Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күресудегі құқықтық реттеу механизмдері (Шет мемлекеттер тәжірибесін зерттеу мен Қазақстанда енгізу мәселелері)

де олардың жалақылары мен кейбір берілетін жеңілдіктерін жеке сектордың деңгейіне салыстырмалы түрде  қарастырса, осы бағыттағы жұмыстың қомақты жетістігі болар еді. Басқа сөзбен айтсақ, саяси көшбасшы мен мемлекеттік қызметшілердің төмен жалақысы лауазымдық қызметтері мен жауапкершіліктерінің салмағына сәйкес болмағандықтан, жемқорлықтың түрлі сиқырына төтеп бере алмайды. Бірақ та, мемлекетте экономикалық деңгейдің дамуында белгілі бір алға жылжушылық пен қаржының қосымша көздері болмаса, үкімет бұл қызметшілердің жалақысын көтеруге мүмкіндігі болмайды. Яғни, мемлекеттік сектордың болашағына мемлекеттік қызметшілердің жалақысының төмендігі қолайсыз жағдай тудыруы әбден мүмкін, өйткені, дарынды мемлекеттік қызметшілер жеке кампанияларға жұмысқа кетіп қалу қаупі бой көтереді. Себебі, онда жалақы әлдеқайда жоғары, ал қабілеті төмендер орындарында қалып, мардымсыз жалақыларының өтемін жемқорлық жолмен табуға тырысады [4].

Тағы бір масыл келтірер болсақ, парақорлық үшін АҚШ-та қылмысты қудалауға пара алушылар ғана емес, пара берушілер де жатады. Пара беруде кез келген азамат жауапқа тартылады. АҚШ-та сыбайлас жемқорлық мәселесімен негізінен этика жөніндегі Сенаттың арнаулы комитеті және өкілдер Палатасының лауазымдық тұлғалардың қызметтік тәртібінің стандарты жөніндегі Комитеті айналысады. Басты үйлестіруші ведомство болып Әділет министрлігі бекітілген.

Әділет министрлігінде сыбайлас жемқорлықпен күресумен қылмысты іс басқармасы тікелей айналысады, қылмыстық заңдарды сақтауға бақылауды жүзеге асырады, ашық бизнес және кәсіби одақтарға қосымша кіріс және тиым салынған қызмет түрлерін бүркемелеу үшін ұйымдасқан қылмыстың енуін анықтайды. Сондай-ақ күресте Тексерудің Федеральдық бюросына маңызды рөл берілген [5]. АҚШ–тың көптеген штаттарының қылмыстық кодекстері сыбайлас жемқорлықтың мынадай түрлерін қарастырады:

  • мемлекеттік қызметкер қызмет бабымен байланысты жеке кәсіпорыннан қаржылай пайда табу;
  • мемлекет қызметке біреуді тұрғызуға уәде беріп, сол үшін пара алу; жеке тұлғаға немесе кәсіпорынға банктен қарыз алу, үкімет кепілдік берген депозиттерді алу үшін пара алып ұйымдастыру;
  • Фермерлік борышты ретке келтіргені үшін сыйақы қабылдау;
  • АҚШ құндылықтар немесе пайда табу үшін жалған құжаттарға ие болуы;
  • пошта ведомство ісінде жалған мекен жайлар жеке пайдасы үшін пайдалану және алаяқтық жасау;
  • радио қатынасы және теледидар хабарлары саласында қасақана теріс пайдалану.

Американың заңдары мемлекеттік қызметкердің жанама жалақы табуға шектеу қояды. Жанама жалақы негізгі қызмет жалақысынан 15% аспауы тиіс. Егер мемлекеттік қызметкер қызметте болған кезде өкіметтік лауазымды адам түрінде нақты мәселелерді шешуге қатысса, ал жұмыстан кеткеннен кейін біреудің мүддесін ресми және басқа түрде болсын көздей алмайды. Бұзушылар ақша түрінде айыппұл төлейді немесе 20 жыл бас бостандығынан айырылады [7]. АҚШ сенаторы сонымен қатар оның аппаратында жұмыс істейтін қызметкерлер жеке және заңды тұлғадан сыйлықтарды алуға тиым салған. Сенатордың өз туыстарынан басқа сыйлықтардың да бағасы 300 доллардан аспауы тиіс, ал 75 доллардан аз болса онда ол жарияланбайды. Әдеп туралы заң жеке тұлғаларға іссапар түріндегі сыйлықтарға төлетуге шектеу қойған. Осы шектеулер сенат отбасының мүшелеріне таралады. АҚШ конгресі өкілетті палатасының мүшесіне 1 адамнан 1 жыл бойы 250 доллар салмағында сыйлық алуға болады. Әрбір 3 жыл сайын осы лимит қайтадан қарастырылады. Соның ішінде лауазымды адамдардың әйелдеріне 100 доллар шамасында сыйлық жасаған кезде оны бекітуге тиісті.

АҚШ шетелдік шенеуніктерді параға алуға тыйым салатын «Шетелдік жемқорлыққа қатысты тәжірибе туралы» 1977 жылы заң қабылдаған тұңғыш ел болды.

Қорыта келгенде ататынымыз, сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында шет мемлекеттердің жетістікке жеткізген тәжірибесін бөлісіп, Қытайдың алған парасының көлеміне қарай бас бостандығынан айыру; Сингапурдың мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы жеке секторларда табысты жұмыс істеп жүрген тұлғалардың орташа еңбекақысы көлемінде есептеуді; мемлекеттік лауазымдық тұлғалардың мүлкі, активтері, қарыздары туралы жыл сайын тексеруші есеп жүргізуді; сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы хабарлаған адамдар жайлы құпия ақпараттарды қатаң сақтау; шенеуніктерді алмастыру, «кездейсоқ сан әдісі бойынша» жоспарланбаған тексерулер жүргізу; АҚШ-тың мемлекет қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалардан сыйлық алуына тиым салу. Міне, осы озық тәжірибелерді мемлекетімізде қолданысқа енгізсек, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың санын азайтып, экономикамыз бұдан да әрі көркейер ме еді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Максимов С.В. Коррупция. Закон. Ответственность. Москва: 2000.
  1. Жандарбеков Р. Жемқорлықпен күрес ешқашан бәсеңдемейді //Арқа Ажары. № 8. 2008.
  2. Россия и коррупция: кто кого? Международный опыт борьбы с     коррупцией: от неудач Китая до успехов Израиля (из аналитического  доклада Фонда “Информатика для демократии”). //Чистые руки. – 1999.
  3. Роуз-Аккерман С. Коррупция и государство. Москва: «Логос», 2003.
  1. Қапаров С.Ғ. Мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмаудың ұлттық жүйесін құру. Дөңгелек үстелдің ақпараты «Құқық қорғау органдары, прокурорлар, судъялар және өзге де тиісті лауазымды тұлғалар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі мамандырылған семинар бағдарламасы. //www.apa.kz 28.01-01.02. 2008ж.
  2. Коррупция в Казахстане (сущность, проблемы, предупрежддение) //Материалы международной научно-практической конференции. Астана: Акмолинская полиграфия, 1999.
  1. Бондаренко С.В. Коррумпированные общества. – Ростов-на-Дону: «Росиздат», 2002,

 

Есбосынова Л.А.

Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті «Заңтану» мамандығының 1 курс  магистранты

12
скачать работу

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күресудегі құқықтық реттеу механизмдері (Шет мемлекеттер тәжірибесін зерттеу мен Қазақстанда енгізу мәселелері)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ