Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Меншікке салынатын салықтар: жер салығы

p;    Үй іргесіндегі жер учаскелеріне мынадай базалық салық ставкалары бойынша салық салынуға тиіс:

1) Астана, Алматы қалалары немесе облыстық маңызы бар қалалар үшін:

- көлемі 1000 шаршы метрге дейін қоса алғандөқа – 1 шаршы метр үшін 0,20 теңге;

- көлемі 1000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метр үшін 6,00 теңге.

         Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метр үшін 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.

         Мысалы, қала тұрғыны 1200 шаршы метр үй іргесіндегі жер учаскесіне жер салығын төмендегіше есептеп төлейді:

         1000*0,20 теңге =200 теңге

         200*6 теңге =1200 теңге

         Сонымен, 1200 шаршы метр үй іргесіндегі жерге азамат 1 жылға 1400 теңге жер салығын төлейді.

2) Басқа елді мекендер үшін:

- көлемі 5000 шаршы метрге дейін қоса алғандөқа – 1 шаршы метр үшін 0,20 теңге;

- көлемі 5000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метр үшін 1,00 теңге.

         Ал басқа елді мекендегі жеке тұлғалар үй іргесіндегі жерлеріне бұдан біршама төмен салық төлейді, яғни аудандық маңызы бар қала, мысалы, Қазалы қаласының тұрғынының 7000 шаршы метр үй іргесіндегі жері болатын болса, салық төмендегідей есептеледі:

         5000*0,20=1000 теңге

         200*6 теңге=1200 теңге

         Барлығы: 1000+2000=3000 теңге салық төлейді.

         6.2.6. Салық ставкаларын түзету

         Жергілікті өкілді органдар ҚР жер заңдарына сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлерге бөлу жобалары негізінде жер салығының ставкаларын белгіленген жер салығының базалық ставкаларынан 50%-тен аспайтындай етіп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.

         Мынадай төлеушілер салықты есептеген кезде тиісті ставкаларға 0,1 коэффициенті қолданады:

1)                 Балалардың сауықтыру мекемелері, мемлекеттік табиғи қорықтар (биосфералық қорықтарды  қоса алғанда), мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік ұлттық табиғат парктері, мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық парктер, мемлекеттік дендрологиялық парктер;

2)     Коммерциялық емес ұйымдар;

3)     Қызметінің негізгі түрі ормандардың өртке қарсы құрылғысы, өртке қарсы, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту, және ормандардың экологиялық әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;

4)     Балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар;

5)     әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;

6)     психоневрологиялық және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу -өндірістік кәсіпорындары;

Осы жер салығын төлеушілер жер учаскесін не оның бір бөлігін жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру не коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезінде салықты 0,1 коэфицентті қолданбай, жалпы белгіленген тәртіппен есептейді.

 

6.2.7. Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі   

Жер салығын есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. Жер салығы салық төлеушіге жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі.

Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне сәйкес есептеледі.

Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді. Заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті. Ағымдағы төлемдерді ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленуге тиіс.

Жыл ішінде жер салығын есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезде салық төлеушілер салық міндеттемелері туындаған күннен бастап 30 күн ішінде салық органдарына табыс етуге тиіс.

Жеке тұлғалар төлеуге жататын жер салығын есептеуді салық органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктірмей жүргізіледі.

Жеке тұлғалар бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлейді.

Жер салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі болып күнтізбелік жыл табылады.

Жер салығын төлеушілер осы салық бойынша декларацияны есеп берілетін жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық салу объектілері орналасқан жерлері бойынша салық органдарына табыс етеді.

Салық төлеуші салық кезеңінде декларация табыс ету мерзімі басталғаннан кейін 10 күн мерзімнен кешіктірмей біржолата есеп айырысуды жүргізіп, жер салығын төлейді.

 

ТҮЙІН

Жер салығы – бұл жерді пайдалануға ақы төлеу нысаны. Оның мақсаты – экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамсыз ету және жерді сақтау, құнарлылығын арттыру, аумақтардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды жүзеге асыру үшін бюджетке түсетін табыстарды құрау.

Жер салығының ерекшелігі сол, салық мөлшеріжер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижесіне байланысты болмайды.

Жерге салық салу бонитет балына жүзеге асырылады.

Бонитет балы  - топырақтың табиғи құнарлылығы мен сапасын бағалау, ол жер учаскесінің орналасқан жеріне, сумен қамтамасыз етілуіне, кірме жолдарға қолайлығына байланысты.

Жер салығын белгілеу мен алу үшін негіз болып жер учаскесіне меншік, иелену немесе пайдалану құқығын куәландыратын құжат табылады.

Жер салығы салық салынатын жер учаскесінің алаңына және жер салығының бекітілген ставкаларына сәйкес есептеледі.

Жер салығының ставкалары жергілікті мемлекеттік билік органдарымен түрлі құндылықтардағы аумақтар бойынша сараланатын Салық кодексімен белгіленген орташа ставкаларға сәйкес бекітіледі.

Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді.

Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне сәйкес есептеледі.

Заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті. Ағымдағы төлемдерді ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленуге тиіс.

Жер салығын төлеушілер осы салық бойынша декларацияны есеп берілетін жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық салу объектілері орналасқан жерлері бойынша салық органдарына табыс етеді.

Жеке тұлғалар бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлейді.

 

Өзіндік жұмыс үшін сұрақтар мен тапсырмалар

 Тест сұрақтары

1.  Жер салығын төлемейтіндерге кімдер жатады:

а) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар

б) жер салығын төлеушілер

с) діни бірлестіктер

д) резидент-заңды тұлғалар

е) кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын жеке тұлғалар

2.  Жердің қандай санаттары салық салуға жатады:

а) орман қорының жерлері

б) ерекше қорғалатын жерлер

с) су қорының жерлері

д) запастағы жерлер;

е) елді мекенді жерлер

3.  Жерге салық салу қағидалары:

а) жер салығының мөлшері шаруашылық қызметтің нәтижелеріне байланысты

б) жер салығының негізі болып жер учаскесінің нарықтық құны табылады

с) жер салығының негізі болып жер учаскесінің бағалау құны табылады

д) жер салығының мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасқан орнана және сумен қамтылуына байланысты

е) жер салығының мөлшері қаржылық нәтижелерге байланысты

4. Жергілікті өкілетті органдарының келесі құқықтары бар:

а) жер салығының базалық ставкаларын 10%-ке төмендетуге

б) жер салығының базалық ставкаларын 10%-ке жоғарлатуға

с) жер салығының базалық ставкаларын 10%-ке төмендетуге немесе жоғарлатуға

д) жер салығының базалық ставкаларын 20%-ке төмендетуге

е) жер салығының базалық ставкаларын 50%-ке төмендетуге немесе жоғарлатуға

5.  ҚР салық заңдарына байланысты жер салығының мөлшерін анықтау:

а) жер учаскесінің сапасына байланысты және шаруашылық қызметінің нәтижесіне тәуелді

б) жер учаскесінің сапасына байланысты және шаруашылық қызметінің нәтижесіне тәуелсіз

с) жер учаскесінің орналасқан орнына және сумен қамытылуына байланысты

д) жер учаскесінің бағалану құнына байланысты

е) жер салығының мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасқан орнына және сумен қамтылуына байланысты және шаруашыл

1234
скачать работу

Меншікке салынатын салықтар: жер салығы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ