Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Нәзір Төреқұлов

ң өзі де Нәзірдің беделінің өте биік, елші ретінде өте сыйлы, абыройлы болғандығын дәлелдей түседі.

Н.Төреқұлов Сауд үкіметімен келіссөзде, әрине, Кеңес үкіметінің көзқарасын, саяси тұғырнамасын берік қорғап отырған. Соның нәтижесінде Сауд үкіметі бұрынғы бірқатар талаптарын қайтып алды, саудадағы бұлжымай келген шектеулер толық алып тасталынды. Бұл туралы ханзада Фейсал кеңес елшісіне: “Ақыр соңында, бес жылғы даудан кейін Саудиядағы кеңес саудасы бағынуға мәжбүр болған, ылғи да Сауд-Кеңес қатынастарына қысым жасап, олардың қалыпқа түсуіне бөгет болып келген ерекше тәртіп ауыртпалығы еңсерілді”, – деп хабарлады.

Ал корольдің өзі Меккедегі ордасындағы кездесуде Нәзірге өз саясатын былай тұжырымдайды: “Мен кеңес өкіметінің көмегіне зәрумін. Мен әскери-саяси мәселелерде КСРО-ның қолдауына ие болғым келеді. Кеңестер маған басшылық жасап отырсын. Мен артымдағы барлық күш-қуатыммен Кеңестерге еремін. КСРО мен арабтардың мүддесі үшін кеңестер мені қалауынша пайдалана алады”. Демек, осының бәрінен шығатын қорытынды: Н.Төреқұловтың елшілік қызметінің тиімділігі мен кәсіби деңгейінің биіктігі ешқашан дау тудырмаған. Біз баяндап өткен аса күрделі, шытырман, әрі өте шетін, аса сақтықты қажет ететін елшілік еңбектің барлық қыр-сырын Нәзір Төреқұлов жете меңгергендігі анық.

Сонау өткен ғасырдың 30-шы жылдарында Нәзір Төреқұловтай отандасымыздың, қазақ азаматының әлемдік деңгейде терезесін тең ұстап, сол алпауыттардың өз тілінде, өз дәрежесінде Кеңес Одағы сияқты алып мемлекеттің елшісі ретінде абыроймен қызмет атқаруы, сүйте жүріп түркі тектес халықтардың да мұң-мұқтажын шешіп, осы жолда қам жасап өтуін де ерлікке пара-пар еңбек десек, артық емес. Осындай тағылымды тағдыр кешкен перзентіміздің тәуелсіздікке қол жеткен заманымызда арамызға қайта жарқырап оралатын кезеңі де келді. Ендігі жылдары оның атаулы даталарына сәйкес үлкен-үлкен білім ордаларының, дипломатия мектептерінің атаулары, мемлекеттік деңгейдегі сыйлықтарымыз Н.Төреқұловтың есіміне ие болып жатса қанеки.

Нәзір Төреқұлов – тарихи тұлға. Оның асыл бейнесін, ел алдындағы ересен еңбегін әрдайым есте сақтаған жөн.

Авторы: Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Ұлт рухын ұлықтаған

Қай кезде болсын белгілі бір қоғамның даму жолын алға жылжытуда жекелеген тұлғалардын феномені ерекше орын алатындығы баршаға белгілі. Өз елінің тәуелсіздігі мен ұлтының жарқын болашағы үшін күрескен ірі тұлғалар бүкіл адамзат өркениетіне маңызды үлес қосып келеді. “Аса көрнекті тарихи қайраткерлердің, шын мәніндегі мемлекетшілердің тұтас бір шоғырының” – жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде-ақ қазақ мемлекеттілігінің даму мақсатын тұжырымдап берген тұлғалардың ұлттық мүдделерге қызмет етуінің ұлы тарихи үлгісі көз алдымызда тұр”, деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің “Тарих толқынында” деген еңбегінде жазғанындай, қазақ тарихындағы ірі тұлғалардың қоғамда алған орны мен олардың ұлт үшін жасаған еңбектерінің маңызын көрсете білу – біздің парызымыз.

Осы орайда Қазақстанның қазіргі заманғы мемлекеттілігінің бастауында тұрған аса көрнекті тұлға, нағыз елжанды, ардақты азаматтарының бірі Нәзір Төреқұловтың да ұлтымыздың әлемдік кеңістікте өзіндік орнын иемденуге қосқан үлесін атап өтуге тиіспіз. Өткен ғасырдың басында егемен ел болу үшін өлшеусіз тер төккен алаш қайраткері Нәзір Төреқұловты ұлтымыздың арасынан шыққан тарихи тұлғалардың бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері ретінде тануға тек еліміз дербес саясатын жүргізе бастаған соңғы кезде ғана мүмкіндік туды.

Кешегі патшалық Ресейде, 70 жылдан астам үстемдік құрған өктемшіл саясат дәуірінде тарих сахнасына шыққан Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Қожанов сынды қайраткерлер бүгінгі Тәуелсіздігіміздің жолдарын, амалдарын анықтап берген болатын.

“Туған халқын жанындай жақсы көріп, табиғат молынан берген қабілет-дарынын, ақыл-білімін, күш-жігерін соған адал қызмет етудің ізгі мұраттарына арнаған қазақтың сайыпқыран перзенттерінің бірі, бірі емес бірегейі Н.Төреқұлов болып табылады”, – деп жазды халық жазушысы Қ.Мұхамеджанов дипломат, саясаткер Т.Мансұровтың “Елші Н.Төреқұловтың Арабия дастаны” атты кітабына берген алғысөзінде.

Нәзір Төреқұлов Ресей отаршылдығының Түркістан халықтарына қаншалықты қасірет алып келетінін жан-жүрегімен сезінген. Бұл туралы ойларын ол Ташкентте, Мәскеуде шығып тұрған басылымдарда жариялаған мақалалары мен биік мінберлерде жасаған баяндамаларында бүкпесіз айтқан. Патшалық Ресей мен большевиктер билеген Ресей Түркістанды шикізат өндіретін ел ретінде санап, оның мәдени өркендеуіне мүдделі болмағанын, қайта халықтың өсіп-өркендеуін тежеп, кедергі келтіріп отырғанын тұңғыш рет айтып, ашық әшкерелеген.

Нәзір Төреқұлов XX ғасыр басындағы ұлы өзгерістер кезеңінде тарих толқынымен сахнаға шыққан күрескер. Дүниетанымы демократиялық бағытта қалыптасқан мемлекет және қоғам қайраткері. Жиырмасыншы жылдары Түркістан Республикасының бірінші хатшысы болып сайлануының өзі көп жайтты аңғартқан­дай. Өйткені, ол жылдары Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышпаев секілді “сен тұр, мен атайын” дерлік ірі тұлғалар Ташкентте шоғырланғанын, Нәзір солардың қалауымен жас Түркістан Республикасы бірінші хатшысы болып сайланғанын ескерсек көп мәселеге көз жеткіземіз. Міне, осы бір кезеңдерден басталған қайраткерлік жол жалындаған жастық ғұмырын қиып түскен сталиндік репрессияға дейін жалғасты. Ол негізінен ағартушы, білгір баспагер, ел мен елді елдестірген елші болып өткен ғасырда өмір сүрген қазақ зиялыларының қақ ортасында шоқтығы биік тұрды. Қандай қызмет атқарса-дағы халық қамын жеген қайраткер дәрежесінен бірде-бір рет ауытқымай өтті.

Нәзір Төреқұлов қарымы үлкен қаламгер. Жастай жалындап өлең жазған ол аласапыран уақытта Торғайға барып “Қазақ мұңы” газетін шығарды. 1916-17 жылдары толқыған Торғай күрескерлер шоғырланған төңкерісшіл ойдың бесігі болғаны көпке мәлім. Демек, Торғайда демократияшыл ойға рухани тамызық берген, қоғамдық ойдың қозғаушысына айналған тұлға — Нәзір Төреқұлов! Ташкентте “Темірқазық” журналын ұйымдастырып шығарып тұрды. Қаламы ұшталып, ойы толысқан ол қазақ, өзбек, тәжік тілдерінде халықтың көкейкесті мәселелерін қозғап көптеген мақалалар жазып жариялады. Бұл орайда Нәзір Төреқұловты жалынды публицист ретінде танимыз.

Нәзір Төреқұлов қазақ, өзбек, тәжік тілдерін “ана тілім” деп білген, татар, башқұрт, қырғыз, әзірбайжан тілдерінде оқыған, ағылшын тілін білген, аз уақытта араб тілін меңгерген полиглот, меңгерген білімін іске жаратқан үлкен ғалым. 1926 жылы Бакуде өткен І түркологиялық конгреске арнайы қатысып алфавит жайында баяндама жасады. Онда латын әліпбиін қолдады. Қазақ, өзбек, тәжік тілдерінде оқулық жазды. Өмірінің соңында түрік тілдерін салыстыра морфологиялық зерттеу жүргізді. “Түрік халықтары кіндік баспасы” бас редакторы кезінде 12 тілде кітап ұйымдастырып, басып шығарып отырды.

Нәзір Төреқұлов Қазақстандағы алғашқы баспагерлердің бірі. Ұлт респуб­ликасында баспа ісін ұйымдастырушы болған ол Мәскеуде 1922-28 жылдары “Күншығыс халықтары Орталық баспасында” бас редактор болып істеді. Халық даналығы дерлік түркі халықтары мақал-мәтелдерін, жұмбақтарын кітап етіп бастырды. Қазақ Бөкейханов, Жұмабаев, өзбек Аблани, башқұрт Вилданов секілді түркі халықтары ардақтыларын шығармашылық іске тартты.

1918 жылы РКП (б) қатарына өтіп, Қоқан автономиясын құлатуға қатысқан. Қоқан Ревком төрағасының орынбасары және хатшысы болды. Ферғана облревкомының және Түркістан Республикасы Орталық атқару комитетінің төрағасы болды.

1920 жылы Түркістан КП Уақытша орталық комитетінің мүшесі және оның Атқару бюросының жауапты хатшысы қызметін атқарды. 1922 ж. Түркістан Республикасының Оқу-ағарту комиссары болып сайланды.

1922 жылдың қыркүйегінен КСРО ОАК жанындағы Орталық баспаның басқарма бастығы, сонымен бірге Мәскеу жоғары оқу орындарында шығыс тілдерінен сабақ берді, ғылыми еңбектер жазды. Оның “Бұхара Советтік Халық Республикасы”, “Қоқан автономиясы”, “Ферғана мәселесі” деген тарихи шығармалары бар. Өзбек мектебі үшін алғашқы оқулықтар жазды. 1923 жылы “Темірқазық” журналын шығаруды қолға алды. Бұл журнал қазақ әдебиетіндегі кенжелеп қалған сын мәселесіне көңіл аудара бастады. “Нәзір жолдастың сыны қазақ әдебиетіндегі алғашқы сын деп айтуға болады” (С.Мұқанов. “Қызыл Қазақстан”. №16, 1923 ж).

Көп ұлтты Түркістан Республикасының саяси тынысында Нәзір Төреқұлов партиялық және мемлекеттік жоғары билік тұтқаларын ұстаған. Жергілікті ұлт өкілдерінің алғашқылары қатарында Түркістан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшылығына сайланған. Одан кейін де Түркістан Республикасы Орталық Атқару комитетін (ЦИК), Оқу-ағарту халық комиссариатын басқарды. Түркістан майданы революциялық әскери кеңесіне мүше болды. Сондай-ақ партия тарихы институтын өз қолымен ұйымдастырып, оның органы “Түркістанның қызыл жылнамасы” журналын шығарды. Сауаттылығы төмен елде қоғам құрып, мемлекеттік құрылысты енгізудің қиыншылығын түсінген Т.Рысқұлов, С.Қожанов, М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедовтер оқу-ағарту ісіне аса мән беріп, Ташкентте тұңғыш қазақ жоғары оқу орнын ашты, бұл істің басында Нәзір Төреқұлов тұрды. Ірі лауазымды қызметтер атқара жүріп, саяси ғана емес, мәдени шаралар бойынша да оң шешімдер қабылдады. Бүкіл адамзаттық құндылықтарды игеруді қадір тұтуды өз ұлтының дәстүрімен ұштастырды.

Нәзір Төреқұловтың Түркістандағы қызметі аса бір күрделі кезеңге – жаңа қоғамның әлеуметтік мұраттары жүзеге асырылған ауқымды әлеуметтік сынақ уақытына тұстас келді. Л.Троцкийдің пікірінше, жұмыс барысында кедергі аздай жергілікті саяси топтарға “орталықтан жіберілген басшылар… де

1234
скачать работу

Нәзір Төреқұлов

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ