Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мемлекеттік кірістер мен шығыстар

ндай ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы жүзеге асырылады.  Сондықтанда мемлекеттік шығындарды ұйымдастырудың негізгі қағидаларының бірі –жоспарлылық болып табылады.
Мемлекеттік шығыстарды қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың  және аймақтың жекелеген салаларын  дамытуда үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогрессті айқындайтын  неғұрлым дамыған  және дамушы салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу қамтамасыз етіледі. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды тікелей өтеуді талап етпейді.

5.    Мемлекеттік шығындардың құрамы мен жіктелуі

Мемлекеттік шығындардың кейбір түрлері экономикалық мәні мен мазмұны бойынша біркелкі емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты. Мемлекеттік шығындар экономикалық мазмұны бойынша келесі негізгі топтарға бөлінеді:
1) Материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығыстар
2)  Қызметтің өндірістік емес сферасын жататын шығыстар
3) Мемлекеттің резервтерді жасауға жұмсайтын шығыстары
Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шартқа отырған және ұлттық табысты жасаумен байланысты
Шығыстардың екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты.
Мемлекеттік шығыстардың үшінші тобы  мемлекеттік резервтерді құру мен толықтыруға жұмсалынатын шығындар.Төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дүлей апаттар кезінде өндірістік, сондай-ақ, өндірістік емес аялардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік шығындар қаражатарды максималды түрде  тиімді пайдалана отырып, мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік шығыстардың айрықша түрлеріне қызмет істеп тұрған немесе қайта қалыптасатын кәсіпорынға инвестиция бөлуге  жұмсалатын шығындар жатады. Мемлекеттің әлеуметтік қызметін атқарумен байланысты шығындары біртіндеп артып отырады. Осының нәтижемінде халықтың нақты табыстары мен материалдық және мәдени шараларға жұмсайтын шығындары артады.
Мемлекеттік шығындарды қаржыландыру әр түрі нысанда — өзін-өзі қаржыландыру, бюджеттік қаржыландыру және несиемен қамтамасыз ету нысанында орын алады.
Өзін-өзі қаржыландыру  мемлекеттік кәсіпорындардың   шығындарын жабуда өздерінің меншікті қаражаттарын қолдануды айтамыз.
Бюджеттік қаржыландыру  жалпы мемлекеттік мәні бар шығындарды жабу үшін қолданылады.
Несиемен қамтамасыз ету ағымдық   және инвестициялық шығындарды жабу мақсатында мемлекеттік кәсіпорындардың  банктік ссудаларды алуда қолданылады. Сонымен қатар несиемен қамтамасыз ету қаржы нарығында мемлекеттік несиені түріндегі  ақшалай қаражаттарды пайдаланатын мемлекеттік басқару құрылымының әр түрлі деңгейінде пайдаланылады. Мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың аталып өткен нысандарындағы мақсатты өзара байланыстық қатынас экономикалық қатынасқа қатынасушылардың  арасындағы тепе-теңдік байланысты айқындайды.
Бюджеттік қаржыландырудың жиі қолданылатын  келесідей нысандарын атап кетуге болады:
1)     Дотация  – мемлекеттік бюджеттен және бюджеттік емес қорлардан қайтарымсыз нысанда кәсіпорындар мен ұйымдардың шығындарын  және бюджеттің теңгерімділігін жабу мақсатында бөлінетін ақшалай қаражаттар.
2)Субвенция – халықты әлеуметтік қорғау және тағы басқа мақсаттарға жүзеге асырылатын бағдарламалар мен іс- шараларды қаржыландыруға жұсалынатын мемлекеттік ақшалай көмек. Қаржының мақсатсыз негізде жұмсалғаны анықталған жағдайда қаражаттар қайтарылады.
3)  Субсидия – бюджеттен, бюджетік емес қорлардан және арнайы қорлардан ақшалай және натуралды нысанда бөлінетін қайтарымсыз жәрдемақы.

Бақылау сұрақтары
1.    Мемлекеттік кірістер дегеніміз не?
2.    Мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні неде?
3.    Орталықтандырылған категорияға кіретін мемлекеттік кірістер түрлерін ата
4.    Мемлекеттік кірістер қалай құралады
5.    Қандай кірістер бастапқы деп аталады
6.    Мемлекеттік кірістің көздерін ата
7.    Мемлекеттік кірістердің  ішкі көздеріне нелер жатады
8.    Мемлекеттік кірістердің  сыртқы көздеріне нелер жатады
9.     Мемлекеттік кірістердің жіктелуін ата
10.    Меншік нысанының ұйымдық –құқықтық нысандарына байланысты мемлекеттік кірістер қалай жіктеледі
11.    Қалыптасу аясына байланысты мемлекеттік кірістер қалай жіктеледі
12.    Қаржылық мазмұнынына байланысты мемлекеттік кірістер қалай бөлінеді
13.    Қоғамның таза кірістері дегеніміз не?
14.    Мемлекеттік кірістерді жұмылдырудың қандай негізгі әдістері бар. Оларға сипаттама беріңіз
15.    Мемлекеттік шығындар дегеніміз не?
16.    «Шығындар” дегеніміз не?
17.    Мемлекеттік шығындар жүйесі дегеніміз не?
18.    Экономикалық мазмұнына сәйкес мемлекеттік шығындар қалай жіктеледі
19.    Мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың нысандарына сипаттама беріңіз
20.    Бюджеттік қаржыландырудың нысандарына сипаттама беріңіз

Әдебиеттер тізімі
1.    Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы, 2005 – 552 б.
2.    Мельников В.Д. Основы финансов: учебник – Алматы: издательство ЛЕМ,  2005г.
3.    Сахариев С.С. Финансы: учебник Алматы: Юридическая литература, 2004 г.
4.    Финансы: учебник для вузов / под ред. М.В.Романовского – М.: изд. «Перспектива», 2000 г.
5.    История финансовой мысли и политики налогов – М.: ИНФРА-М, 1996 г.
6.    Сумароков  В.Н. Государственные финансы в системе макроэкономического регулирования – М.: Финансы и статистика, 1996
7.    Ильясов К.К., Исахова П.Б. Расходы государственного бюджета учеб. пособие
- Алматы: Экономика, 2003.-290с.:

12
скачать работу

Мемлекеттік кірістер мен шығыстар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ