Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мұстафа Шоқай

і болғанда, жеңгесі жүгіріп келіп, бас салып құшақтайды. Қасында еріп жүрген 6-7 жасар балаға: “Мынау сенің көкең, Мұстафа” — дейді. Мұстафа баланы тік көтеріп, маңдайынан сүйеді. “Үлкен азамат бол” — деп батасын береді.

Бұлар алдымен Орынборға, одан Екатеринбургке барады. Ол арада Мұстафа мен Вадим Чайкин деген досы генерал Колчакты өлтірудің жоспарын жасайды. Бұлардың қонақүйде жарған бомбысынан Колчак аман қалады. Енді Мұстафа мен Чайкин Марияны қалдырып, өздері Кавказға қарай қашуға мәжбүр болады.

“Мен қазақ ауылдарымен жүріп отырамын. Сол жерлерге Мария келеді деп айтып кетемін. Сені ешкім сатпайды”, — дейді Мұстафа әйеліне. Марияның өмірі 40-50 сериялы фильмге жетерлік мол материал. Ол өзінің кітабында қазақ даласынан қалай өткенін, Досмұханбетовтардың ауылында болғанын, қалай Маңғыстауға келгенін, Маңғыстаудан Дербентке кемемен қалай жеткенін жазады. Ол кезде Кавказ ағылшындардың қолында еді. Келіп түскен жерінде теңіз жағасында шаршап ұйықтап қалған екен. “Көзімді ашсам форма киген қап-қара біреу тұр. Формасы ағылшын армиясыныкі. Негрді өмірімде бірінші көруім”, — деп жазады ол кісі.
— Сіз Мариясыз ба? — дейді негір.
— Иә, Мариямын.
— Сізді комендант шақырып жатыр.
Әлгі жерде Марияға жақсы киімдер, қаражат беріп, Бакуге жеткізіп салады. Бакуге келсе, Мұстафалар ары қарай, Тбилисиге кетіп қалған екен. Мария бөгелмей арттарынан қуып, екеуі Тбилисиде кездеседі. Мұстафа сол арада жаңа газет, жур­­нал шығарып, тәуелсіз Грузияға көмектесе бастаған. Бірақ 5-6 айдан кейін Қызыл армия мұнда да келіп, қаланың быт-шытын шығарып, басшыларын тұтқындай бастағанда, бұлар Батумиге қашады. Сол жерден түрік кемесіне мініп, Ыстамбұлға келеді.

Сталин

Сталиннің жек көретін екі үлкен жауы болған. Біреуі Троцкий де, екіншісі Мұстафа Шоқай. Троцкийден билікке таласады деп қорықса, Мұстафадан кеңес өкіметінің ең бір шұрайлы өлкесін бөліп алып кетеді деп қорыққан. Сондықтан Мұстафа Шоқай кемемен Түркияға өтер кезде оның қасына бір жансыз ереді. Сол шпион Батумидан бастап, Мұстафаның отбасымен бірге жүреді. “Ол науат сататын саудагер еді”, — дейді Мария кітабында.

Ыстамбұлда жүргенде, күндердің бір күнінде кешке жақын үйіне қайтып келе жатқан Мұстафаға біреу шабуыл жасайды. Бірақ өлтіре алмайды. Мұстафа жаңағыны күшпен еңсеріп, бетін жасырған шүберекті ашып қалса, өзінің үйінде жүрген адам екен. Әлгі қашып кетеді.

Екінші жансыз туралы Мұстафа Шоқай өз кітабында жазады.

“Парижде жүргенімде оқыған бір азамат келді. Қызылдармен келісе алмай қаштым деді. Мен оны іске тартып, газет-журналдардың жұмысына араластыра бастаған едім. Бір күні шикілігін сезіп қалдым. Сосын ашық әңгімеге шақырып едім, ол жігітім мойындап, қашып кетті. Өзін-өзі әшкереледі”, — дейді ол.

Мұстафаны өлтіруге жіберілген үшінші жансыз, Ташкенттен пойызбен қашып шығып, келе жатқанда жолда, Сұлутөбеде кездесетін жеңгесінің жанындағы бала. Аты — Байдырахман. Байдырахман комсомол мүшесі, жақсы оқыған, өжет, сымбатты, ұзын бойлы жігіт болып өседі. Әлдебір қызметі ұнап, НКВД оны Харьков қаласындағы тыңшылар мектебіне жібереді. Сонда оқып жүргенде қалалық партия комитетінің екінші хатшысының қызына үйленеді.

Соғыс басталғаннан кейін Мәскеуге шақырып алып, НКВД-ның адамдары: “Мұстафаны білесің бе?” — деп сұрайды. Ондай адамдармен байланысы барларды тұтқындап, атып жатқан кез. Сондықтан Байдырахман қорқып, “білмеймін” дейді. Сол үшін есінен тандыра әбден ұрып-соғады. Есін жинағанда: “Мұстафа Шоқайды білесің бе?” — деп тағы сұрайды. “Білмеймін” — дейді бұл. Тағы соғады.

Үшінші кездескенде: “Жарайды, сен Мұстафаны білмеймін дейсің, оның туысы екеніңді біз білеміз”, — деп Мұстафа екеуінің өмірбаянын жайып салады. Өзі де біліп тұрған жігіт аналар айтып тұрған соң, мойындауға мәжбүр болады. Қайтадан түрмеге қамап, Лубиянкаға жатқызады. Сонда ұрып-соғып, 1941 жылдың қараша айының аяғында Украинаға алып келеді. Сол кезде Батыс Украинада алғашқы тұт­қын солдаттардың лагері болған. Байдырахманды тағы да ұрып-соғып, сол лагерден қашқан тәрізді етіп, Виница қаласында орталығын құрып отырған Мұстафаның қолына түсіреді.

Байдырахманның тарихын маған тағдырдың өзі сыйлады деп ойлаймын. Ондай адамның бар екенін білген жоқпын. Бір күні “Парасат” журналының бұрынғы редакторы, марқұм Бақытжан Жиенбаев мені үйге іздеп келді.
— Әкім, сен Мұстафа Шоқайды зерттеп жүр екенсің. Мен саған бір сыйлық жасайын, —деді.
— Жасаңыз...
Ол мені Байдырахманмен таныстырды. Бұл кезде Байдырахман Ресей армиясының запастағы генерал-майоры екен. Көп жылдар барлаушы болып, Кеңес армиясына қызмет еткен. Ол кісімен бірнеше күн бірге болып, киноға түсіріп, әңгімесін таспаға жазып, хаттап алдым. Өкінішке қарай, сол таспаларды жазып алып, көмектесіп жүрген қыз баланы кейін таппай қалдым.

Сонымен Мұстафаны өлтіруге барған Байдырахман оны өлтіре алмаған. “Жетінші күні Мұстафа ағам оянып, шай үстінде: “Торғай атам түсіме кірді. Ол “Мұстафа, сенің қойныңда шұбар жылан жатыр ғой” деді”,— дейді Байдырахман. — Біліп қойған екен деп шошып кеттім. Мұстафа бетіме қарап отырды да: “Сенің мұнда келмеске мүмкіндігің жоқ болды ғой. Қай бір жетіскеннен келдім дейсің. Саған ақылым, сен мұны қой. Мен хат жазып беремін, бір жігіттер сені Ыстамбұлға алып кетеді. Сонда институтқа түсесің. Болашақ Түркістан республикасына сен сияқты азаматтар керек”, деді”.

Байдырахман сол күні болған және бір оқиғаны айтады. “Кешке жақын Мұстафа ағам әлдебір өлім лагеріне барып келді де, тұнжырап ұзақ отырды. Содан кейін “Лагерьде мен мұсылмандармен кездесіп, алдарында сөз сөйледім. Мен сендерге немістерге беріл деп айтпаймын. Бірақ аман қалуды ойлаңдар. Түркістан республикасына қызмет етуді ойлаңдар. Менің осы сөзімді қолдайтындарың бірнеше қадам алға шығыңдар дедім. Жиналғандардың жартысына жуығы алға шығып, жартысы шықпай қалды” — деді.

Мұстафа комендатураның тепкішегімен көтеріліп келе жатқан кезде пулеметтен оқ атылады. “Артыма бұрылып қарап едім, жаңағы менің үгітіме көнбегендерді қырып салыпты. Соны көргенде есім шығып кетті. Жазықсыз ағайындарымды қыруға себепкер болдым” — деп ол қатты күйзелді. Содан отыра қалып жазу жазды, — дейді Байдырахман. — Бір кезде бері кел деп шақырып, “міне, мен Гитлерге хат жаздым” депті.

“Неміс халқы дүниедегі ең зиялы халықтың бірі. Әлем тарихына Бетховен, Гете, Гейне сияқты ірі тұлғаларды сыйлаған. Бірақ сіздердің істеп отырған мына қылықтарыңызға мен түсінбеймін. Бұл варварлардың қылығы. Қолға түскен әскери тұтқындарды менің көзімше қырып салды. Осыған наразымын”. Өстіп хат жазып, қасына қосып берген неміс офицерлерінің бірінен беріп жібереді.

Қол қойып отырғанда Мұстафа Байдырахманға: “Мен өзіме-өзім үкім шығардым, қарағым. Мынау хатты алғаннан кейін, мені бұлар аман қалдырмайды”, — дейді. Бір ғажабы, Мария жеңгемізді көрмеген Байдырахман осылай десе, Марияның кітабында да тура осы оқиға бар. Хатты Гитлердің идеологияны басқаратын Розенберг деген министріне жіберген. Сол күні кешке Мұстафаны Винницадан алып кетеді. Барған соң Берлиндегі ақсүйектер жататын ауруханаға жатқызады. Үш күннен кейін Мұстафа қайтыс болды деген хабар келеді.

Өлім. Өмір.

Мұстафаның өлімі туралы түрлі-түрлі пікір бар. Әркім әрқалай айтады. Біреулер Сталин өлтірді дейді, біреулер Гитлер өлтірді дейді. Және Мұстафадан кейін Түркістан қозғалысына келген белгілі қайраткерлердің атын айтады. Мен бұл дауға қатысқым келмейді, тарихшы емеспін.

Бірақ, логика бойынша жаңағыдай хатты алған соң Мұстафаны кім өлтіруі мүмкін? Сондықтан мен сценарий жазған кезде бұл мәселеге жауап іздеген жоқпын. “Берлинге қарай қара мәшинемен Мұстафа кетіп бара жатыр, өлімге емес, өмірге”, деп бітіремін.

Мұстафаның аз ғана тірлігі, бар ғұмыры болашаққа арналған. Сондықтан Мұстафа ауруханада өлген күні Мұстафаның үлкен болашағы басталды.

Ол әлі шығыс халықтарына үлгі болады. Адамзат тарихында аса ірі тұлға ретінде ірілене береді. Беделі артып, шығармалары оқылады. Қазір екі томдығы шықты. Егер жазғандарын жинаса, мен ойлаймын, бес-алты том болады. Комиссия құрып, мұны қолға алу керек. Газет бетінің көлемі көтермейтін болғандықтан мен көптеген жағдайларды айта алмадым. Бұл тақырыпқа әлі талай оралуға дайынмын. Ендігі сөз оқырманның өзінен, ғалымдардан, қаламдас достарымнан болсын. Соны күтемін.


Авторы: Әкім Тарази, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

123
скачать работу

Мұстафа Шоқай

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ