Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Нарықтық экономикады бағаның құралуы факторлары және баға құралуының теориялық аспектілері

лген:

Құн заңы, сұраным мен ұсыныс және де басқа экономикалық заңдарды қолданана отырып, жекеше әдістемелік негізде бағаның құралуы;

Бағаның әсерінен өндірістік кәсіпорындар мен салалардың шаруашылық қызметінің байлаыстылығы.

Бұл байланыспен тәуелділікті агроөнеркәсіптік, орман және басқа да кешендік кәсіпорындар мен салалар мысалында көруге болады. Бұл жағдайда айтатынымыз, соңғы өнімнің бағасы, келесі және аяқтаушы кезең үшін қолданылатын шикізат ретінде бастапқы кезең өнімінің баға деңгейімен анықталады.

4. Бағаның жіктелуі (класификациясы)

Баға байланысы тек қана кәсіпорындар арасындағы технологиялық байланыс кезінде ғана емес, оның жоқ кезінде де болатындығы байқалады. Себебі, жеке салалардағы және жеке категориялық жұмысшыларға еңбек ақы деңгейінің өзгеруі, зергерлік бұйымдардың, әдет-ғұрыптық қызмет түрлерінің және т.б. арзандап немесе қымбаттап кетуіне әсер етуі ықтимал.

Жеткілікті түрде күрделі баға жүйесінде бағыт-бағдарды таңдау үшін баға жіктемелері қолданылады. И.Жельтякова, Г.Маховикова, Н. Пузыния бағаның келесідей жіктемесені атап көрсетеді.

А. Айналымды қамтамасыз ету сипаттамасы бойынша:

Көтерме сауда бағасы –кәсіпорынның өндірген тауарын басқа кәсіпорынға немесе сатып-өткізу ұйымына сату үшін қолданылатын баға.

Бөлшек сауда бағасы-сауда –саттық ұйымының халыққа өнімдерді сатып өткізуі үшін қолданылады.

Сатып алу бағасы- ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер өз өнімдерін келесі өңдеулер үшін мемлекетке, фирмалар мен кәсіпорындарға сату бағасы.

Сметалық құн – құрылыс өнімдеріне (ғимараттар мен құрылғылар,) төлеу үшін баға.

Халыққа қызмет көрсету бағалары мен тарифтері – бөлшек сауда бағаларының негізгілерінің бірі.

Б. Мемлекет тарапынан реттелу әсерлері, нарықтық бәсекелестікке байланысты:

Еркін нарықтағы баға- нарық коньюнктурасына сәйкес сұраным мен ұсыныс негізінде өнімдерге өндірушілердің қойған бағасы.

Реттелуші баға- арнайы басқару органдарының қойған бағасы, олар көбіне жоғарғы дәрежелі әлеуметтік бағыттағы өнімдер, тауарлар мен тарифтерге байланысты қойылады.

Париттетік баға – бағаның бұл түрі АҚШ –да мемлекеттік органдар, ауылшаруашылық өнімдері бағасы мен басқа да тауарлар және қызмет түрлері бағасының қатынасын реттеу үшін қолданылады.

В. Бағаның қойылу әдісі бойынша:

Қатаң (тұрақты) баға  — келісім шарттарда қолданылады және оның аяқталуына дейінгі кезеңде өзгеріссіз қалады.

Ағымдағы баға — әрбір кезеңдегі баға деңгейі. Олар бір келісім шегінде өзгеруі мүмкін және баға жағдайымен айқындалады.

Қозғалмалы баға – келісімде белгіленген баға, екі жақтың келісімі бойынша нарықтық бағаның өзгеруіне байланысты келісімнің орындалуы кезінде болашақта өзгеріске ұшырайтын баға.

Сырғымалы баға  — бағаның бұл түрі ұзақ уақыт дайындалу кезеңін қажет ететін өнімдерге қойылады. Өнімді дайындау үшін қажетті, сол уақыт кезеңінде өндіріс шығындарының өзгерісін есепке ала отырып алғашқы келісім бағаны келісім-шарттың орындалуы кезінде қайта қарастыру жолымен анықталады.

Г. Уақыт әсерлерін есепке алу бойынша:

Тұрақты

Маусымдық

Баспалдақты.

Д. Баға деңгейі туралы мәліметтерді алу әдісі бойынша:

Анықтамалық

Прейскуранттық

Есеп айырысу бағасы

Е. Нарық түрлеріне байланысты:

Аукциондық

Биржалық котировка –биржа арқылы сатылатын стандартталған бір түрлі ұқсас тауарлардың бағалары

Сауда бағасы – мамандандырылған сауда бағасының негізгі бір түрі. Бағаның бұл түрі тауарларды жеткізуге тапсырыстар беруге негізделеді.

Ж. Фирма ішінде қолданылатын баға түрлері:

Трансферттік баға- бір фирма бөлімшелерінің арасында немесе бір ассоциацияға кіретін әр түрлі фирмалар арасында өнімдерді сатып-өткізу кезінде қолданылатын баға.

З. Жеткізіп беру және сату жайлаы бойынша:

Баға нетто –сатып алу-сату орнындағы баға.

Баға брутто – сатып алу – сату жайларын есепке ала отырып анықталады. (Франко) – бұл термин, тауарлардың қозғалыс кезінде сатушыдан сатыпалушыға дейін қайсы пункт аралығында бағаға транспорттық шығындардың енгендігін көрсетеді.

Баға құралу үрдісі өте күрделі және бірнеше бөлімнен құралады. Осыған сәйкес ол мақсатты таңдап алудан басталады.

Баға, бәсекелестік жағдайында ғана жоғары іс-әрекетке ие бола алады.  Бәсекелестіктің жоғарғы деңгейде болуы бірде-бір кәсіпорынның баға құралуы үрдісін өз қолында ұстауына мүмкіндік бермейді, бағаны нарық анықтайды, яғни сұраным мен ұсыныс әсерлерінен баға деңгейі анықталады. Бәсекелестік, өндірушілерге тауардың, өнімнің өзіндік құнын бақылап отыруды талап етеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қасен С.Д., Әсіл Б.Ғ.     Бағалар және баға ќұралуы: Оқу құралы / ҚР білім және ғылым м-трлігі. Сейфуллин атын. Қазақ аграрлық ун-ті.- Астана,                     2002.- 143 б.

Армстронг Г., Котлер Ф. Введение в маркетинг = Marketing: An Introduction. — 8-е изд. — М.: «Вильямс», 2007. — С. 832.

Бронникова Т. С., Чернявский А. Г. Маркетинг: Учебное пособие. — Таганрог: Изд-во ТРТУ, 1999.

12
скачать работу

Нарықтық экономикады бағаның құралуы факторлары және баға құралуының теориялық аспектілері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ