Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани-адамгершілік құндылықтар

а бастайды. Бұлай жалғаса берсе, адам санамен емес қарынмен ойлайтын халге жетпек. Бізге енді «Менен асқан мықты жоқ!» деген озбыр күш иесі емес, «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп…» дейтін жылы жүрек керек. М.Шаханов – осындай поэзиялық ақын. Ал өзінің «Өркениеттің адасуы» деген дастаны да шоқтығы биік туынды. Бұл поэма қазіргі әлемдік поэзиядағы жетістіктердің бірі ретінде ЮНЕСКО тарапынан жоғары бағаға ие болып, көптеген елдердің қызығушылығын туғызғаны мәлім.
Шаханов «Өркениеттің адасуында» маңызды мәселені көтерген, ол – адамзаттың қазіргі адасуы. Енді оның екінші проблемасы бой көрсетпек, ол – адасқан цивилизацияны жөнге салу. Міне, осы тұста жалған пайғамбарлар, әуесқой әулиелер, дүмше саясаткерлер көптеп өсіп-өніп кетсе, сөйтіп олар жығылған үстіне жұдырық дегендей, суға батар–батпас болып тұрған жанды мүлдем батырып жіберсе не болмақ? Шаханов сага поэмасын оқығанда осындай терең ойларға ақынмен бірге сүңги бересің, ол адамды ой тұңғиығына батыртып, санаға салмақ, ойға өріс береді.
Мұхтар Шаханов «Желтоқсан оқиғасына» орай азаматтық әрі парасаттылық көрсетті.
Өзі айтқандай:
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қоры жоқ.
Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,
Тұрған олар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп. (13. 3 бет)
Мұхтар Шаханов жайлы қандай еңбек жазылса да, «желтоқсан оқиғасы» мен ақын Мұхтар есімі аталары хақ.Халық намысы жер етілген сол жылдары Мұхтар Шаханов болмағанда күні бүгінге дейін «желтоқсанға» қатысты мәселелердің кейбірі, бәлкім, әлі де жабулы қазан күйінде қалар ма еді?
«Желтоқсан» Мұхтардың азаматтығының, парасаттылығының, нағыз халық ақыны екендігінің айшықты мезеті болғаны аян.
М.Шаханов поэзиясы тоғанға жиналған судың бөгетін ашқанда арындап ағатындай көрінеді. Мұхтардың да көкірек сарайында көптен жиналып қордаланған ой-армандары арындап жыр жолдарына құйылғанын байқаймыз.
Ақын шығармасына ойлы сөз жазған Шыңғыс Айтматов «Қазақ поэзиясында бұрын-соңды мұндай қуатты дүниені кездестірген емеспін», - деп өте жоғары бағалапты. Шыңғыс айтса айтқандай, адамзат тарихынан сыр тартқан небір тағлым аларлық жәйттер, кесек-кесек қанатты тың ойлар, батыл тұжырымдар жан-дүниеңді баурап алып, асыл армандарға жетелейді. Тек өзің емес еліңнің, бүкіл адамзаттың болашағы үшін ақынмен бірге толғанасың.
Өзіңе де бір міндет жүктелгендей болады. Өмірден өз орныңды іздейсің. Қанша оқығанда сусының қанбайды. Қазақ поэзиясының әлемдік деңгейге көтерілгеніне мақтанғың келеді. Өлеңдерін айтпағанда алғашқы поэмасы «Танакөзбен»-ақ ол талайды тамсандырған. Бұған қарап талантты таланттың танитынына көзің жететін секілді. Мұхтар Шахановтың поэзиясының мықты бір ерекшелігі – бұрынғы дәуірлерден қалған үлгі, ғибрат әңгімелерді қазіргі заманның құбылыстарына байланыстыра айта алатындығында. Оның халыққа кең танылған поэмаларының, өлеңдерінің басқа ешбір ақынның жаратылысына ұқсамайтын тосын келбеті осы тарапта болатын. Қандай тақырыпта ой қозғамасын өлеңдерінің ішкі астарында адамға, достыққа, халыққа, Отанға деген құрмет сезімі сезіліп тұратын рухани-адамгершілік құндылықтарға толы екенін байқадық. Егемендігімізді алғанымызбен, қоғамдағы көптеген жастарымыздың ұлттық рух пен ұлттық болмысын жоғалтып бара жатқандығы бәрімізді толғандырады. Сол рухсыздық апатынан сақтануда Мұхтар Шахановтың адамгершілік құндылықтарға толы поэзиясы көмеккке келетініне сенімім мол.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. М.Шаханов «Эверестке шығу» - Алматы: Атамұра, 2003
2. М.Шаханов «Дәуір дастандары» - Алматы: Жазушы 1992
3. М.Шаханов «Танакөз» - Алматы: Рауан, 1996

4.«Ана тілі» журналы, №9, 2000ж.
5.«Ана тілі» журналы, 28 қазан 2004ж.
6.«Ақиқат» журналы, №2, 1999ж.
7.«Ақиқат» журналы, №3, 2004ж.
8.«Ұлағат» журналы, №1, 2000ж.
9.«Тіл мен дін» журналы, №2, 2005ж.
10.«Тіл мен дін» журналы, №4, 2006ж.
11.«Жас алаш» газеті, 2004ж. 20 мамыр
12.Жас алаш» газеті, 2004ж. 22 мамыр

12
скачать работу

Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани-адамгершілік құндылықтар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ