Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мемлекеттің фискалдық саясаты

қ меншікті басқару, мемлекеттің біріңғай жүйесін  ұйымдастыру, мемлекеттік қаржылық бақылау, кеден қызметтері, мемлекеттің сыртқы саяси қызметі, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мемлекеттік статистикалық есеп, мемлекеттік службаның біріңғай жүйесін ұйымдастыру, заңнамаларға сәйкес қфзметтің әр түрлі салалары мен қызмет сферасында мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау және басқалары.

2) Қорғаныс,қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік: мемлекеттің қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, лаңкестікке және және экстремизм мен сепаратизмнің басқадай көріністеріне қарсы күрес, Қазақстан аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, паспорт және виза жұмысын жүзеге асыру, жедел іздестіру, тергеу қызметі, азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру, экономикалық және қаржы сфераларындағы құқық қызметі және басқалары.

3) Құқық, сот, қылмыстық – атқару қызметі:әділет сферасындағы қызмет, азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін ұқықтық қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, соттың сараптамалық қызметі, сот жүйесінің жұмыс істеуі және басқалары.

4) білім беру:білім берудің республикалық ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру, республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу, республикалық деңгейде орта кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, жоғары кәсіби және жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, білім берудің республикалық маңызы ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету, республикалық маңызы бар білім беру ұйымдарында балаларды оңалту және басқалары.

5) денсаулық сақтау:жоғары мамандандырылған медециналық көмек көрсету, ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру, ерекше қатерлі инфекцияларға қарсы іс-әрекет, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның компоненттері мен препараттарын өндіру, санитарлық – эпидемиологиялық қызметтің санитарлық – эпидемиологиялық сауаттылығын республикалық деңгейде және мемлекеттік шекара мен көлікте қамтамасыз ету, сот –медецина және сот – психиатрия сараптамасын жүргізу және басқалары.

6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:бюджет қаражаттары есебінен зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақымен  қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдері, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, экологиялық апат аумақтарында тұратын адамдарға әлеуметтік көмек, әскери қызметшілерге құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне медециналық қызмет көрсету, құрбандарына және одан зардап шеккендерге төлемдер, көші – қон іс – шаралары, баланың туылуына байланысты әлеуметтік төлемдер және басқалары.

7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:

8)  ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:

9)  өнеркәсіп, жер қойнауы пайдалану, сәулет, қала құрылысы және қызметі:

10)көлік және коммуникациялар:

11) Экономикалық қызметті реттеу: стандарттау, метриология және сертификаттау, патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау, мемлекеттік инновациялық саясат, мемлекеттік экспорттық және импорттық бақылау, саудалық және демпинкке қарсы реттеу, бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу.

12) басқада бағыттыр: облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне, Ұлттық қорға берілетін ресми трансферттер, үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу, мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау.

Республикалық бюджеттен сонымен бірге  барлық мемлекеттік органдардың және басқа мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге (кадрларды қайта даярлауды және бұл мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қоса алғанда), бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, сондай –ақ қолданбалы ғылыми зерттеулерге, мемлекеттік басқарудың орталық органдардың заңнамалық актілері мен көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады (6 кесте ),

 

6 кесте Республикалық бюджет шығыстарының көлемі мен құрылымы (2005 ж)

 

Дерек көзі: Қаржы Министірлігі статистикалық бюллетені № 6, маусым 2005 ж

 

Орталық мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін ұстауға жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметтің актілерімен бекітілген штат саны лимиті мен Үкімет бекітетін натуралдық нормалар негізінде жоспарланады.

Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда – ұлттық шаруашылықтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жүмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыру тиіс.

Алайда нарықтық механизмдердің іс - әрекеті жағдайында да жеке салалар мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканың мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап қалуда.

Рыноққа өтпелі кезеңде бюджет жүйесінің барлық дербес буындары жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамдық өндірістің құндық ара қатынастарын жақсартуға ықпал етеді, нарықтық инфроқұрылымды дамыту және азаматтардың әлеуметтік кепілдерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлудің белсенді құралы болуы тиіс.Сонымен қатар бюджет рәсімін, барлық деңгейлердегі бюджеттер арасындағы, сондай – ақ мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субьектілер арасындағы қаржылық өзара қарым қатынастарды одан әрі демократияландыру мен жетілдіру қажет етеді.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Бұл курстық жұмыста  Экономиканы мемлекеттік  реттеудің негізгі бағыттары мен бастапқы қалпын қарастырып өттік. Мемлекеттің фискалдық саясатының мәнін аштық. Фискалдық саясаттың  АҚШ – та жүргізілуін талдадық. Фискалдық саясаттың АҚШ экономикасына тигізген әсерін қарастырдық.  Шығыс Еуропа мен оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі нарықтық қатынастардың дамыуын және экономиканы мемлекеттік реттеуін оның біздің еліміздің экономикасынан айырмашылығын талдадық. Қазақстан жағдайында шетелдік макроэкономикалық реттеу тәжірибесін пайдаланудың оң немесе теріс әсері болады ма екен, әлде Қазақстан өзінің дербес экономикалық саясатын ұстану керек пе екенін қарастырдық.      Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі құрылысын толықтай қарастырдық. Бюджеттің қалай құрастырылатынын, ақша қаражатының қалай бөлінетінін, бюджеттің қай салаларды қамтитынын, бюджет қаражаттарын жұмсаудың бағыттарын нақтылауды қарастырдық. Бюджеттің қай елде қалай құрастырылатынын қарастырдық. Сонымен біз мынадай қорытындыға келдік  Фискалдық саясат қай елдің болмасын үлкен не кіші, бай немесе кедей елдің экономикасының ең негізі құраушы элементі  болып табылады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. “Макроэкономика”  авторлары: Н.Қ Мамыров, М.Ә Тілеужанова                                                                   

2. “Қаржы” авторы:  Ілиясов

3. “Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері” авторлары:

Ж.О  Ихданов, Ә.О Орманбеков                                                  

4. “Экономикс  авторлары” авторлары:  К.Р Макконелл, С.Л Брю                                                      

5. “Жалпы экономикалық теория” авторлары:   Шеденов Ө.Қ,   Сағындықов Е.Н

6. “Экономикалық теория”авторлары:  С.С Мәуленов,  С.Қ Бекмолдин, 

Е.Қ Құдайбергенов

Пред.678
скачать работу

Мемлекеттің фискалдық саясаты

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ