Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

е Қазақстандағы еңбекке ақы төлеу жүйесін реттеудің заңды базасын реформалау басымдығы мемлекеттің еншісінде болады. Сондықтан әлеуметтік төлемдерді міндетті түрде ҚР Еңбек Кодексінің 1 б. 1 т. анықтамалар тізіміне қосу керек, өйткені нарықтық экономика жағдайында әлеуметтік аспект аса маңызды болып келеді. Әлеуметтік төлемдер дегеніміз жұмысшыға әлеуметтік тәуекелдердің зардабын өтеу мақсатында берілетін төлемдер (материалды көмек, бала тууға байланысты берілетін төлемдер, демалысқа баратын жерге дейінгі және кері қайту жолақысы мен жүк тасу шығындары).

Халықаралық құқық нормаларын ескере отырып еңбекақыны реттейтін ҚР Еңбек Кодексі нормаларын жетілдіру аса қажет болып табылады. Еңбекақының әлеуметтік кепілі жағынан бұл Халақаралық Еңбек Ұйымы Конвенциясының (ХЕҰ) талаптарына қатысты. «Еңбекақыны қорғау туралы» №95 Конвенцияның белгілеуінше, ақшалай еңбек ақы тек осы елде заңды айналымдық күші бар валютамен төленеді [11]. Еңбек Кодексінің 134 б. 1 т. ұлттық валютада көрсетілген, бұл Кедендік Одақтағы интеграциялық өзгерістердің аясында проблемалар туғызуы мүмкін. Конвенцияға сәйкес жұмыс беруші ҚР Еңбек Кодексінде ескерілмегендей, өз жұмысшыларына жалақысын еркін пайдалануға қысым көрсетпеуі керек. Сонымен бірге жалақыдан жұмыс берушінің немесе делдалдың пайдасына тікелей немесе жанама түрде жұмыс орнын алуға немесе оны сақтап қалу мақсатында аударымдар жасауға және жұмыс берушілерге қызметкерлердің жалақыларын өз қажетінше жұмсауына қысым көрсетуге тиым салынады. Бұл тұста Қазақстан экономикасында таратылған салық есебінде жалақыларын ресми түрде төмендетіп көрсету жұмысшылардың құқын бұзу, бұл жұмысшының әлеуметтік мәртебесін бұрмалау болып табылады.

Қазақстандағы мемлекеттік құқықтық реттеу бағытына:

-халыққа еңбекақы мәселесі бойынша құқықтық және әлеуметтік қорғаныс құру;

-кедейлік шегін анықтау және осы шектен шығатындар үшін  атаулы әлеуметтік көмек көрсету,  кедейлік және жұмыссыздықпен күрес;

-түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда еңбекке ақы төлеу реформасының  заңдық және әдістемелік негізін құру;

-шаруашылық жүргізуші субъектілері жұмысшыларының жалақысына салық салудың тиімді жүйесін құру;

-жұмысшылар үшін жағымсыз  инфляциялық үдерістерді жеңілдету бойынша шараларды әзірлеу;

-жұмыс берушіге жалақыны дер кезінде төлемегені үшін жауапкершілік белгілеу жатады.

Қазіргі жағдайда еңбектің қиындығы тәжірибеде қолданылатын тарифтік кестенің немесе кәсіби-біліктілік белгілері бойынша саралаудың басқа да түрлерінде ескеріледі. Еңбек шарты қосымша төлемдермен, үстемелермен немесе өтемақылық  төлемдердің басқа да түрлерімен толтырылады. ҚР Еңбек Кодексіне біз ұсынып отырған өзгерістер еңбекақыны өзара байланысы бар түсініктер жүйесінде қарастырып, нарықтық жағдайдағы қазіргі еңбек қатынастарының ерекшелігін ескеруге мүмкіндік беретінін тұжырымдап, осындай қорытындыға тоқталамыз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы (2 бөлімі) «Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 маңызды бағыттары «Қазақстан-2030» Стратегиясы» (Астана, 28 ақпан 2007 жыл) //http://online.prg.kz
  2. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана Новое десятилетие – новый экономический подъем – новые возможности Казахстана //Казахстанская правда. – 2010. – 2 февраля. – Б.2
  3. Ахметова А., Ахметова Г. Еңбек құқығы. Оқулық. – Алматы: Заң әдебиеті, 2006. – Б.152
  4. Кожабаев Е.О. Правовое регулирование трудовых отношений в акционерных обществах. Дисс. … к.ю.н.: 12.00.05 – Алматы, 2002. – Б.105
  5. Хартли Т. Права работников в праве Европейского сообщества. пер. с. англ. Б.Н. Топорнин. – М.: НОРМА-ИНФРА, 1998. – Б. 145
  6. Майнс Д. Труд в правовом поле/пер. с англ. О.В. Смирнов. – М.: ПРАДОС, 2000. – Б.69
  7. Басин Ю.Г. Правовое регулирование заработной платы в новых условиях// Предприниматель и право. – 1999. — №2. – Б.5
  8. Турсунакунов С.Т. Индивидуально-договорные трудовые правоотношения в условиях формирования рыночных отношеий. Дисс. … к.ю.н.: 12.00.05. – Алматы, 1998. – Б.36
  9. Саликова Н.М. Правовое регулирование оплаты труда: Вопросы теории и практики. Дисс. … д-ра юрид.наук: 12.00.05.. – Екатеринбург, 2003. – Б.56
  10. Трудовой кодекс Республики Казахстан от 15 мая 2007 года № 251-3 (с изменениями и дополнениями по состоянию на 19.03.2010 г.)// http://online.prg.kz
  11. Конвенция Международной Организации Труда № 95 об охране заработной платы, Женева, 1 июля1949 г. // http://online.prg.kz
12
скачать работу

НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ