрсеткiштiң ДДҰ-ның ұсынымдары ескерiлмей есептелгендiгiн атап көрсеткен жөн.

Ана өлім-жiтiмi көрсеткiшiнiң 1999 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 100 мың тірі туғандарға шаққанда 65,3-тен 42,1-ге дейiн азайғандығы байқалады. Республикада ана өлiмi негізгi себептерiнiң бiрi — әйелдер денсаулығы индексiнiң төмендiгi болып табылады, ол 20-30%-тi құрайды.

Балалар денсаулығының жай-күйі алаңдатушылық туғызады. Балаларды жаппай алдын ала тексеру жүргiзу екi баланың бiрiнiң ауру екендiгiн көрсеттi және ол сауықтыру терапиясына барабар алдын алу жұмыстарын, бiрiншi кезекте амбулаториялық-емханалық деңгейде ұйымдастыруды талап етедi. ДДҰ-ның ұсынымдарына сәйкес 5 жастағы балалар ауруының көбiсiн амбулаториялық жағдайда тиiмдi емдеуге болады, соған қарамастан Қазақстанда осы жастағы балалардың 60%-тен астамы стационарда емделедi. Ауруханаға балаларды жатқызу себептерiнiң бiрi — дәрiлiк заттарға амбулаториялық деңгейде қолжетiмділiктiң төмендiгi.

Әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың жоғары көрсеткiштерi сақталуда. Психикалық және наркологиялық аурулар, қант диабеті, өңеш-өкпе аурулары, жүрек-қан тамыры патологиясы, туберкулез, жыныстық жолмен берiлетiн жұқпалы аурулар, қатерлi iсiктер елеулi проблема болып табылады. Өкiнiшке қарай, бүгiнгi таңда денсаулық сақтау аурулардың алдын алуға емес, емдеу сипатындағы шараларға көбірек бағдарланған, ал халықтың өзі денсаулығын сақтауға жеткiлiктi дәрежеде бағдарланбаған. Бұл туралы, атап айтқанда, асқынған нысандағы iсiк аурулары анықталуының өсуi, сондай-ақ халықтың жүрек-қан тамыры ауруларынан қайтыс болуының жоғары көрсеткiшi айғақтайды. ДДҰ деректерi бойынша туберкулез ауруының көрсеткiшi бойынша Қазақстан ТМД елдерiнiң арасында жетекшi орын алып отыр: 1999 жылы 100 мың халыққа шаққанда — 141,0, ал 2009 жылы — 160,4.

АҚТҚ/ЖҚТБ-ның (ВИЧ/СПИД) пандемиясына байланысты Қазақстанда, соның iшiнде пенитенциарлық мекемелер жүйесiнде таралуы өрши түсуде. Осыған байланысты, республикада ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған бағдарлама қабылданып, iске асырылуда. Алайда, қабылданған шаралар әзiрше iндеттiң қарқынын бәсеңдетуге ғана мүмкiндiк бердi.

Тұтастай алғанда қазақстандықтардың денсаулығы жай-күйiнiң қанағаттанғысыз болуына денсаулық сақтау жүйесiнiң алдын алудағы белсендiлiгiнiң әлсiздiгi, халық тарапынан өзiнiң денсаулығына жауапкершiлiктiң жеткiлiксiздiгi, денсаулық сақтау мәселелерiнде сектораралық өзара iс-қимылды тиiмсiз жүргiзу, сондай-ақ өтпелi кезеңнiң әлеуметтiк-экономикалық проблемалары себеп болды.

Қорытынды

Бүгiнгi таңда саланы дамытып отырған негiзгi бағдарламалық құжаттар оларды әзiрлеу сәтiндегi талаптарына барабар болған, алайда қазiргi уақытта олар экономикадағы, сол сияқты басқа да секторлардағы өзгерiстер қарқынынан кейiн қалып отыр. Осы құжаттарда белгiленген жекелеген iс-шаралар түпкілiктi нәтижеге бағдарланбаған, ал құрылымдық қайта құрулар, соның iшiнде қаржыландыру жүйесiн өзгерту үнемi дәйектi сипатқа ие бола бермейдi. Бүгiнгi күнi денсаулық сақтау жүйесiнiң жай-күйi қоғамды, мемлекеттi және саланың өзiн толық қанағаттандырады деп тұжырымдауға болмайды.

Жинақталған проблемалар денсаулық сақтау саласын басқару қағидаттарын түбегейлі қайта қарауды талап етедi. Мемлекет басшысының 2005 жылға арналған Жолдауында саланың басқару жүйесiн, денсаулық сақтау iсiн қаржыландыруды, ұсынылатын медициналық көмек берудi ұйымдастыруды, денсаулық сақтау жүйесiнiң нормативтiк базасын, саланың статистикасы мен оны ақпараттандыруды, есептілiктi оңтайландыруды жетiлдiруге, сондай-ақ қаржы ресурстарын тиiмдi пайдалану мен сатып алуды міндеттi түрде орталықсыздандыру бөлігінде байыпты өзгерiстер жүргiзу қажеттiгi көрсетiлген.

Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған осы мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстанның 2030 жылғы кезеңге дейiнгi Даму стратегиясын, Президенттiң «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн!» атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында әзiрленген.

Бағдарламада Қазақстан Республикасында қолжетімді, сапалы, әлеуметтiк бағдар ұстанған және экономикалық тиiмдi денсаулық сақтау жүйесiн дамытуға бағытталған қажеттi экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдастырушылық және басқа да шаралардың жиынтығы белгiленген.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438 Жарлығы
12
скачать работу

Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ