Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Монополияның мәнi

әдеттен шаруашылықта, қоғамда кездеседi – монополия – жеке өзi сатып алушының  нарқы. Кейбiр экономиканың маңызды секторын  қолдау саясатында, мысалы, ауыл – шаруашылық өнiмiн  мемлекет өзi сатып алады.

Екi жақты монополия – белгiлi бiр нарықта тауарды әкелiп сатушы мен бiрiккен сатып алушылардың қарсыласуы.

Капиталистiк экономиканы монополияндыру өндiрiстiк ғылыми – техникалық  прогресстiң  ықпалымен шоғырландырудың нәтижесiнде. Бiрақ, кейiнгi уақытта ғылыми- тхникалық революция басқа да үрдiс (тенденция) туындырды – ол шағын және орташа техникалық жоғарғы класстық кәсiпорындардың ролiн жоғарлату. Дамыған елдерде шаруашылықтың 70-80% шағын және орташа кәсiпорындар құрайды. Америка Құрама Штатында «Шағын бизнесті»  ұлттық өнiмнiң жартысына жақынын өндiредi. Жаңа технология мұнда өндiрiсте тез және көп енгiзiледi, қолданылады. Қазақстан Республикасында да қазiргi уақытта шағын және орташа кәсiпорын құруға молынан мүмкiншiлiк берiлiп отыр.

Монополия бәсекелiктi жоймайды, тек тәсiлдерiн өзгертедi. Жетiлмеген бәсекелiк болады, егер тек бiрнеше iрi кәсiпорындар белгiлi бiр арнайлы тауарларды сол қалыптасқан бағамен ұсынады, сатады. Жетiлмеген бәсекелiктiң үш түрi болады; а) монополия; б) олигополия; в) өнiмдi  дифференциялау.

Өнiмдi дифференциялау дегенiмiз- әрбiр тауардың орнын басарлық, оның бәсекелігiнде болатын басқа тауар –субститут барлығы.

Жалпы бұрынғы бытыраңқы, еркiн бәсекенiң орнына жекелеген салалардың, ұлттық шаруашылықтың шеңберiнде және бүкiл дүниежүзiлiк шаруашылық көлемiнде  монополиялардың арасындағы бәсекелiк орналасады. Оның негiзгi  мақсаты – басқаларға қарағанда пайданы көбiрек табу.

Қазiргi уақытта бәсеке күресi дүниежүзiлiк  нарықта айрықша шиеленесуде. Мысалы, АҚШ-пен Жапония арасы. Монополизмдібәсекелiк күрестiң жаңа әдiстерi пайда болуда. Монополизмге дейiн бағалық бәсеке болды, яғни бәсекелiктiң бағасынан гөрi төмен  баға қою  арқылы бағаны түсiрiп, оны   нарықтан    ағыстыру. Бұл монополизм уақытында сирек болатын құбылыс. Ендi монополиялар тәуекелдiгiнен бағаны өзгерткеннен гөрi өндiрiстiк қуаттардың өнiм шығаруын азайтып,не көбейтiп  амал қолданылады. Тiптi дағдарыстар кезiнде де бағалар бiршама тұрақты күйiнде қалады да, экономикалық өрлеулер кезеңiнде артады.

Бірақ, баға бәсекесі мүлдем болмайды деген сөз емес. Ол көбінесе, жасырын түрде болады, яғни өнім нарық құжаттарында жарияланған бағалардан біршама төмен бағамен өткізіледі.

Монополистік бәсекеде өнімнің сапасын арттырудың, сатып алушыларға кепілдіктер беріп, қызмет көрсетудің маңызы арта түсуде. Бұл ғылымиө техникалық прогреспен обьетивті түрде байланысты. Оның іс - қарқыны олардың бәсекелік қабілетінің шешуші шарты

Әр алуан жаңалықтар енгізулі бәсекелік күресте аса күшті қару болып отыр.

Бәсекелеліктің түрлері.

  1. Сала ішіндегі бәсекеге шетел монополиялары да қатысып, ерекше шиеленіседі.
  2. Салааралық бәсеке күрес жойылмайды, өршеленеді. Мысалы, «тұтынушылардың доллары үшін» және капиталды пайда аз беретін саладан, оны көп жоғары беретін салада пайдалану үшін.
  3. Монополиялар «бөгде – аутсайдер» деп аталатын, яғни моноподық бірлестікке кірмеген кәсіпорындармен үнемі күресте болады. Күрестің айлалы, жауыздық әдістерге толы көптеген түрлерін қолдана отырып, «бөгделерді құртып жібереді»
  4. Орта пайда алу мақсатындағы бәсеке күресімен қатар үстем пайда үшін күрес тоқталмайды.
  5. Бәсеке ұлттық нарықта ғана емес әлемдік нарықта болады.
  6. Монополиялардың бірімен бірінің күресі әрдайым қауіпті сипатта болады. Бір саладағы монополиялар, саланы бүтіндей қожалығына айналдыру, тек өз үстемдігін жүргізу үшін күреседі.

Монополистік шаруашылықтағы бәсекенің мәні - монополдық үстеме жоғары пайда түсіру. Монополиялардың өзара бәсекелестіктің түрлері бірнеше: қарсылсушыны шикізатсыз, өткізетін нарықсыз, несиесіз қалдыру. Қарсыласушы жұтағанша бағаны төмендету, сосын қайтадан көтеру. Бәсекелесушінің кәсіпорын өртеп жіберу, мамандарды өзіне тарту, қаржыдан жайсыздандыру, үкімет тапсырмасы үшін күрес, тағы басқа.

 Монополия экономикалық тұрғыдан өзінің үстемдігін монополиялық бағада монополиялық пайдада жүзеге асырады.

Монополиялардың қолына орасан зор күш-қуат жинақталу арқасында, олар ішкі салалық бәсекені тежей алады және өз өніміне қойылатын баға жөнінде нарыққа белгілі бір шекке дейін өз дегенін орындаттыра алады.

Монополиялық баға дегеніміз - монополияның жеке дара немесе көбінде басқа концерндермен мәмілесіп қоятын бағасы. Әдетте, бұл бағалар тауардың нақтылы құнынан да және өндіріс бағаларынан да жоғары болып келеді, ал қоғамдық құнынан төмен болады.

Монополиялық баға екі түрде болады.

Біріншісі – монополиялық жоғары баға. Бұл жоғарғы бағамен монополиялық кәсіпорын өзі ғана өндіріп, өзі белгілеген жоғарғы бағамен сатады. Бұл тауарды басқа кәсіпорындар өндірмейді. Сондықтан тұтынушылар, оның бағасы жоғары болса да, алуға мәжбүр болады.

Екіншісі – монополиялық төменгі баға. Бұл тауарларды өндіруге қажетті материалдардың, шикізаттың, бөлшектердің бағасы. Оны сатушылар шағын кәсіпорындар, ал сатып алушылар тек бір-екі монополиялық кәсіпорындар. Олар, осы жағдайды пайдаланып, төмен бағамен өздеріне керекті материалдарды алады. Ал бұлар алмаса, сатушылардың заттары өтпей қалады. Ол өндірістің тоқтауына апарады.

Монополиялық бағалар дәрежесіне сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынастары әсер етеді. Алайда, монополистер сұраныс төмендеп кеткен жағдайдың өзінде де тауарлардың бағасын жоғары ұстай алады. Өйткені, бағаның тиісті дәрежесі келісім- шарт жасау арқылы іске асып. Баға қоюдың «Басшылық» жүйесі ең ірі компанияның қолына көшеді. Дегенмен, бұған қауіп төндіретіндер бар- олар келісімге келмеген «бөгде» фирмалар.

Монополиялардың өздері сатып алатын тауарларлың(бөлшектер, шикізат, материалдар) бағасы. әдетте, монополиялық төмен бағалар болады. Бірақ, мұның да шегі бар. Ол мұндай тауарларды сататын шағын кәсіпорындардың капиталдардың ұдайы өндірілуі қамтамасыз етіліп тұруы қажет, яғни бұдан төмен болмауы керек. Алайда монополиялық бағалар да өзгереді. Оның негізі- тауар құнының өзгеруі.

Монополдық пайда – ол монополдық жоғары бағамен тауардың құнының (болмаса тепе-тең баға) айырмасы. Мұнда сатып алушылар өзінің әдеттегі табысының бір бөлігін монополияның пайдасына жібереді. Оның негізі – жолдама жұмысшылардың еңбегімен жасалатын қосымша құн.

Монополдық жоғарғы пайданың жолдары:

  • жұмысшыларға төмен жалақы төлеу, оларға қажетті тауарларды жоғарғы бағамен сату;
  • монополдық кәсіпорындарда еңбек өнімділігін жоғарлату;
  • монополиялардың шетке капитал шығару арқылы сол елдерде өндірілетін құн.

Монополияның әлеуметтік-экономикалық салдары.

  • Көтерме пайданы моноподық кәсіпорындар, өндірілетін тауарлардың сапасын жоғарлатпай – ақ, жоғары монополдық бағамен табады. Ол үшін олар тек бағаның деңгейі туралы келіссе болғаны. Бұл техникалық және басқадай прогресске экономикалық қызықтыруды қолдауы керек еткізбейді, уақытша болса да, мұнда тоқыраулық жағдай туғызады. Бірақ та, күрделі инновация (өндірісті жақсарту) жасайтын тек ірі бизнес.
  • Тауарларға сұранысты көбейту үшін монополиялар өнімінің өндіру көлемін әдейі, жасанды түрде азайтады.
  • Сатылатын тауарларға монополдық жоғары баға қо- инфляция болудың және қарапайым халықтың өмір тұрмысының төмендеуінің басты себебі болып саналады.
  • Монополия белгілі бір өнімді тек өзі ғана сатып алушы болуға тырысады. Кейбір уақытта ол өзі сатып алатын заттарға алуды жасанды түрде азайту арқылы сатушылардың өнім ұсынушы монополдық сұраныстан арттырады. Бұл олардың сататын өнімдеріне монополдық төмен баға қоюға мүмкіндік туғызады. Бұл бағаның деңгейі қоғамдық қажетті еңбек шығынынан төмен болады.
  • Монополия сатылатын және сатып алатын тауарлардың бағаларының айырмашылығының жоғарылай беруіне ықпал жасайды. Оны «бағаның қайшысы» деп атайды. Мұның мәні- ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы өнеркәсіп өнімдерінің бағасынан төмен болуы. Бұл Қазақстанда да орын алады, шаруашылықты индустрияландыру және техникалық қайта қаруландыру кезеңінен бері.

 

Монополияға қарсы – зандар және экономиканы реттеу.

АҚШ – тың монополияға қарсы заңдары барынша жетілдірілген деп есептелінеді, оның бұрыннан келе жатқан тарихы бар. Ол «үш китке», үш негізгі заңдар актілеріне бағындырылған:

  1. Шерман заңы (1890 жыл). Бұл заң сауданы құпия монополияландыруға, бір салада жалғыз үстемдік етуге, баға жөнінде келісімге келуге тыйым салады.
  2. Клейтон заңы (1914 ж) - өткізу саласындағы шектеу іс - әрекеттеріне, баға алалаушылығына ( барлық жағдайда емес, тек күнделікті бәсекенің ерекшелігіне байланысты), бірігудің кейбір түрлеріне тыйым салды.
  3. Робинсон – Пэтмэн заңы (1936 ж) – баға алалаушылығы «баға қайшысы» тағы басқа сауда саласындағы істерді шектеуге тыйым салады.

        1950 жылы Клейтон заңына Селлер- Кефовер түзетуші қабылданды, заңсыз бірігу ұғымы пысықталды. Активистерді сатып алу арқылы бірігуге тыйым салынды. Егер Клейтон заңымен ірі фирмалардыңкөнбеу бірігуінекедергі қойылса, Селлер – Кефовер түзетуді тікелей бірігуді шектейді.

Монополияға қарсы заңдарды жүзеге асрушы мемлекеттік қызметтер екі принципті басшылыққа ала алады. Біріншіден, заңды қатал сақтап отыру, екіншіден «парасаттылық принципін» ұстау. Өйткені көп

1234
скачать работу

Монополияның мәнi

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ