Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылығы

ұрпақ өкілдері балалық шағының базары мен ажарына, киелі сөз өнері бастауларына баулитын байыпты — ұқыпты бағбанына, адамдық әліппесінің ережелеріне үйрететін үлкен мектепке айналды. «Балдырған» басылымының өзгелерге ойыншықтай оңай көрінетін ауыр жүгін жазушы Мұзафар Әлімбай ширек ғасырдан астам уақыт арқалады. 1958-1986 жылдар аралығында журналға тапжылмастан редакторлық етті.

Жүргізуші (2): Соғыстан кешігіп келген солдат әдебиеттің бейбіт майданына да кешігіп кірді. Алғашқы кітабы 29 жасында жарық көрді, құралыптас-құрдастарының бірқатары баяғыда-ақ бірді-екілі кітаптардың авторы болып үлгерген-ді. Алайда аз ұйықтап, азапты көбірек шексең, қалам сыбағасын толтыруға әбден болады екен. Бүгінде әдебиеттің әр түрлі жанрындағы (поэзия, әдеби зерттеу, фолклортану, халық тағылымы, эссе, очерк, естелік, ән өлеңдері) 50 төл туындының авторы. Абай атындағы мемлекеттік сыйлығын 1984 жылы «Аспандағы әпке» атты балалар жинағы үшін алды.

Жүргізуші (1): М.Әлімбайдың “Ана” деген тұңғыш өлеңі 1939 жылы облыстық “Қызыл ту” газетінде басылды. Ал алғашқы кітабы “Қарағанды жырлары” деген атпен 1952 жылы жарық көрді. Одан кейінгі лирикалық және азаматтық әуенге жазылған «Құрбыма” (1954), “Лирика”, “Жолдар жырлар”, “Жүрек лүпілі”, “Өшпес от” жинақтары шықты. “Менің Қазақстаным”, “Құрбымның күнделігі”, “Естай — Қорлан” лиро-эпикалық поэмалары – осы жанрды дамытуға қосылған елеулі туынды.
Мұзафар Әлімбай поэтикасының үш тағанды тірегі іспетті «Естай-Хорлан» ғашықнамасы, «Ту тіккен» және «Құрыш қазақ» ерлік – қаһармандық дастандары дүниеге келген тұсында қазақ поэзиясының ортақ жаңалық-жеңісі болды.

“Естай-Хорлан” поэмасының «Уәде» бөлімінен үзінді оқу үшін қыз бен ұл бала ортаға шығады
Автор: Міне үнсіз Хорланы тұр оң жағында,
Құрысын бүйтіп ақын болғаны да!
Жақ ашпай жапырақтай қалтырайды,
Тәңірім тілін байлап, қорлады ма?

«Жақындасам қорқамын, жанам ба? – деп,
Аллама жалбарынам күні-түні,
Ұмсынсам, оң сапарым болар ма?» — деп…

Бірі жоқ әлгі сөздің жаттағанның,
Білмеді алға қарай аттағанын.

Естай: Өзіңе көрімдігім – «Бірмысқалым»,
Ағаңның кешір басқа таппағанын.

Хорлан: Тыныш ем, тымық көлдей толқып кеттім,
Сабырлы ем, өзегімді өрт қып кеттің.
Ескексіз қайық мінген жас балаша,
Есітіп өлеңіңді қорқып кеттім…

Автор: Серінің кеудесіне басын сүйеп,
«Құдайым менің қашан жасымды иед? –
Дегендей өксіп-өксіп егілді қыз,-
Қай күні ғашық жүрек ашық сүйед?!»

Өрт құшақ… бастан кешкен өзіміздің,
Бұндайда қауқары не сөзіңіздің?!
Ақынның сипап тауып ат жоқ қолын,
Кигізді алтын жүзік өзі қыздың.

Шыдатар жалын жастық буы нағып?
Отты ағын бойды қулап шымырланып.
Хорланы құшағында Естай сері
Кетер ме балауыздай бүгін ағып!

Жалғыз түн – жазылған түн маңдайына,
Бұйырды тілдің балы таңдайына.
Тырп етпес, төнсе қылыш төбесінен,
Қарамас келер күннің қандайына.

Естай: Қол қысқа…тосыламын…неғылайын!…
Уәде – келер жылғы мамыр айы!

Хорлан: Ақ тілеу. Алла оңғарсын жолымызды!
Мен – дағы осы арадан табылайын.

Автор: Жабысып көк шалғынға боз жамаудай.
Жатқанын бір жауырын қозғала алмай…
Қыз-жігіт шала аңдады… алаңдады
Көркіне бір-бірінің көз қана алмай.

Көңіл мас, көз жұмулы бұл шағынан
Айырған әзезілге ұқсады таң.
Айрылған аспанынан ай сияқты
Сытылып Хорлан шықты құшағынан…

Жүргізуші (2): Қараңыздар, “Елдіктің еңсесі” дастаны -Абылайды, ғашықтық дастаны — “Естай-Хорланды” толғаса, бұлар арқылы ақын әлгі айтқанымыздай, Отан тарихына саяхат жасаса, “Құрбымның күнделігі”, “Құрыш қазақ”, “Ту тіккен”, т.б, лирикалық, философиялық поэмалары арқылы Отанының бүгініне қайтып оралып, өз замандастарының еңбегі мен ерлігі, сол еңбек пен ерліктің жемісі мен жеңісін жырға қосады. Отан образын осылай жан-жақты ашады. Халқымыздың ой-өрісін, мәдениетін көтеруге қосқан бұл үлес сөз жоқ елеулі еңбек.

“Біздің Қазақстан” әні орындалады:Әні: Ғ.Тамендаровтікі.
Өлеңі: М.Әлімбаевтікі

Жүргізуші (2): Бар болмысын, күллі қалам қасиетін салған “Менің Қазақстаным” атты лирикалық-философиялық поэманы айрықша бөліп атар едік. Мұның өзі — туған ел туралы толғау. Жұрттың “Мұзаға мұзарты” деп жүргендері де осы толғау шығар. Оның барлық ақындық қуатын аямай сарқа жұмсаған бұл шалқыма — Әлімбай поэзиясының мәңгілік тақырыбы, алтын қазығы, тіпті мұзарт биігі екені де рас.
Мұзафар өлең арнасы ел өмірі өзенінен тартылатынын жақсы біледі.

Ақын: Қадірлі Қазақстан, Отан-ана,
Есімім сенен бөлек атала ма?
Алдыңда парызымды өтеп келем,
Өтсем де қарыздар боп ата-анама.
Көгінен күн аумайтын Қазақстан!
Сен жайлы өмір бойы жазам дастан.
Сырлаймын әр сөзімді өле-өлгенше,
Соғамын сәнді сарай асыл тастан.

Жүргізуші (2): Ақиық ақын Мұқағали: “Мұзафар — ойдың ақыны. Шығыршықтың ішін шыр айналған тұтқындағы ақ тиін іспеттес ойнақы сөздің емес, сезгені, түйгені мол ойдың ақыны. …Ізденгіш те тапқыш, көп оқитын, көп түйіп, көп ойланатын бейнетқор да еңбекқор ақын Мұзафар Әлімбай…”деп сүйсінеді. Оның осындай алуан қасиет-қырларын қаһарман Бауыржан Момышұлының, ел ағасы Димаш Ахметұлының, көркемсөз алыптары Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің, алдындағы ақын ағалары Қалижан Бекхожин, Әбу Сәрсенбаев, Әбділдә Тәжібаев, Дихан Әбілевтердің, көптеген өзі тұрғылас таланттардың пікірлері асыра айқындай түседі.

Жүргізуші (1): М.Әлімбайдың сан алуан тақырыптағы барлық өлеңдері де, барлық поэмалары да, яки күллі лирикасы мен эпикасы, бәрі-бәрі бір ұлы арнаға сарқып құйылып жатады. “Абайды қайталап оқығанда” деген атпен жиі жүгіндірген ақындық атасы — Абайдың бір ғана қарасөздерінің құдіретіне 54 мәрте мақала-зерттеме арнапты. Әлімбай Абайдың ауылы туралы жазса да, туған жер туралы тебіренсе де, қыз бен жігіт арасындағы махаббатты жырласа да, алыста қалған ауыр күндердің сұрапыл суреттерін салса да — барлығында да өзінің сыршыл ақын екендігін көрсетеді.

Жүргізуші (2):
Кейде шыным, бала болғым келеді,
Бала болғым келеді.
Бала болып қала бергім келеді,
Қала бергім келеді.
Қаламгердің өлеңдерін жаттап өспеген қазақ баласы, сірә, сирек болар. Мұзафар Әлімбай — азамат ақын ғана емес, әрі ұстаз ақын. Әлімбай поэзиясының өзгеше бай, шұрайлы саласы — балалар әдебиетінің меншігінде. Қазақ балалар әдебиетінде Мұзафар Әлімбайдың шоқтығы биік тұрады. Әсіресе, балалар поэзиясында көлемі, тақырыбы және жанрдың байтақ байлығы жөнінен Мұзафар атаның алдына түсер ешкім жоқ.

Жүргізуші (1): Балажүректілік, болмыс атаулыны балаша қабылдап, балаша сүю немесе балаша ұнатпау сияқты балалар жазушысының басты бағалы қасиеттерін меңгерген М.Әлімбай өмір бойы балаларды үйретіп қана емес, балалардан үйреніп келеді. Оған «Көңіл күнделігіндегі» кішкентай достары туралы «Балалардың ақындық қиялы ұшқыр», «Бала біткен шетінен туасы талант» жолдары куә. Мұнда ол балалар поэзиясына тән қасиеттердің қандай болуы керектігі туралы 16 ережені жаңғақша шағып, тізіп, түсіндіріп береді.

Жүргізуші (1): «Үйлену оңай, үй болу қиын», «Төркіні жақын тулағыш», тағы басқа ел арасына тарап кеткен Мұзафар мәтелдері күн сайын жаңарып толығу үстінде:
 Қазақтың дәмін татқан бар, қазақтың дәмі атқан бар
 Жамандамаса, жаудың іші кебеді
 Кемпарық жарытпайды ел танып
 Алаш баласының аянкес болуға хақысы жоқ
 Ұмыту өткен тарихты, болашақ үшін қауіпті
 Тастанды – ертеңгі қастанды
 Қымбатты құртпа, кітапты жыртпа
 Кітаптан аяған пұл құтаймайды
тағы басқа мұндай афоризмдердің ұзын-саны қазір үш мыңнан асып кетті.

Жүргізуші (2): Мұзафар Әлімбай — сан қырлы талант. Ол көркем шығарма жазумен ғана шектелмей, зерттеу, ізденіс жұмыстарымен де беріле айналысады. М.Әлімбайдың зерттеушілік еңбектері де әр алуан болып келеді. Өзіне дейінгі, өзі қатарлы және өзінен кейінгі қаламгерлердің шығармашылық шеберлігіне тереңдеп үңілу, ол туралы ойларын ортаға салу, халық ауыз әдебиетіндегі, классиктер туындыларындағы сөз шеберлігі мен шешендік өнерді, нақыл сөздерді, мақал мен мәтелдерді жан-жақты талдау, өзгелерге өнеге ету, туысқан немесе шет жұрттағы халықтардың нәрлі сөз оралымдарын қазақша сөйлету — осының бәрі Мұзағамыздың ұзақ жылдардағы тынымсыз тер төге білгенінің куәсі болып табылады.

Жүргізуші (1): М.Әлімбай естелік, эсселері арқылы өз оқырманымен бірге ұлы Мұхтар Әуезовпен бірге Жетісу аймағын аралайды, әйгілі Сәбит Мұқановпен Солтүстік Қазақстанда болады, Мәскеуге сапар шегеді. Соның барлығында да көп жағдайда халық жазушыларының күнделікті өмірлерінен хабардар болып, өз бойына дарытарлық талай әрекеттеріне сүйсініп отырады. Мұзатаң естелігі арқылы халқымыздың еркесі Бауыржан Момышұлының, дарынды ақын Қасым Аманжоловтың, алыптар тобындағы Ғабит Мүсірепов пен Ғабиден Мұстафиннің даналықтарымен қоса, адамгершілік қасиеттерінің тағы бір қырларымен танысамыз. Жұбан Молдағалиев пен Әзілхан Нұршайықов хақында сөз қозғаған сәттерде де Мұзағаң әр қаламгердің шығармашылық та, адами даралықтарын айқын саралап отырады. Ақын ағамыз құрбылары мен өкшелестері

Пред.678910
скачать работу

Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылығы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ