Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің тарихы

байланысын айырады.
2. Әрбір ақын жеке-дара адам емес: оны туғызған елі бар. Өзінің үлгісі, салты, жақсылық, жаманшылығы бар. Сондықтан ақын өмірін соны туғызған елінің өмірімен қоса қарастырады.
3. Ақын өмірін жалғыз ғана туғызған елін алмай, барлық сал мен ақынды түгел туғызып отырған ұлтымен алып қарастырады.
4. Әрбір ұлттың табиғатпен қатынасын қарастырады. Тіршілгі қалай құралған, табиғаттан тегін тамақ ала ма, жоқ еңбекпен ала ма? Еңбек көп болса, өнер артады, өнер артса тап-таптың халы да жоғары-төмен болып, жіктеле бастайды. Әдебиет тарихы мұны да қарасытыруы керек.
5. Көрші халықтың берген үлесін, көрші жұрттың өнерінен келген әсерін айырады.

Қазақ әдебиетінің тарихы

Қазақ әдебиеті барлық жұрттың әдебиеті сияқты, екіге бөлінеді: біріншісі ауызша әдебиет, ел ақындығы. Екіншісі – жазба әдебиеті. Ел ақындығы не ауызша әдебиет: елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөздер. Жазу өнері болмаған соң, ол елде ғылым, мәдениет те тумаған болады. Ондай елдің өнер, білімі бір ауыздан екінші ауызға көшіп, сонымен сақталады. Жалпы білім деген нәрсесі, алдыңғының артқыға тастап келе жатқан мұрасы сияқты, ауызша әңгімелерінен құралады. Сол ретпен ескіліктен қалған сөзді, өнер иесі болған арнаулы жалғыз адам ғана біліп қоймайтын, жалпақ ел болып үйреніп, түгелімен есінде сақтайды.
Ол кездің өнерін жалпақ ел түгел ұғынатын болғандықтан, екінші, кейінгі ұрпақтың түгелімен аталатын білімі, тәрбиесі де сондайлық көпке бірдей болып айтылатын жалпы әңгімелерден жасалғандықтан, бүкіл бір елдің жалпы дүниеге көзқарасы да, өткен өмірді түсінуі де бір-ақ түрде болады. Кейінгі буын өмірді түгелімен алдыңғыша түсініп, соларша тәрбиеленеді. Сондықтан ауызша әдебиеттің ішінде елдің белгілі ұғымын білдіретін, жалпы дүниеге көзқарасын сездіріп, өткенді қалай түсінуін көрсететін сөздің барлығы да бір-ақ адамға тиісті өнер емес, ол – көптің, жалпақ елдің сыбағасына тиетін өнер туындысы.
Рас, бүгінгі салт өлең мен батырлар өлеңдері болса, оның барлығын жалпақ ел болып отырып шығарған сөздер емес, оның жеке шығарушылары бар. Бірақ бұл шығарушы ақындар сол сөздердің ішінде жалғыз өзінің көзқарасын, жалғыз өзінің ған ұғымын айтпайды, олардың өлең, жыр ішінде айтатыны – түгелімен жалпақ елдің ұғымы мен жалпақ елдің көзқарасы. Айтатыны – көптің қарадай айтып жүрген сөзі. Сондықтан өлең қылушылар ауызша әдебиеттің құр ғана жақсы айтушысы, құр ғана әңгімешісі болдаы.
Ел ақындығын жасаушылар солар деп сануға болмайды. Сондықтан:
1.Ауызша әдебиеттің шығарушысы жалпақ ел дейміз. Ауызша әдебиет жұрнақтарының арнаулы шығарушысы жоқ.
2.Ауызша әдебиеттің барлық жұрнақтары күйге өлшеніп, арнаулы әнмен айтылады. Сол себепті оның сыртқы түрінде жазбадан айырмасы бар. Ол желпініп айтылады. 3.Ауызша әдебиетте бір жаққа қарай беттеген арнаулы бағыт болмайды. Оны елдің дін нанымы, елдің белгілі салты, әдеті туғызады.
Жас ұрпаққа білім берудің Әуезов дәстүрлерін одан әрі дамытудағы қызметін өз алдына қойғанда, кафедраның қазірігі қазақ әдебиеті мен әдебиет тарихы саласында өзі ашып-тұрақтындырған үш түрлі ғылыми мектебін айрықша атап айтқан жөн.
Олардың бірі – қазақ әдебиеті тарихының көне және орта ғасырдағы тарихы. Екінші мектеп бойынша әдебиет теориясын түбегейлі мәселелері кең зерттеліп, терең талданып, жоғары мектепке арналған оқулық жазуды және онымен ширек ғасыр бойы ұстаздар мен шәкірттер ғана емес, ғалымдар мен жазушылар, жалпы әдебиет сүйгіш қалың жұрт сусындап келеді.
Үшінші сала - әдеби сын. Бұл проблеманы басында профессор Т.Кәкішев бір өзі жеке- дара алып зерттеп, талай архивтердің қоңыржай қоймаларын ақтарып-төңкеріп, одан тапқан құжаттар мен жазбаларды жан-жақты пайдалана келе, қазақ әдеби сынының оқулығын(«Сын сапары») жазып шықты. Бұл - құнды кітап. Сондықтан да бүгінде туған әдебиетіміздің тірі процесін толғап-талдайтын сыншылар мен зерттеушілердің қай-қайсысы да бұл кітапты айналып өтпейді, әдеби сын тарихының алғашқы соқпағына соқпай кетпейді.
«Әдебиет тарихы» жазылғаннан кейінгі көптеген жылдар ішінде, ең алдымен М.Әуезовтің өзінің эстетикалық көзқарастары сан алуан өзгерістерге түсті, дамыды, кемелденді, екінші жағынан, жалпы қазақ әдебиеттану ғылымы тереңдеді, жаңа концепциялар, бағыттар пайда болды, толып жатқан зерттеулер, монографиялар, диссертациялар жазылды. Бұл саладағы табыстарды, жемістерді мүлде мансұқ ету барып тұрған солақайлық болар еді. Сөйтсе де, идеологиядағы солақайлық, тұрпайы догматизм кесірінен әдебиет тарихын теріс түсіндірген, ірі тұлғалардың өзін қаралап көрсеткен, тіпті мүлде ауызға алмай қойған кездердің кесірі әлі де жойылып біткен жоқ.
Ал, «Әдебиет тарихында» мезгілінде объективті ғылыми тұрғыдан айтылған терең тұжырымдар қатарында қазақ елінің отарлануы, өз тәуелсіздігінен айырылуы, осыдан туған кесепаттардың әдебиеттегі көріністері туралы байлам - пайымдауларды жатқызу керек.
Әдебиет тарихын дәуірлеу мәселелеріне келгенде, автордың исламға дейінгі және исламнан кейінгі әдебиет деп ұзақ тарихты екі орасан үлкен кезеңге бөліп қарауында ғылыми негіз жатыр.
Қазақ әдебиетінің тарихы, бағыты жағынан айтылған осы сияқты азын – аулақ мағлұматқа қарап, барлық жазба әдебиеттің салмағын өлшегенде, қазіргі қалпын бағалағанда, айтатын сөз: біздің әдебиет әілі жас, әлі бойы өсіп жетілген жоқ. Өткен күніне қарап, келешегі зор десек, біздің әдебиет келесі күнде шығатын талай тұрғылырының біреуіне ғана жаңа – жаңа тырмысып келеді. Бұл күнге шейін біз саяз жүзіп жүрміз. Қазақ әдебиеті өмірінің бетіндегі қаймағын жалап жүр. Бұрынғы әдебиеттің ішіне тазша бала менен жалшы сақау қатын да кірген болса, бүгінгі әдебиетке қалпақ киген, оқығаннан бастап, қой жайып жүрген қойшыға шейін кіруге тиіс. Әдебиет сол күнде ғана өмір айнасы, өмір тезі болуға мүмкіін.
Дарияның тасқынындай,
Қайнар бұлақтың мөлдір суындай.
Әуезов деп танылған
Жаушының жоқтығын – ай.
Бүкіл әлем білген оны,
Біледі де осы күні.
Әлемдік тұлға деп атауға
Ешкім қарсы болмас енді, - деп
заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ХХ ғасырдағы биік шыңы – ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұланғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Әуезов кәдімгі қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы» дейтін кісілікті Кісісі, Ұлы тұлғасы. Ол – ұстаз ғана емес, жазушы әрі ғалым және осы үш қырының үшеуін де айта қалғандай айқындап, айшықтап алған, үш мамандығының үшеуін де жете меңгерген, үшеуінде де иненің жасуындай осалдық танытпаған, үшеуінде де алып, күшті. Ал осы үш түрлі қасиетінің де сарқып құяр сағасы біреу, ол - әдебиет. Әдебиет – ардың ісі. Қазақ әдебиеті – қазақ атаулының ғасырлар бойғы тағдыры мен талайының, тұрмысы мен тіршілігінің көркем шежіресі ғана емес, халықтық қасиеті, ұлттық паспорты, адамдық һәм азаматтық келбеті – мүсіні мен мінезі, автопортреті. Әлемдік мәдениетке қазақ халқы қандай көркемдік игіліктер қосты дегенде, ауызға алынар есімнің бірі - Әуезов. Ол - әлемдік құбылыс. Әукзов ғасырлар бойы жиналып келген қазақ топырағындағы асыл құнарлардың жарқырап қайта көрінуінің үлгісі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Шәкір Ыбыраев, Серікқазы Қорабаев. Мұхтар мұрасы /110,119– б/
2. Зейнолла Қабдол Әуезов. /311,315 –б/
3. Рымғали Нұрғали Әуезов және алаш / 209, 211 – б/
4. М. Әуезов Әдебиет тарихы / 16,20 –б/

12
скачать работу

Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің тарихы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ