Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ РЕФОРМАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ

ай облысының сайлау науқанын шаруалар ашты. Олар жалпы 56-сайлаушыны таңдау керек болды. Оның 47-і орыны Қостанай уезіне, қалғандары Ақтөбе, Торғай, Ырғыз уездеріне бөлінді. Әсіресе сайлау Қостанай уйезінде қызу жүрді. Онда жергілікті билікке сүйенген кулактар өздеріне пайдалы үміткерлерді сайлауға жіберуге ықпал етпек болды. Бірақ ауыл кедейлері тарапынан бұл пиғыл үлкен қарсылыққа ұшырады. Басқа уйездерде көпшілік сайланушылардың қүрамы қатардағы шаруалардан тұрды [6, 11 c.].

Социял-демократтардың шаруалар қауымына ықпалы әр жерде әрқалай болды. 1906 жылы 30-сәуірде Қостанай уйезінің Успенск болысының шаруалары патша үкіметінің заңына қарамастан Думаға екі депутатты таңдап, ашық сайлау жүргізді. Қостанайлық мещандар шаруалармен және басқа да қоғам өкілдерімен біріге отырып, төмендегідей талап-тілектер қойған: саяси тұтқындарға амнистия жариялау,өлім жазасын жою, аграрлық мәселені шешу, т.б. Кейбір жерлерде шаруалар тіпті сайлауға қатысудан бас тартқан. Кадеттер жер-жерлерде шаруалрадың назарларын өздеріне аударуға тырысып бақты. Қазақ зиялыларының кадеттер партиясының тұғырнамасына жақын болуының бір себебі дін мәселесімен де байланысты. 1905 жылы Ресейдің мұсылман дініндегі халықтары арасында отарлық езгіге қарсы саяси одақ қалыптаса бастады. Әрі ол діни сипат алды. 1905- 1906 жылдары мұсылмандарды бүкілресейлік үш съезі өтті. Үкімет орындарының келісім бермеуіне қарамастан, Петербургке 15-23-қаңтар аралығында 2-ші бүкілресейлік мұсылмандар съезі «Ресей имперясының мұсылмандарын жалпымемлекеттік мүддеге орай, сондай-ақ патшалықтың күнделікті жағдайымен және болашақта тізе қосып қимыл жасау үшін бір саяси партияға бірігуге үндейтін» жарғысын бекітіп, «Мемлекетік Думаға депутат сайлау мерзіміне дейін тым аз уақыт қалуына байланысты ішкі губерния мұсылмандарының осы сайлау науқанында.

«Конституциялық-демократиялық партиямен» ынтымақтаса әрекет жасауға шақырған үсынысы қуаттаған қаулы қабылдады». Қазақ зиялылары саяси күрестегі діни фактордың ролінің маңыздылығын түсінді. Соны есепке ала отырып енді ғана саяси күрес жолына түсе бастаған олар басқа халықтармен ынтымақтасып, одақтасуды дүрыс деп тапқан болатын. ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде Ресей империясының қоғамдық-саяси өмірінде аграрлық мәселе маңызды орын алды. Оның нақты шешімін таппауы Ресейдегі халықтардың үнемі наразылығын тудырып отырды. Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы және 1917 жылғы Ақпан және қазан төңкерістерінің басты себептерінің бірі де аграрлық мәселеге тіреледі.Бұл ретте Мемлекеттік Думаның да Қазақстандағы аграрлық-шаруа мәселесімен айналысқанын айта кетуіміз керек. Депутат қазақтар және көзқарасы жағынан жақын жиылған аграршы-депутаттардың Думадағы бұл мәселеге байланысты қызметі тереңірек зерттеуді қажет етеді. Мысалы, 2-ші Мемлекеттік Думада сөйлеген сөзінде депутат Б. Қаратай қордаланған мәселені тікесінен қояды. Қазақстан отар ел ретінде XIX ғасырдың алғашқы ширегінен бастап Ресей империясың әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірімен тығыз байланысты болды. Әкімшілік-аумақтық ереже, 1867-1868 және 1886-1891 жылдардағы реформалар Қазақстанның отар ел ретіндегі метрополиядағы ролін нығайта түсуге бағытталды. Империяның саяси үстемдігі нәтижесінде бүгінгі Қазақстан алып отырған сол кездегі барлық аумақтарда жерді иелену мен жерді пайдалануды реттеудің қажеттігі мейлінше айқын да өткір қойылды. 1886-1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелері жөніндегі реформалар бойынша Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы жойылып, оның орнына орталығы Омбы қаласы болып табылатын Дала генерал-губернаторлығы құрылды [7].

Реформа барысындағы жер-құқықтық нормалар ең алдымен отарлаушы халықты артықшылыққа ие ететін құқтар  беру  арқылы  қазақтар  шеттегі  қолдануға  жарамсыз, шұрайсыз жерлерге ығыстыру бағыты ұсталды. 1867-1868 жылдардағы реформа жер қазына меншігі деп жариялап, қазақтарға жерді пайдалану құқығын ғана берді. Мұның өзі оларды бұл жерлерден шеттеуге заңды негіз жасады. «Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару жөніндегі «Уақытша ереженің» 210- бабында айтылғандай, қазақ көшпенділері иеленіп отырған жерлер мемлекеттік деп танылады және олардың қоғамдық пайдалануына уақытша берілетін болады. Жетісу және Сырдария облыстары үшін де осындай құқұқтық нормалар жасалды. Жер дауларын шешу, көші-қон, шабындық орнын анықтау және т. б. мәселелерді кезінде генерал-губернатордың жеке өзі бақылап, билігін айтып отырды. Осы уақытта Ресейдің орталық аудандарындағы шаруалар арасында құнарлы қазақ жерлері және оны игеру қоныс аудару қажеттігі туралы кеңінен өрістеген үгіт-насихат жұмысы нәтижесінде көптеген шаруа отбасылары, тұтас қауымдар өз бетімен көшіп келіп, Қазақстанды қоныстана бастады. Шаруалардың орталық губерниялардан Қазақстанға жаппай қоныс аударуы өлкеге көшіп келушілердің заңды мәртебесін айқындау себептерінің бірі болды. 1868 жылы Жетісу генерал-губернаторы Г.А. Колпаковский алғаш рет қазақ халқын жермен қамтамасыз етудің нормативтерін сақтай отырып, көшіп келушілер мәртебесін заңдастыруға тырысты. «Жетісудағы көшіп келген шаруалар туралы «Уақытша ереже» жасалып, ол 1883 жылға дейін қолданылып келді. Қазақстанның барлық аумағы бойынша өз бетімен көшіп келушілердің толассыз тасқыны патша үкіметіне қысқа мерзімде оларға жер бекітіп берудің тәртібін айқындауға мүмкіндік берді. Сөйтіп 1889 жылы «Селолық қонысшылар мен мещандардың бұрын қоныстанған қауымдар адамдарына белгіленген қазыналық жерлерге қосып алу тәртібімен ерікті қоныс аударуы туралы» ереже бекітілді. Ереже бойынша: «қоныс аударуға тілек білдірген адамдарды орналастыру үшін Мемлекеттік мүлік министрлігіне Еуропалық Ресейдегі, Тоболь және Том губернияларындағы, сондай-ақ Жетісу, Ақмола және Семей облыстарындағы қазыналық жерлерден ауыл шаруашылық жағдайына қарай оның иеленушілеріне нұқсан келтірмейтіндей және бос болуы мүмкін деп танылатын ерекше учаскелер құруға құқық берілді». Сөйтіп, үкімет ресми түрде оларға қазақ халқының жерін басып алуға мүмкіндік берді, Өйткені бұл кезде қазақтардың жерді иеленуге емес, оны пайдалануға ғана құқығы болды.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

  1. Аврех А.Я. «Распад третьеиюньской системы»,    М., 1985. 260 с.
  2. Аврех А.Я. П. А. Столыпин и судьбы реформ в России М., 1991. 285 с.
  3. Аврех А.Я. «Столыпин Третья дума»   М., 1968. 520 с.
  4. Аврех  А.Я. «Царизм  и  третьеиюньская  система  (1907- 1914 гг.)» М., 1966.   181 с.
  5. Аврех А.Я. «Царизм и IV Дума (1912-1914)» М., 1981 г. 293 с.
  6. Аврех  А. Я.   «Царизм  накануне  свержения (XX  в)» М. 1989г. 251 с.
  7. Зиманов С.3. «Казахский отдел Народного комиссариата по   делам   национальностей  РСФСР». А., 1975. 221 с.
  8. Кожахметов Г.3. «Государственная Дума и вопросы социалыю-политического и правового развития Казахстана». А., 1991.
  9. Озғанбай Ө. «Рух күрескері». Астана, 1999. 128 б.

 

Хасенов С.Б.                

А.Байтурсынов атындағы

 Қостанай мемлекеттік университеті

Азаматтық құқық және

іс жүргізу кафедрасының доценті. з.ғ.к

12
скачать работу

МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ РЕФОРМАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ