Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мемлекеттік несие және мемлекеттік борыш (қарыз)

қатыстың қауіпсіз денгейі 18 пайыз болып саналады.
Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады.
Экономикалық жағынаң дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың біріктірілген факторлары болып табылады.
Мемлекеттік ішкі борыштың басқа нысандарына мыналар жатады:
бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алынған кредиттер бойынша Ұлттық банкке берешек;
облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен ресімделген халықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған қағаздар бойынша борыш. Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышын есепке алу үшін Ұлттық банк пен жергілікті атқарушы органдар келісілген тәртіппен Қаржы министрлігіне өз қарыздарының талаптары, алынуы, оларға қызмет көрсетілуі және өтелуі туралы ақпарат тапсырып отырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық банкінің және жергілікті атқарушы органдарының осындай шарттың талаптарында, осындай қағаздарды шығару талаптарында көзделген жағдайда, қарыз туралы шарт бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын сатып алуға құқығы бар.
«Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш туралы» Қазақстан Республикасының заңымен тиісті мемлекеттік құрылымдар үшін қарыз алудың лимиттері белгіленген:
1)    үкіметтік борыштың лимиті.
2)    Ұлттық банктің сыртқы борышының лимиті.
3)    Жергілікті атқарушы орган борышының лимиті.
Бұл лимиттер тиісінше республикалық бюджетте, Ұлттық банкте, жергілікті  бюджетте жоспарланатын, алынған және өтелмеген қарыздардың тіркелген сомалары болып табылады, бұл сомалар берілген күнге тиісті құрылымның нақты борышынаң аспау тиіс. Мәселе, Ұлттық банктің сыртқы борышының лимиті оның таза алтын-валюта активтерінің 50 пайыз деңгейінде белгіленеді.
Мемлекеттік борышты басқару – мемлекеттің өзі және оның кепілдігімен алынған борышқа қызмет көрсету, оны жоспарлы өтеу, жаңа қарыздарды тарту мен жүзеге асырудың шарттарын жасау жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы; мемлекеттің оған уәкілетті органдары арқылы ұтымды және тиімді қарыз алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік кредитке қызмет көрсетуін оңтайландыру жөніндегі қызметі; басқару келешекте макроэкономикалық қиыншылықтардан және төлем балансының проблемаларынан аман болу мақсатында жүзеге асырылады. Бұл орайда борыш мониторингі – борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процестерін қадағалап, бақылап отыру жөніндегі уәкілетті органдардың   қызметінде мемлекеттік борыштын мониторингі жүргізіледі. Мемлекеттік қарызды басқарудың келесідей әдістері бар:
•    Қайта қаржыландыру
•     Конверсия (Мерзімді ұзарту)
•     Консолидация (Жаңғырту)
•     Сәйкестендіру (унификация)
•     Облигацияларды кемімелі ара салмақ бойынша айырбастау
•     Қарыздарды өтеудің мерзімін ұзарту
•     Мемлекеттік борышты төлеуден бас тарту.
Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, кез келген мөлшерде, кез келген валютамен және кез келген нысанада дербес жүзеге асырады.
Мемлекеттік борышқа қызмет көрсету деп қарыз алудың шарттарынаң туындайтын сыйақы, комиссиялық және өзге төлемдердің жиынтық төлемақыларын айтады.
Борышты өтеу – қарызгердің қарыздың алынған сомасын несиегерлермен шарттармен белгіленген тәрттіппен қайтаруы, белгіленген тәртіппен борышты құрайтын басқа міндеттемелерді орындауы.
Қайта қаржыландыру мемлекеттік берешекті жаңа қарыз шығару есебінең өтеуді білдіреді. Сонымен бірге, бұрын шығарылған қарыздардың орнына бірдей құндық ара салмақпен бағамдық айырмашылықты есепке алмай жаңа қарыздың облигациялары беріледі.
Жаңғырту деп бұрын шығарылған қарыздардың шарттарын табыстылығы бойынша аз жағынан да, көп жағынан да өзгертуді айтады. Бірінші жағдайда үкімет борыш бойынша елеулі шығыстар кезінде, екіншісінде инфляцияның болуы кезінде немесе қарыз облигацияларын сатып алудағы халықтың мүдделігін күшейту мақсатымен істейді.
Мерзімді ұзарту мерзімі бойынша қарыздың бастапқы шарттарын оларды ұзарту немесе қысқартумен байланысты өзгерту болып табылады.
Сәйкестендіру бірнеше қарыздарды бір қарызға біріктіруді білдіреді, бұл мемлекеттік борышты басқаруды оңайлатады.
Облигацияларды кемімелі ара салмақ бойынша айырбастау ұлттық ақша бірлігінің дефляциясы жағдайында және мемлекетке қарыздар бойынша тым қымбат ақшамен есептесу тиімсіз кезде жүргізіледі.
Қарыздарды өтеудің мерзімін ұзарту мемлекеттің едәуір берешегі кезінде, сондай-ақ олармен байланысты болатын қаржы қиыншылықтары кезінде қолданылады, үкімет қарыздарды өтеудің және олар бойынша төлемақының мерзімдерін кейінге қалдыра тұру туралы мәлімдейді.
Мемлекеттік борышты төлеуден бас тарту (күшін жою) елде саяси режим ауысымы және жаңа үкіметтің бұрынғы міндеттемелерді олардың заңсыздығы себепті орындауды мойындамауы кезінде болады. Бас тарту мемлекет банкроттығының салдарынан болуы мұмкін.
Мемлекеттік қарызды басқарудың аталып өткен әдістері бір уақытта  да қолданылуы мүмкін.
Ұлттық экономиканың дамуы шетелдік несиелерсіз, инвестицияларсыз мүмкін емес. Бірақ шетелдік капиталды және валюталық ресурстарды тарту оларды тиімді пайдалануды қажет етеді. Сыртқы қарыздардың көбеюі кері экономикалық салдарға әкеледі. Мұның өзі экспорт пен импорттың арақатынасына, ұлттық валютаның курсының өзгеруіне отандық экономиканың дамуының тежелуіне әкеледі.

12
скачать работу

Мемлекеттік несие және мемлекеттік борыш (қарыз)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ