Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мұқанов, Сәбит Мұқанұлы

тем ой өрімдері” деп аталатын тарауда Сәбит пен Міржақып, Ахмет – Сәкен – Әбдірахман – Сәбит, Смағұл мен Сәбит, Қошке мен Сәбит, Ілияс пен Сәбит желілері арқылы көп шындықтың шымылдығы ашылады. Осы қалай дейтін күбірткелі сауалдарға жауап берілген, сондай-ақ, бұл тараудағы арнайы тоқталған бір мәселе: “Сәбеңнің әдебиет әлеміне, идеологиялық майданға келгендігін аңғартқан, аңғартып қана қоймай, осы жігіттен бірдеме шығады деп үміттендірген және шошындыра үміттендірген атышулы мақаласы” – 1922 жылы “Еңбекші қазақта” басылған “Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер!” дейтін мақаласы жөнінде. “Осы эссесінде Сәбең талайларды тарихтан сызып тастаймын деп үлкен қателіктерге ұрынды, ұлылардың аруағын қозғау Сәбит Мұқановқа өмірі кешірілмейтін күнә болды. Оны даттағысы келетіндер осыны дәлелге келтіріп, өздерінің жымысқы ойларын өткізіп жүрді, өткізіп келеді. Бірақ, тарих – әділетті, бәрін де өз орнына қояды”, – дейді кітап авторлары.

Осы тарауда С.Мұқановтың 20-жылдардағы дау-дамайларға кедей таптың жалауын көтеріп, аса белсенділікпен араласқаны, әдебиет туралы айтыс-тартыстарда ерекше көзге түскені, “Сәбең араласқан істің түзелгені көп болумен қатар, бұрмалана бұзылғандары да аз емес” екендігі, осының бәрін ол көзсіз сенім, алғаусыз көңілмен атқарғандығы жан-жақты тәптіштеле қарастырылған. Бұл жазушының өмір жолына, атқарған істеріне, шығармашылық мұратына толайым тың, кәміл жаңа көзқарасты аңғартады.

Әдеби-ғылыми ғұмырнаманың “Алғашқы асу” және “Шыңға шығу” дейтін тараулары С.Мұқановқа шулы даңқ әкелген, қазақ әдебиетінің тарихында елеулі орын алған, өлеңмен жазылған “Сұлушаш” романы мен “Адасқандар” романы жөнінде. “Сұлушаш” романын сынаған, сараптап талдаған, шын сипатын ашқан зерттеулердің арғы-бергісіне мол қамти тоқталған кітап авторлары: “Романның тіл шеберлігі – ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет үлгілерінің творчестволық жолмен қисынын тауып қиыстырылуының, бөлінбес бірлігінің нәтижесі”, С.Мұқанов “қазақ әдебиеті тарихында көркемдік дәуір жасады, этаптық шығарма берді”, деп түйінді пікірмен қорытады. Ал “Адасқандар” романының Сәбең мұражайындағы 1935 жылғы нұсқасы 1999 жылы “Елорда” баспасынан қайта басылып шықты. Профессор Т.Кәкішевтің “Өтпелі дәуірдің кесек туындысы” деген мақаласы қоса берілген болатын. Авторлар “Сұлушаш” пен “Адасқандарға” қатысты зерттеушілер еңбектерінен филология ғылымдарының докторы, профессор, сәбиттанушы Құлбек Ергөбековтің еңбегін айрықша атап көрсеткенін айтқан жөн. Сондай-ақ осы әдеби-ғылыми ғұмырнаманың өн бойында Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығына қатысты ой-пікір айтқан, елеулі үлес қосқан көптеген ғалымдардың есімдері мен еңбектері аталған.

Кітаптағы аса қызғылықты оқылатын көлемді тарау (43 бет) – “Жаңа өріс” деп аталған екен. Бұл С.Мұқановтың 1932 жылы жарық көрген, екінші қайтара басылмаған, жарық көруіне рұқсат етілмеген “ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. 1 бөлім (ұлтшылдық, байшылдық дәуір – буржуазно-националистический период”) деп аталатын еңбегі туралы. Поэзияда “Сұлушашты”, прозада “Адасқандарды” беріп атағын жайған Сәбит Мұқановтың күтпеген тұста ғылымға ойысып, әдебиет тарихынан 458 беттік көлемді еңбек жазуының объективті және субъективті себеп-салдарлары бұл кітапта әділ таразыланған. “С.Мұқановты күні бүгінге дейін сөзге қалдырып, абыройына дақ салып, ел-жұрт көңіліндегі күдікті сейілтпей келе жатқан бір мәселе – алаш қозғалысы және оның қайраткерлері жөніндегі түсінігі, айтқан-жазғаны. Тапшылдықтан оянған санасы, төңкерісшілдікпен қалыптасқан көзқарасы алаш қозғалысын зиянды деп табудан өзгермей кетті, ал оған қатысқан азаматтарды совет өкіметін, партияны мойындамағандар деп білді, жазды” дей келе мына еңбекті атап “Бұған айрықша мән беру керек, себебі әлі күнге дейін оның қадір-қасиетін анықтау, маңызын түсіну, жазылу тарихын, сырын білу жағы жетіспейді”, дейді кітап авторлары. “Сәбит Мұқанов осы кітапты әдейі жазғанға ұқсайды…”, “Уақыт өте келе бұл кітаптың бағасы өсе түспесе, кемімейді”, “Сәбең саяси-идеялық мәселелерді кейде, тіпті, бірінші орынға қойып, социологиялық талдауға түсіп кететін сәті аз емес” дейтін ой ұшқындарын шығарып, оны кеңінен талдау-таразылауға ұластырған.

“ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті” еңбегінің екінші бөлімі түгелдей “ұлтшыл-байшыл дәуірдің ақын-жазушылары” деп аталады да Ахмет, Міржақып, Ғұмар Қарашев, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Сәбит Дөнентаев, Бернияз Күлеев, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығына талдау жасалып, баға беріледі. Бұларды ғылым тілінде монографиялық портрет деп атайды”, “Сәбит Мұқанов бұл ақын-жазушылардың творчестволық портретін бірінші жасап отырғанын еш уақытта естен шығармайық”, деп ғұмырнамалық кітаптың авторлары сол монографиялық портреттердің әрқайсысы қалай шыққан, Сәбең бояуды қалай қолданған, ақын-жазушылардың дәл бейнесін бере алған ба дейтін сауалға қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының талаптары тұрғысында кең тынысты, салыстырмалы шолу жасайды, тұжырымды баға береді. С.Мұқанов алаш арыстарын тек қаралау үшін, жамандау үшін бұл еңбекті жазбағандығын, түпкі мақсат-ниет әдебиет тарихында бұлардың алатын орындарын айқындау, есімдері мен еңбектерін атап-атап бағалау, ұрпақ жадында қалдыру болғандығын профессор Тұрсынбек Кәкішұлы өте дәлелді аңғартады. Мәселен, Сәбит Мұқановтың Ахмет Байтұрсынұлы туралы: “Қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес” деуі, Мағжан Жұмабаев туралы: “Абайдан кейін тіл өнегесіне Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ” деуі, Мұхтар Әуезов туралы: “Ақындық, жазушылық күшін алғанда Мұхтар күшті жазушы. Тіл сұлулығының үстіне Мұхтар кейіпкер жасауға шебер”, деуі – осының бәрі кездейсоқ, тіл ұшымен жасалған емеурін емес, қорытылған ойдың сықпасы, айқын сыни сипат екендігі күмән туғызбайды.

Сәбит Мұқановтың дәл осындай тағдырлы еңбектерінің бірі – 1942 жылы жарық көрген “Қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер” атты зерттеу кітабы. Араға 60 жыл салып Мұражай кешені ЮНЕСКО-ның қолдауымен бұл еңбекті 2002 жылы “Арыс” баспасынан шығарды. Бұл кітапқа да профессор Тұрсынбек Кәкішевтің арнайы жазған “Азаттықты армандаған еңбек” атты мақаласы қоса берілген болатын. Мына ғұмырнамалық кітапта бұл “Очерк” жөнінде “Тарихпен сырласу” атты тарауда баяндалады. “Очеркте” Сәбит Мұқанов Бұқар, Махамбет Өтемісұлы, Байтоқ пен Жанұзақ сияқты ақын-жыраулардың, Сырым, Көтібар, Кенесары, Наурызбай, Жанғожа, Бекет сынды ұлт-азаттық күрескерлерінің тарихи тұлғаларын айқындап, Шортанбай, Шернияз, Мұрат сынды зар заманның үнін жеткізген ірі ақындардың еңбектеріне баға беріп, сонымен бірге қазақтың айтыс өнерін ғылыми тұрғыда саралағаны белгілі. Ғұмырнамалық баянда С.Мұқановтың бұл тарихи еңбегі жөнінде де тың тұжырымдарға айрықша ден қоямыз. Мәселен, авторлардың “1927 жылы М.Әуезовтің “Әдебиет тарихы” деген еңбегінде “Зар заман” ақындары аталып, әсіресе оның жарқын да айбынды өкілі Шортанбайды Сәбит Мұқановтың 1942 жылы қалай зерттеп, қандай деңгейге көтергенін көрсете кетсек, көзқарас эволюциясының сыр-құпиясын ұққандай боламыз да, “кедейшіл, тапшыл” Сәбиттің сол кездегі ғылыми түсінігіне енді ғана көтеріліп келе жатқанымызды аңғарамыз”, деген батыл пайымдауларына толық қосылмасқа шара жоқ. Шынында да, тек Шортанбай ғана емес, азаттықтың ұлы жыршысы Махамбетті тануда да С.Мұқановтың еңбегі зор екендігіне зеттеушілер айрықша ден қойған.

Кітаптың “Даңқ тұғырында” аталатын тарауында С.Мұқановтың “Жұмбақ жалау” – “Ботагөз” романдарының шығармашылық тағдыры жазушының кемеліне келген қаламгерлік қуатымен қосөрім бірлікте қарастырылған.

Сондай-ақ Мағжан – Сәкен – Сәбит қарым-қатынастарының қиын түйіндерін тарқатуға арналған “Матасқан тағдырлар” атты тарауды Тұрсынбек Кәкішұлының сарыла зерттеп, санаға салмақ сала шешкен жұмбағы деу керек шығар. Әу баста ап-айқын қарым-қатынастар замананың ұйтқи соққан қара боранынан кейін әртүрлі өсек-жалалардың арқауына айналып кете барғанын, оған аса сабырмен, зор ыждағатпен үңілу керектігін ғалым тамыршыдай тап басқан.

Ал “Атымтай жомарт”, “Сайран”, “Шежіреші”, “Классик” тарауларының әрқайсысы шертетін баян да ауқымды. Әр тарау С.Мұқановтың әр қырын ашады. Таныс-бейтаныс деректер оқырманын еліктіріп, Сәбеңнің өзінің шығармасын оқып отырғандағыдай шым-шытырық уақиғалардың алуан түрлі соқпақтарына салып, жетелеп әкетеді.

“Сәбит Мұқановтың “Өсу жолдарымыз”, “Жарқын жұлдыздар” және ғылыми ізденісінің соңғы иіндісі болған “Қазақ қауымы” елдігіміздің, халықтығымыздың жарқын беттері екенін еріксіз мойындаймыз” деген ғұмырнама авторларының пікірі бүгінгі ұрпақтың атынан, ХХІ ғасыр мінберінен айтылып тұр деп ұғамыз. С.Мұқановтың Абай туралы, Шоқан жөнінде, Ыбырай хақында албырт кезінде айтылған асығыс, жаңсақ топшылауларын жылдар өте келе түп-тамырымен қопара өзгерткенін, Абай мен Шоқанға көлемді монографиялық еңбектер арнағанын, Шоқан өмірінен “Аққан жұлдыз” атты тетрология жазуды жоспарлап, оның екі кітабын ғана жазып үлгергенін, жалпы Сәбеңнің өмірінің соңғы жылдарындағы қазақ қауымының салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, ұлттық шежіресіне, т.б. ерекше ден қоюында үлкен сыр жатқанына зерттеушілер айрықша назар аудартады.

Т.Кәкішұлы мен К.Ахметтің “Сәбит Мұқанов” атты әдеби-ғылыми ғұмырнамасы сәбиттануға қосы

123
скачать работу

Мұқанов, Сәбит Мұқанұлы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ