Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мұхаммед Хайдар Дулати

оның Моғолстанға қайтып оралуы кино жолағындай рет-ретімен көз алдыңнан өте береді. Оның ара-арасында Хайдар мырза Жүніс ханнық үш қызының тұрмысқа шығуы, Әмір Темір ұрпақтарының өзара қақтырыстары жайлы да айтып өтеді. Одан кейінгі тарауларда Жүніс ханның ұлы Ахмет ханның өмірі, қалмақтардың шабуы, өзбек-қазақ мәселесі, мырза Әбу Бәкір Дулатимен болған соғысты сипаттауда да шеберлік таныта алған.
Хайдар мырза Сайд ханның өмірі мен жорықтарына да тарау арнаған. Ол не айтса да, қайсы тақырыпты сөз етсе де міндетті түрде баяндап отырған оқиғаға өз көзқарасын білдіріп кетеді.
Сөйтіп, ол Моғолстанның хандары, дулаттан шыққан әмірлері мен бектері, онда өмір сүрген түркі тайпаларының, тыныс-тіршілігі, Әбілхайыр хан негізін салған Дешті Қыпшақ мемлекеті, ханның өзі және ұрпактарының Мәуераннаһрде, сондай-ақ ка¬зак хандары һәм сұлтандарымен жүргізген соғыстары жайлы тәптіштей баяндаған. Хайдар мырзаның бір ерекшелігі ол тек шындықты ғана жазады. Тарихшы ғалымдардың барлығы да Хайдар мырзаның осы бір қасиетіне ерекше мән береді.
Ал екінші дәптердің тарихи-мемуарлық сипаты бар. Мұңда ол өз өрмірбаянын тілге тиек еткен, әрі оны бірінші дәптерден бұрын туындатқан. Мұнда автор өзі көріп куәсі болған, басынан өткен немесе естіген жәйттар мен оқиғаларды қаз-калпында баяндаған.
«Тарихи Рашиди» ұзақ жылдар бойы колжазба күйінде калып келгендігіне қарамастан, тарихи деректердің нақтылығы, дәйектілігі, айқындылығы мен шынайылығына орай Үнді, Пәкістан, Ауғанстан, Иран һәм Орта Азияның ғана емес, сондай-ақ Ресей, Еуропа елдері ғалымдарының назарында аударумен келеді.
Шоқан Уалиханов (1835—1865) Хайдар мырза еңбегін зерделей оқып, құрметпен қараса, В. В. Вельяминов-Зернов (1830— 1904) Хайдар мырзанын қазақтар туралы деректеріне қатты мән бере келе: «Мұхммед Хайдардың жазғандарының барлығы дерлік — жаңалық және мейлінше қызғылықты. Әңгімелері қай жағынан қарағанда да үйлесімді және жауапкершілігімен ерекшеленеді»,—дейді. Әрі ол бабамыздың жазбаларын өз зерттеулеріне молынан пайдаланған. Орта Азия мен Қазақстан тарихын кенінен зерттеген В. В. Бартольд те Хайдар мырзаның еңбегіне зор мән берген. Кеңес дәуірінде «Тарихи Рашиди» жайлы әр жылдары Ә. X. Марғұлаң, Н.Н. Мингулов, Т. И. Сұлтанов, Б.Қожабеков, өзбек оқымыстыларынан Р.Г.Мукминов,С. Ә. Әзімжанова, X. Хасанова және тағы басқаялардың үлкенді-кішілі зерттеулері жарияланды. Әлкей Марғұлан Хайдар мырзаны казақтың тұңғыш тарихшысы деп атаған. «Тарихи Рашидидің» кейбір үзінділері ағылшын, орыс қазақ тілдеріне аударылып жарияланғанымең, күні бүгінге дейін ол толық бас-па бетін көрген жоқ.
Мухаммед Хайдар Дулатиді бiз негізінен тарихшы ретінде танып, бағалап келдік. Солай бола тұрса да, оның ақын, болғанығы жайлы айтылғанымен, поэзиясы жайлы ешқандай нақтылы деректер жоқ. Сол себепті енді әңгіме арнасын осы мәселегебұрайық.
Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі жылдардың бірінде башқұрт ғалымы Ахмет Заки Уәлиди бірде Берлин кітапханасының қолжазба қорынан Хайдар мырзаның жоғалдыға саналған «Жнһан наме» атты дастанын кездестірген. Оқи, зерделей келе ол дүниенің шынында да Хайдар мырзайык қаламынан туғанына көзі жетеді,
Молла Умар ибн Молла-Қажы деген кісі 1814 жылы көшірген «Жиһан наме» дастаны 125 беттен тұрады. Поэмада Illahcayap патшамен Жиһанбану ханымның Фирузшаһ атты жалғыз ұлы бірде түсінде елі мен жері түгілі тегі де белгісіз бір сұлуға ғашық болады. Жас шаһзада ол жайлы әкесінің уәзірі Сәлімнің баласы Фируз-рейге айтады. Ғашықтық оты жүрегіне мұң байлаған Фирузшаһ аң аулап көңіл көтеріп жүреді, бірақ ғашығышн ұмыта алмай құса болады.
Сөйтіп жүргенде бірде жаһан түзде жайылып жүрген жалғыз киікті ұшыратады. Бірақ киік оны адастырып кетеді. Киікті қуып жүріп ол Гүлстани — Ирам бекінісінде тұратын Перизат атты ханшаға тап болады. Ол перілер елінің патшасы Тадж бахыт пен Маһру ханымның қызы екен. Арудық әкесі «ұйықтап жатқан сұлуды қызықты аңыз, әңгімелер айтып уш рет оята алсан, саған берем»,— дейді. Фирузшаһқа қыз әкесінің талабын орындауға ұйықтап жатқан қыздың қасындағы патшаның тағы, шарап құйылған шөлмек, шамның пілтесі көмектеседі. Тақ әуелде Ніл алқабының талы болғанын, өткелектен өте келе таққа айналғанын әңгімелесе, Шәһзада оған керісінше бір кеспек ағаш қабығы жонылып, өзегінен ісмер ғалым, зергер және тігін-ші үшеуі сиқырлықпен керемет сұлу қыз бейнесін жасағанын айта келе, «қыз сонда әлгі үшеуінін қайсысының үлесіне тиеді?»—деп қарсы сұрақ қояды.
Кезек енді шарап құйылған шөлмекке келеді. О баста ол Дари мен Александр секілді басқыншы қолбасшылардың жолында жатқан Эльбрус тауының бір жартасы екен. Сонда ол өзінің қопарылып, тұрған жерінен әкетілгенін, қашалып, ақыры шарап құятын шөлмекке айналғанын, өзіне сұлу қыздық еріні тигенін баяндайды.
Сонда шаһзада оған жауап ретінде ғажайып сұлу қызды перінің ұрлап әкеткенін, оны төре, сарбаз және тастан түйін түйетін шебердін, құтқарғанын айта келе, «қыз сонда солардық қайсысына тиесілі?»—деп тағы бір сауалды ортаға тастайды.
Үшінші боп сөйлеген шам пілтесі де өз тарихын баян етеді.Әуелде ол жайылып жүрген қой екен. Сонан оны сойып, жүнінен ханшаның бөлмесін жарық ететін пілте жасапты.
Шәһзада оған да бір-біріне ғашық екі жастың хикаясын әңгімелей жөнеледі де, бір қатыгез қарақшы екеуінің басын шауыпиөлтіргенін,соңынан оларды тірілтемін деп әлек боп жүріп бір жолаушы олардың бастарын шатастырып алғанын айта¬ды. Сонда «сұлу қыз осы екі жігіттің қайсысына тиісті?»—деп тағы да сауал қояды.
Шәһзада қойған уш сұраққа жауап беру үшін қыз үш рет оянуға мәжбүр болады. Сөйтіп ол патша қойған шартты толығынан орындап, ғашығына үйленген соң, қыз еліне досы Фирузрей де шақырылады. Той өткен соң ол қызды алып досымен бір-еліне кайтады. Әкесі өлген ссң таққа отырып патша болады. . Арада біраз жыл өткен соң әлгі сұлу қайтыс болады. Денесін перілер еліне әкетіп, ешкім білмейтін жерге апарып жерлейді.Аһ.ұрып қайғыға бөленген Фирузшаһ мемлекет ісін тастап, торығуға түседі. Соңынан .баласы Фарух Сауарды нағашысына жіберіп, шешесінін, қай жерге жер-ленгенін.біліп келуді тапсырады. Бірақ одан ешнәрсе шықпайды: Фирузрей патшаға тақтан бас тартып, оны баласы Фарух Сауарға беруді ұсынады. Ол келіседі. Қайғыдан қан жұтқан патшаның сүлдесі қалады. Бірдекөңіл сергіту үшін ол аңға шығады. Киік оны ханым жерленген жерге әкеледі. Сол жерде Фирузшаһ такайтыс болады.
Дастанның қысқаша мазмұны осындай.
Ахмет Заки Уәлидің айтуйнша дастанның еш жерінде автордың аты аталмаған. Бірақ ол «Жиһан. намедегі» «Алғысөз» (2— 11-бетітер) мен «Соңғы сөзге» (121—125-беттер) қарап дастанды жазған Хайдар мырза ,екенін оп-оңай-ақ білуге болады дейді. Өйткені онда дастанның жазылған жылы мен дүниеге келуі жайлы айтылған екен. «Соған қарағанда,— дейді Ахмет Заки Уәлиди,—дастанды жазған Хайдар мырзадан баска ешкім де емес. Дастанға «Жиһан наме» деп ат берген де Хайдар мырзаның нак өзі, әрі оны ол 1533 жылы аяқтаған.
«Алғы сөз» бен «Соңғы сөзде» Хайдар мырзаның өмірі жайлы да нақтылы деректер бар. Мысалы ол онда хан екеуінің Әндіжанға, сонан соң қалың қолмен Қашғарға жасаған жорығы,Әбу Бәкір мырзаны биліктен айырып, тақты тартып алуы, яғни қысқаша айтқанда, «Тарихи Рашидидегі» өз өмірі жайлы деректерді мұнда тағы да қайталаған. Сондай-ақ ол Жаркентке Бадахшанның арнаулы өкілдері келіп, елдің аласапыран күйге _ұшырағанын, егер хан бір әрекет жасамаса, өздері өзбектердің тепкісіне түсетіні туралы айтқанын еске алады.
Хан олардың. өтінішін құп алып, көп әскермен Бадахшанға аттанады. Алдыңғы шептегілерге Хайдар мырзаны басшы етеді. Автор "Бадахшанға қелген соң мұнда өзінің 19 жыл бұрын болғанын, бірақ қазір ескі достарынан ешкімді кездестірмегенін айтады. Сөйткен олар Бадахшанның бас қаласы Қали-и-Зафар-ды («Жеңіс қаласын») үш ай бойы қоршағанымен, ала алмайды. Осында өткен ұйқысыз түндері ол «Жиһан наме» дастанын туындатыпты.
«Соңғы сөздегі» 124-бетте ОЛ дастанына өз басынан өткізген жайттарды да кіргізгені жайлы айтқан, яғни ондағы патшаның мемлекет ісін тастап, торығуға түсуі, ақыры тақтан бастартып, оны баласына беруге мәжбур болуы, соңынан жапан түзге кеткені туралы баяндаған тұстары шын мәнінде өмірден алынған. Осы ретте айта кетер жайт—Сайд хан Тибетке жорықты өз бетімен жасамаған. ОҒАН ОНЫ баласы Әбд ар-Рашид мәжбүр еткен. Өйткені хан өмірінің соңғы жылдары ішкілікке салынып,мемлекет ісін босаңсытып, беделден айрыла бастайды. Хан сарайындағылардың өкімет билігі күндердің күнінде Әбд ар-Рашидке тиеді деген болжамына байланысты бірте-бірте жас ханзада сый-құрметке бөлене бастайды. Ақыры ол әкесін Тибетті шабуға жібереді. Сонан ол Жаркентке қайтып келе жатқан, жолда, жоғарыда айтылғандай, кенеттен қайтыс болады. .
Ахмет Зәки Уалиди Махмуд Газнауи патшаның (970—1030) кеңесшісі Аяз секілді (8-бет) Хайдар мырза да өзіне Аяз деген бүркеншік есім алғанын (124-бет) айтқан.
Дастанның құрылысы мен оқиғасы, авторлық баяндауларына қарап, Хайдар мырзаның мұсылман шығысы мен үнді әдебиетін де жақсы білгенін, одан үйреніп, тіпті кей тұстарда еліктегіндігін де байқау қиын емес. Ахмет Зәки Уәлиди Хайдар баба-мыздың поэзиясына жоғары баға бере келіп, шығарманың тілі қарапайым, баяндауы анық та айкын, қызық та шебер екендігіненазар аударады. Ақынның әсіресе Фирузшаһтың аңға шыққан кезін суреттейтін тұстарының ерекше әсерлі екенін айтады.
Хайдар мырзаның «Жиһан намесін» Берлин кітапханасынан алдырып, жарияласақ, бір ғанибет іс болар еді.
Міне қазақтың орта ғасырда өмір сүрген үлкен ойшылы, шебер мәмлегер, белгілі тарихшысы, ғалым-ақыны Мұхаммад Хай¬дар Дулати жайлы қолда бар деректерге сүйеніп айтылған ойлар осы. Хайдар мырза секілді ірі де күрделі тұлғаның ө
1234
скачать работу

Мұхаммед Хайдар Дулати

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ