Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Нарманбет Орманбетұлы мен Алаш партиясының қозғалысы

сылымда жарияланғаны жоқ. Ол ақынның азаматтық тұлғасындағы елшілдік қасиетті танытумен қатар қазақ зиялыларын ақыл-парасатқа шақырған озық ойын да айғақтай түседі.

Сүйікті «Қазақ» газетінің шығарушы мырза!

Аға  қарындас.

Лайық көрсеңіз мына хатты бір нөмірге бастырсаңыз.

«Қазақ» газетінің әлденеше нөмірлерінде жазылды. Жаһанша мен Ғалихан мырзалардың бас қосу турасындағы бірнеше мақалалары. Бағзы оқушларға талас-тартыс тәрізді. Менің ойымша мынау мақұл, анау теріс деуге болмайды. Не үшін? Екеуі де халықтың қамқоры сияқты кісі. Моллалар айтады — «Мажмурның қатесі-мақпуы ниет түзулігі үшін» деп, һәм шариғат бір құлды қырық жарады. Ортасын таппақ оңай емес. Жаһанша ақ көңілмен айтатын шығар-кеңескен ел азбайды, кең бішкен киім тозбайды-жақсылар бас қосып кеңессе, әлбетте жақсы болар еді. Жаһанша «қудан ұшқыр, құланнан жүйрік» зейінді, ойлаған шығар.-Жұрт адамы бас болып, ақыл ауыздан, мерей көзден» дегендей, жұрттың мұң-мұқтажын сөйлесіп, бір жағадан бас, бір ауыздан бірлік шығарып, жақсы мәслихатта болып, ХХ-ғасырдың тарихында «Қазақ кеңесі» деп, жазылғандай бірінші болып қалар еді деп. «Кеңескен ел азбайды, кең бішкен тон тозбайды» деген бұ да мақұл.

Екінші. Ғалихан көпті көрген көнелік ақылмен толғанған шығар. — Қазақ жиылып, бас қоса қоя ма, қосқанмен қазірде не шығады? дейсіз. «Көбікке күйген ауыз сүтке күймей ме? Ләкин рұқсат бере қоя ма? «Көрпеңе қарай көсіл» деген, көрпе тар ғой деп.  Бұ да дұрыс. — Кеңесіңді кейін сал, құлағыңды бері сал, көрпеңе қарай көсілу керек деп. Көбікке күйген ауыз, сүтке күймей ме? Қайыр, екеуіне де рахмет айтып, халықтың қамы үшін қалам тебіренткеніне. Һәм өтінем сол екі бауырымның асыл сөздерін жасыққа жібермей тоқтатуға.

Біздің қазақ осы күнде тұманда адасып. .  . . . . . . . . ..  . .   . . . . .  .

Адасқан адамға-батыстан біреу, шығыстан біреу айқайласа, қайсысына барарын да білмейді һәм ауылын да оңай таба алмайды. Әгәр дауыс біреу болса тұспалдап табуға да болады. Осы мүптилік мәселесі қозғалынса, оған да бірыңғай мәсилихат ету керек. Мен ойлаймын-қыр облыстарының қазағы  рухани жұмыс туралы ноғай мүптиі де қосылу керек,. Ноғай біздің: бірінші-түптес, екінші-діндес қарындасымыз. Ноғай түгіл кеше . . . . . мұжықтың жартысы қазақпен бір туысса. .. . .. . . . . . .. . . ..   .. . …….. ..    . . .. . . .. . .. .. .. ..  .

Ақыр көрпеміз ұлғайса көреміз. Бір болыс елдің екі болыс ел болғаны бар ғой. Және де қариялар айтыпты «барыңда болып өт, боз жорғадай желіп өт, әгәр оңай болмасаң, болған ердің қосын деп».Нарманбет Орманбетұлы. Қарқаралы.» .

Хаттағы ақын ойларынан оның әлеуметтік мәні зор іске үн қосып, елдік мәселедегі ортақ шешімін табуда парасат пайымдарын білдіріп, ұлт зиялыларының талаптарын қолдаушы болғанын көреміз. Сонымен қатар туысқан татар халқымен рухани, діни өркендеуде бір бағытты ұстану қажеттігі туралы толғаныстарының да саяси мән-мағынасы терең деп айта аламыз. Өйткені өз дәуірінің келелі мәселелерінен шет қалмаған ақын сол тұстағы жәдитшілді, милләтшілдік сияқты Ресей түркі халықтырының озық ойларымен де таныс болғанын хаттағы пікірлері толық танытады.

Қазақ әдебиет тарихында туған елінің бодандық қалпын ерекше бейнелеумен қалған Нарманбет Орманбетұлы сияқты елшіл ақынның «Алаш» қозғалысынан тыс қалуы мүмкін емес еді. Оны жоғарыдағы ақын өлеңдерінен, сол ұлт-азаттық қозғалыс тұсындағы ұлтжанды әрекеттерінен байқадық. Әлихан Бөкейхан, Жақып Ақпаев сияқты қайраткерлердің пәрменді істеріне үн қосқан Нарманбет Орманбетұлының ұлт тарихындағы осы оқиғадан алар өзіндік орны бар.

Халықтың өткен өмірі жалпықоғамдық мәні бар тәжірибе ретінде қорытылып, белгілі бір дәрежеде ұлт игілігіне асқанда ғана құндылыққа айналады. Онсыз өткен тарих қысыр әңгіме ғана. Егер біз Алаш қозғалысын ұлт тарихында ерекше орны бар құбылыс ретінде ғана бағалаумен шектелсек, онда оны түсіне алмаған ұрпақ болып шығар едік. Бізге бүгін жалпыұлттық деңгейде қорытылып, жалпыұлттық деңгейде игерілген, яғни ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы міндетін атқара алатын тарих қажет. Ал Алаш қозғалысы сол дүниетанымдық тарихтың өзегі.

Мәмбет Қойгелдиев

Азат Бабашев

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия

ұлттық университетінің ізденушісі

12
скачать работу

Нарманбет Орманбетұлы мен Алаш партиясының қозғалысы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ