Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Меркі - түркілердің ежелгі мекені

ұның көрінісін де Меркі жері көрді, халқы басынан өткізді. Соның елеулісі, жүректі сыздатып ауыртатыны—қоңсы жатқан қырғыз бауырлардың жоңғарлардан тазартылған жерге ентелей еніп, билік жүргізгені. Бұл туралы қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов былай жазды: «Қазақтардың ендігі жауы Түркістанды, Созақты, Сайрамды, Шу мен Ташкенттің арасындағы және басқа да қалаларды қазақ сұлтандарынан тартып алып қойған қу қырғыздар еді.1770 жылы Абылай қырғыздарға аттанды.. Бұл жайында «Жайыл қырғыны» атты аңыз күні бүгінге дейін бар». Қазақ ханының қырғыздарға аттанбасына амалы қалмаған еді.Алғаш жоңғардай алпауыттың түбіне жетіп, жайпаған қазақ ханы да, батырлары да жаудан қанмен босатылған жерге қоңсы отырған, кейде ортақ жауына бірге аттанған қырғыздардың отарлауы, барымталап малын айдап, әйелін күң ете бастауы шын мәнінде ойламаған жағдай еді. Ағайынгершілікке шақырды.Бұл істеІленің бойынан келіп Меркі өңірін жайлай бастаған Дулаттың Ботпай баласының ру басылары тілдерінен шырын, бәтуалы сөздерін тамызып айтып бақты. Алайда қырғыздар сөзге тоқтамай,«батыр болсаң, шайқасқа шық! Бос жатқан жеріңді бізден аясаңдар, қанға бөктірейік!» деп доқ көрсетумен болды. Бұл кезде жас құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан қораластың жас жолбарысы Жауғашты ру көсемдері Арқада жатқан Абылай ханға дұғай сәлем айтып, көмек шақыруға жібереді.

Хан Абылай алғаш Жауғаштың айтқанына айтарлықтай мән бермейді. Бірақ жас жолбарыс хан ауылынан алыстамай, ел ағаларына мәнжайды түсіндіріп, ортаға соларды салады. Ақыры хан әскеріне атқа қонуға бұйрық береді. 1770 жылдың көктемінде Абылай ханның сарбаздары ат басын Тәшкенге тірейді. Меркіге дейінгі жол бойы қырғыздарды тықсырып, Қорағаты өзенінің жағасына келіп шатырын тігеді. Бұл кезде Құлан да, Меркі де қырғыздардың қол астында болатын. Бұл туралы Белек Солтанаевтың «Қызыл қырғыз тарихы» атты кітабінің екінші томында былай деп жазған: Көктемде Абылай Тәшкеннен келіп, Меркінің батыс жағында Қорағаты өзенінде Түйіскен деген жерде қолымен жетіп, тоқтаған соң «қырғыздың жауабын алып кел!» дейді Ханнан бұйрық алған Жауғаш солты руының қырғыздары Жайыл мен Момақанға сөйлесіп, олармен келісе алмай, көңілі бұзылып қайтқан... Жауғаш қырғыздың келіспегенін айтқан соң Абылай Меркінің жанындағы Мөңкенің Ақшиіне туын тігіп, солтыға шабуыл жасаған. Бейқам жатқан солтылар жан аямай соғысса да жеңіліп, ұрыс кезінде Жайыл батыр. Теке және Итеке деген үш баласымен қазақтардың қолына түскен» «Бейқам жатқан солтылар» дегені болмаса, шыны осылай. Бейқам жатса сотыларға көмекке қырғыздың қубілек, қолпаш руларының сарбаздары Меркіге қарай асықпаған болар еді Оларды да және өзгелерін де жеңген қазақтар ру басылары мен батырларын Үш Қайыңдыға жинаған. Бұл жеңіске Олжабай, Байғозы, Жарылғап, Жәнібек бастаған Арқа батырларымен бірге Қойкелді, Бердіқожа, Өтеген, Сәмен, Рысбек, Мәмбет, Жауғаш, тағы да басқа түстік батырлары ерекше ерліктерімен үлес қосты. Кейбір деректерге сенсек бұл шайқаска Қабанбай, Бөгенбай, Саңырык,, Елшібек батырлар да қатысқан сияқгы. Осылардың ерен ерліктерінің нәтижесінде қазақтарға әбден тізесі батқан Садырхан бастаған қырғыз батырлары мен көсемдері де тұтқынға түскен болатын. Аңыз бойынша қазақ жерін жаулап алып,  бас көтергендерінің басын шауып, құрыққа  ілген Садыр алдымен дарға асылады.

Абылайдың осы жорығынан кейін ғана қырғыздар аяғын тартып, Алатаудан бері аспады. Бірақ жергілікті мәні бар шайқастар мен барымталар ұзақ жылдар бойы тоқтамады. Оған дәлел 1785 жылы шанышқылы Бердіқожа батыр тыныш өмір сүрмеген қырғыздарға көп әскермен және қытайлардың көмегімен шапқаны жөнінде орыс тарихшылары жазып жүр. Дегенмен де бір нәрсенің басы артық, ол—қазақ пен қырғыздың ынтымағын, достастығын нығайтуда Меркі өңірі де, оның азаматтары да шешуші рөл атқарды. Жоғарыда айтылған «Жайыл қырғыны» кезінде де Абылайдың қаһарынан қаймықпай Жайыл батырдың ұрпағын, қазақ пен қырғыздың достығын сақтап қалуға Жауғаш батыр үлкен үлес қосқаны тарихтан белгілі. Осы дәстүр Абылайдың немересі Кенесары кезінде де жалғасын тапты, Бұл жолы Сыпатай батыр ерекше жарқылдады. Бұл кезде заман да, заң да өзгеше еді. Тап осы жылдары қазақ орыс империясының бұғауына түскен, одан бұлқынып еркіндік таңына ұмтылған Кенесары сияқты тұлға тәуелсіздік туын тігу жолдарын іздеп бақты. Арқада аласұрып, орыс бекіністеріне шабуылдағанымен одан ешнәрсе өнбеді. Жаппай қолдау таппаған, қаруы мылтықтан аспаған қазақтардың Кенесары бастаған батыл шоғыры оңтүстікке қарай ойысқаны тарихтан белгілі. Ол кезде де бұл өңір өзгенің езгісінде болғанымен анау айтқандай отаршылдықтың ащы дәмін тата қоймаған болатын. Қоқаңдаған Қоқанға да салым төлеп, өздерінше өмір сүріп жатқан.

Кенесары алғаш Іле бойын жағалағанымен өзінің бастапқы ішкі ойын жүзеге асыру үшін қырғыздарға жақындай түсті. Ол үшін Ұлы жүздің ең көп тараған Дулаттың ұрпақтарына шақырту жіберді. Олар көп күттірмей-ақ «Хан ием» деп бас иіп келіп сәлем берді. Ел арасындағы аңызға құлақ турсек, бәленің басы осы сәлем беруден басталса керек. Хан ордасына кірген Байзақ, Құдайберген датқаларға, Сыпатай мен Аидас батырларға хан жүзін бермей, сәлемдерін қолының ұшымен ғана алып, аса үлкен тәкаппарлық танытса керек. Сөз жараспаған соң іс оңсын ба?! Сонымен бірге шақырту алған қырғыздар «тұрысатын жеріңді белгілей бер» дегендей үнсіз қала берді. Қаһарына мінген Кенесары қырғыздарды өзіне тәуелді етудің ұтымды жолдарын іздестірді. Осы орайда Әбіш Кекілбаев «Талайғы Тараз» кітабінде былай дейді: « Хан алдына қол қусырып кіріп-шыққан ешкім болмады. Күдер үзген Кенесары Меркіні шауып, сол арадан асу асып, қырғыздар арасына дендеп кіріпті». Осыған қарағанда сол жылдары қырғыздың иелігінде болған сияқты. Алайда өлкетанушылар Әбіш Кекілбаевтың бұл пікірімен келісе бермейді. Ол кезде Меркіні дулаттың ботпай ұрпақтары мекендейтін. Олар Қоқан хандығына тек салық қана төлеп тұратын дегенді алға тартады. Не десек те Кенесары жеңіске жету үшін күш қолдану қажет деп шешкен. Сондықтан да алдымен ол күшпен қырғыздарды көгендей бастады.Олар оған да көнбеді. Жан аямай шайқас салып, Кенесарыға қыр көрсетіп, барымтаны күшейтті. Кенесары да қарап жатпады қырғыздың беделді билерінің, батырларының ауылын қатыгездікпен шаба бастады. Осы кезде Сыпатай батыр хан алдына келіп, қатыгездікті жүзегеасыру жағдайды қиындататынын айтып бақты. Сонымен бірге қоңсы отырған екі ел құда- құдандалы екенін, сондықтан да қарамағындағы батырлар қырғыздармен шайқас алаңына шығатыны шамалы екенін ашық айтты. Хан бетін қайтара алмаған батыр ауылына аса қапаланып қайтты. Ханның ісі де оңбады. Жергілікті халықтан толық қолдау болмағанын түсінген ханның қапаланатын жөні бар еді. Бұл кезде астыртын жұмыс жүргізген орыстар да мысық табанданып, жақындап қалған еді. 1846 жыл Кенесары қолы мен артынан ерген жұрты үшін аса ауыр болды. Қырғыздар малын барымталап, ауылдарына шапқанды қоймаса, жергілікті халықтың батырлары мен ру басылары үнсіз жатып алды. Қатарлары сиреп, артынан ерген батырларының арасында алауыздық іріткі сала бастады. Осындай күндердің бірінде казақ ханының ордасын ойламаған жерден шапқан қырғыздар дегеніне жетіп, Кенесары мен Наурызбайды, Ержан сұлтанды және басқаларды тұтқындады. Ағыбай бастаған аз ғана топ Арқаны бетке алды, Ол күйік пен ұяттан біразға дейін бойын көтөре алмай, елге Көкшенің жерін Арқаның түстігіндегі Қулы, Мұңлы, Айғыр ұшқан, Тайатқан шұнақ, Қызылтауға, яғни Балқаш көлінің батыс жағындағы аз ғана адырлы, тақырға айырбастап, өзге өлкеде қалып қойды. Меркінің киелі жерін басқан осындай ұлы тұлғалар уақыт өткен сайын ел есінен алыстай бастаған.

Арқадан келгөн адуын қазақтарды сабасына түсіргеннен кейін де Меркі жері тыныштық көрмеді.  Қоқан хандығы Меркіні қайтадан әскери қамал ретінде нығайтуға күш салды. «Осы жерді мекен етеміз» деген Жауғаш батырдың бауырлары Меркіге толық, билік құра алмады. Алайда бұл кезде Ресей қазақ, қырғыз жеріне сығалай кіру жоспарын жүзеге асыра бастаған болатын. Алматыны алған орыс әскерлері Ұзынағаштан өтіп, Тоқмақты құрықтады. Одан соң Меркіге ауыз сала бастады. Бұл кезде Аспара төмпешік болып, өткен күннің тарихын ішіне бүгіп жатқан болатын.

1860 жылы орыс империясының полковнигі Циммерман бастаған отаршылдар қырғыз жеріне қанды жорығын бастады. Сол жылы тамыз айында Меркінің жанындағы Тоқмақты алған ол енді Бішкекке қарай жортты, Осы кезде подполковник Колпаковский бастаған орыс әскері Ұзынағашта қоқан сарбаздарына қатты тойтарыс берді. Ал полковник Черняев Қоқан хандығының қарамағында болған Созақты, Шолаққорған мен Шымкентті басып алып, Әулиеатаға туын тігуге ұмтылды.Черняев алдымен Құланды алып. Циммерман әскерімен Меркіде 1864 жылдың 24 мамырында түйісті. Орыс әскерінің арасында Шоқан Уәлиханов та бар еді.  Ол Алатаудың бөктерінде орналасқан Меркі өңірініңтыныс тіршілігімен танысты. Сонымен бірге ол төренің ұрпағы ретінде қырғыз-қазақ арасында жылдар бойы шешілмей келген дау-дамайды шешуде бас би болып, әділ шешім қабылдағанын М. Черняев жоғары жаққа жолдаған хатында тәптіштеп жазыпты. Сол кезде отаршылдар қатарында болған орыс әскері М.Знаменский Меркі бекінісінің суретін салса, ғалым-зоолог Н. Сверцев өз мамандығы бойынша зерттеу жұмысын жүргізді. Соған қарағанда, ХІХғасырда да Меркінің бағы таймағанын, шетелдіктерді таңғалтыратын көрінісі болса керек. Есесіне орта ғасырдың осы өңірдегі ең ірі қамал-каласы болған.Аспара туралы ауыз ашпайды.Осыдан-ақ Аспара тарих аренасынан кеткенін, оның күні өткенін аңғаруға болады...

Меркі тарихының сахнасына Жауғаш, Андас, Сыпатай сынды тұлғалардыңжасампаз ісін жалғастырып, осы өңірге өзгеше, атап айтқанда.Бостандық,Тәуелсіздік лебін әкелген Тұрар Рысқұлов пен Ақкөз Қосановтыңшығатынкүні әлі алда еді.

123
скачать работу

Меркі - түркілердің ежелгі мекені

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ