Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Меншікке салынатын салықтар: жер салығы

2.2. Елді мекен жерлеріне салынатын салық

         Қалалық жергілікті өкімет органдарының қарауындағы қала мен поселке шегі шеңберінде орналасқан бүкіл жер қалалар мен поселкелердің жеріне жатады.

         Селолық (ауылдық) елді мекендердің жеріне осы мекендерге арналып жерге орналастыру тәртібі бойынша белгіленген шегі шеңберіндегі барлық жерлер жатады.

         Елді мекеннің жерлері салық салу мақсаты үшін екі топқа бөлінген:

1.      Тұрғын үй қоры, о.і. олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, елді мекен жерлері;

2.      Тұрғын үй қоры, о.і. олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер;

         Елді мекендердің (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) жерлеріне салынатын салықтың базалық ставкалары бір шаршы метр алаңға есептеліп мынадай мөлшерде белгіленеді:

Кесте 6.3. Елді мекен жерлеріне салынатын салық ставкалары

 

 

         Мәселен, Қызылорда қаласында елді мекен жерлері үшін, тұрғын үй қоры, олардың іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, жер салығының ставкасы 1 шаршы метрге 8,68 теңгені құрайды, басқа да аудандық маңызы бар қалалар – Арал және Қазалыға – облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 75 пайызына 6,51 теңгеге (8,68 теңге х 0,75) тең.

         Мысалы, «Қазақзергер» АҚ Қызылордадағы бөлімшесінің меншік құқығында Қызылорда қаласында алаңы 47 м2 дүкен тиесілі. Бұл жағдайда жер салығының сомасы 408 теңгені (47 м2x 8,68) құрайды, мұндағы, 47 – жер учаскесінің көлемі, м2;

         8,68 – елді мекен жерлері үшін, тұрғын үй қоры, олардың іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкасы, теңгем2.

         Аудандық маңызы бар қалада, мысалы, Арал қаласында заңды тұлғалардың 5500 м2 жерге офисі орналасқан. Жоғарыда салық ставкасында облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 75 % деп берілген, яғни 8,68 х 75 %= 6,51 теңге, сонда салық сомасы.

         5500 м2х 6,51 теңге=35805 теңге мөлшерінде төленеді. Заңды тұлға бұл соманы тең үлеспен 4 рет бөліп төлейді, сонда тоқсанына 8951,3 теңгеден төлеп отырады.

         Қызылорда қаласында тұрғын үй қоры, олардың іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге жер салығының ставкасы 1 шаршы метрге 0,96 теңгені құрайды, басқа да аудандық маңызы бар қалалар – Арал және Қазалыға – салық ставкасы -0,19 теңге.

         Мысалы, Қызылорда қаласы тұрғынының 500 шаршы метр жерін тұрғын үй қоры, оның іргесіндегі ғимараттар алып жатыр. Осы жерге салық төмендегіше есептеледі:

         500 шаршы метр * 0,58 тң=290 теңге салық төленеді.

         Ал егер тұрғын үй ауылда орналасқан болса, онда 1000 шаршы метр жерін тұрғын үй қоры мен іргесіндегі ғимараттар алып жатқан жерлерге салық:

         1000 шаршы метр * 0,09=90 теңге мөлшерінде салық салынады.

        6.2.3.  Өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық

         Базалық салық ставкалары елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне 1 гектарға есептеліп, бонитет балына бара-бар мынадай мөлшерде белгіленеді:

Кесте 6.4. Өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары

 

         Мысалы, «Қазақмыс» корпорациясының материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасының қоймалары Жезқазған қаласы шегінен тыс өнеркәсіп жерлерінде орналасқан. Қоймалардың жалпы көлемі 8,1 га құрайды. Топырақтың орташа бонитет балы 10 балға тең.

         Бюджетке төленуі тиіс салық сомасы (8,1 га * 482,5 теңгега), мұндағы 8,1 – жер учаскесінің көлемі, га.

         482,5 – 10 бонитет балына тең елді мекен жерінен тыс орналасқан өнекәсіп жерлеріне жер салығының базалық ставкасы, теңгега.

         Егер осы қоймалар елді мекен жерлері шегінде орналасқан болса, онда салық төмендегіше есептеледі:

         ((8,1 га * 10000) * 8,2 теңгем2), мұндағы, 10000 – га-дан м2-ге көшу үшін ауыстыру коэффициенті;

         8,2 – Жезқазған қаласына елді мекен жерлері үшін, тұрғын үй қоры, олардың іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкасы, теңгем2.

 

         6.2.4. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары және базарлар орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық

         Елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары орналасқан жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша 10 есе ұлғайтылған салық салынуы тиіс.

         Елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары орналасқан жерлеріне базалық ставкалар салықты есептеу кезінде қолданылатын елді мекенді жергілікті өкілді орган белгілейді.

         Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы кемітілуі мүмкін, бірақ ол елді мекен жерлеріне белгіленген ставкалардан кем болмауға тиіс.

         Жергілікті атқарушы орган белгіленген сауда орындары тікелей орналасқан елді мекеннің базарлар аумағында бөлінген жерлеріне елді мекен жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша 10 есе ұлғайтылған салық салынуы тиіс.

         Базарларға қызмет көрсету өңірлері алып жатқан өзге де базар аумағына жоғарыдағы тәртіп бойынша салық салынады.

         Мысалы, «Тұлпар» ӨК-нің иелігінде жалпы көлемі 160 м2 автотұрақ бар. Автотұрақ Қызылорда қаласында орналасқан.

         Бюджетке төленуі тиіс салық сомасы 13888 теңгені ((160 м2x 8,68) х10) құрайды, мұндағы, 160 -  жер учаскесінің көлемі, м2.

         8,68 – елді мекен жерлері үшін, тұрғын үй қоры, олардың іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкасы, теңгем2;

         10 – Салық кодексінің 337 бабының 2 тармағының 1 тармақшасына сәйкес жер салығының ставкасын өсіру саны.

         Мал сату жөніндегі базарларға жер салығы елді мекен жерлеріне белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.       

         6.2.5. Жеке тұлғалардың жер учаскелеріне салық салу ерекшеліктері

         Жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шарушылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге, базалық салық ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:

-         көлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда – 0,01 гектар үшін 20 теңге;

-         көлемі 0,50 гектардан асатын алаңға – 0,01 гектар үшін 100теңге.

         Мысалы, жеке тұлғаға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден саяжай құрылысын жүргізу үшін 1 гектардан жер беріледі. Жеке тұлғалардың жерлері көбінесе сотықпен есептелгендіктен 1 гектарды сотыққа, яғни 100 сотық деп аламыз. Сонда жеке тұлғаның 50 сотыққа дейінгі жерінің әр бір сотығына 20 теңгеден, 50 сотықтан асқанына - әр 1 сотығына 100 теңгеден есептеу қажет. Сонда 1 га не 100 сотық жерге жер салығы төмендегіше есептелінеді:

         50 сотық * 20 теңге=1000 теңге

         50 сотық * 100 теңге=6000 теңге

         сонымен жеке тұлға 100 сотық жеріне 6000  теңге жер салығын төлеуге тиіс.

         Мысалы, жеке тұлғаның «Арай» ӨК-інде бағбандық жүргізуге арналған 0,12 га жер учаскесі бар.

         Бюджетке төленуге жататын жер салығының сомасы 240 теңге (0,12 га * 20 теңге),01 га),

         Мұндағы,

      &

1234
скачать работу

Меншікке салынатын салықтар: жер салығы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ