Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері

47"> 417,2
924,3 901,1 615,2  

              Бағдарлама шараларын жүзеге асыру үшін жалпы қажетті қаржы 17853,3 млн. теңгені құрайды. Бағдарламаны қаржыландыру құрылымында ең үлкен үлес салмақты республикалық бюджет қаржысы – 12980,5 млн.теңге (72,7%), жергілікті бюджет – 1377,8 млн.теңге (7,7 %), басқа көздер – 3495,0 млн. теңге (19,6 %) алады.

Республикалық бюджет есебінен қаржыландыру

2006-2010 жылдары облыстың АӨК дамытуға республикалық бюджеттен тартылатын қаржы-12980,5 млн. теңгені құрайды. Қаржы ресурстары: агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қайта жабдықтауға — 2750,0 млн. теңге, өсімдік шаруашылығын тұрақты дамытуға — 322,4 млн. теңге, мал шаруашылығын дамытуға — 203,5 млн. теңге, ветеринарлық қауіпсіздікке — 704,3 млн, теңге, фитосанитарлық қауіпсіздікке — 1478,6 млн. теңге, өнім сапасын бақылауға — 117,2 млн. теңге, ауыл шаруашылығы өнімін өткізу инфрақұрылымын дамытуға — 500 млн. теңге, АӨК қаржылық инфрақұрылымына — 6904,5 млн. теңге бағытталынатын болады.

Жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру

2006-2010 жылдары Бағдарламаны жүзеге асыруға облыстық бюджет қаржысынан 1377,8 млн. теңге бөлінетін болады, оның ішінде бірінші репродукциялы тұқым бағасының бір бөлігін арзандатуға – 83,8 млн. теңге,  асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға – 158,8 млн. теңге, сүт-тауарлы фермаларын ұйымдастыруға – 593,5 млн. теңге, қолдан ұрықтандыруға – 58,1 млн. теңге, кәсіптік мектептердің материалды-техникалық базасын нығайтуға — 80 млн. теңге, АҚК астық қабылдау кезінде бақылау сынамаларын сараптауды ұйымдастыруға – 8,4 млн. теңге, көкөніс қоймаларын қайта жаңартуға -  12,5 млн. теңге несие, көктемгі- далалық және егін жинау жұмыстарын несиелендіру кезінде сыйақы ставкасын өтеуге — 122 млн. теңге, көрме-жәрмеңке шараларын өткізуге -4,0 млн. теңге, арнайы қоймаларды (қорымдарды) салуға және тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді, және олардан босаған құтыларды ұйымдастыруға-12,0 млн. теңге бө лу жоспарлануда.

225 млн. теңге сомасындағы аудандық бюджет қаржысы мал қорымдарын ұйымдастыруға, бұдан басқа Орал қаласы бюджетінен — 20 млн. теңге коммуналды ауыл шаруашылығы  рыногын жарғылық қорын ұлғайтуға бағытталынатын болады.

Басқа көздерден қаржыландыру

2006-2010 жылдары Бағдарлама шеңберінде басқа көздерден 3495,0 млн. теңге көлемінде несие тарту көзделіп отыр.

Бұл қаржылардың ішінде техника және технологиялық жабдықтар сатып алу лизингісі 595 млн.теңгені, қайта өндеу кәсіпорындарының айналымдағы қаражатты толықтыруға коммерциялық банктер несиелері — 1750 млн.теңгені, ауыл шаруашылығы техникаларын шығару бойынша инновациалық жобаларды жүзеге асыруға инвестиция — 330 млн.теңгені, ет өндеу кәсіпорынның және сүт зауыты құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға несие — 820 млн. теңгені құрайды

 

Қорытынды  және  ұсыныстар

Жалпы өнімдер көлемі бойынша, республикадағы ауыл шаруашылық кәсіпорыңдары шағын көлемді өндіріспен сипатталады. Нарықтық қатынастарға көшу кезіндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі қажетті деңгейде емес, сондықтан бұл саланың экономикалық ахуалы үнемі жан-жақты талдауды қажет етеді.

«Батыр» ЖШС-нің айналысатын іс- әрекетінің  негізгі түрлері болып: құрылыстық – монтаждық жұмыстар, материалдық – техникалық қамтамасыз ету, сауда және коммерциялық іс- әрекет, ізденіс – жобалау және эксперттік жұмыстар, құрылыстық материал, бұйым және құрастыру өндірісі, т.б. табылады.

Серіктестіктің жарғылық капиталы 7730 мың теңге. Серіктестіктің жарғылық капиталына салым болып ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық т.б табылады. Серіктестіктің мүлкінде қатысушылардың үлесі жарғылық капиталдың 100 пайызын құрайды.

3 – кестеден көрініп тұрғандай, өндіріске кеткен шығындар құрылымы мен көлемі жылдан-жылға төмендеген. Бұл өндірістің құлдырауына байланысты болып келеді. Егер, шығынның барлық сомасы 2003 жылы 476113 мың теңгені құраса, ал 2005 жылы ол 408333 мың теңгені құраған. Яғни, оның номенклатурасы бойынша шығын құрамы да өзгерген. Нәтижесі бойынша, материалдық шығын құны төмендесе, еңбекақыға шығындар 2004 жылдан 2005 жылға барғанда аздап жоғарылап, 2003 жылы қайтадан көлемі төмендеп кеткен. Еңбекақы шығынының былай өзгермелі болуы еңбекақы қоры мөлшеріне байланысты.

Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберіндегі мемлекеттік шараларды іске асыру жобалары жасалды. Қазіргі кезде АӨК өрісінде 2000 астам стандарттар және техникалық жағдайлар қызмет еткенімен, олардың 80% астамы 2005 жылдан бұрын қабылданғандар, 3000 нормативтік актілер қазіргі талаптарға сай емес, олар қайта қарауды талап етеді.

Техникалық сервисті сенімді әрі сапалы ұйымдастыру үшін мыналар қажет: техникалық құралдар рыногы, қызмет көрсету рыногы, ұсыным мен сұранымға толық тәуелділікті қамту, қызмет көрсету сапасына ұйымдық — экономикалық және құқықтық кепілдік.

Сервистік жұмысты  ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өздері немесе арнаулы жөндеу кәсіпорындары және даярлаушы-зауыттарда атқаратын болады.

Өсімдік шаруашылығының үлес салмағы 1994 жылы 65%-дан және 1999 жылы 10% -ға шиеленіскен жағдайға дейін жетті. Бұндай құрылымдық жылжу 1995 – 1999 жылдары (1995, 1996, 1998, 1999 жж.) жиі құрғақшылық салдарынан болды, мал шаруашылығына қарағанда өсімдік шаруашылығының құлдырауы айтарлықтай жылдам жүрді. Астық өндірісін мемлекеттік қолдау өндіріс көлемі мен өсімдік шаруашылығы үлесін 2003 жылы 48%-ға дейін өсіруге мүмкіндік берді, 2004 жылы ол  43%-ға дейін қысқарды, 2005 жылы төмен өнімділікке байланысты одан әрі 30%-ға дейін төмендеу күтілуде.

Дегенмен, кейбір болжамдар бойынша, егер тамақ өнеркәсібі ірі отандық және шетелдік инвестициялар обьектілеріне көкөніс пен жеміс-жидектер өнеркәсіптік түрге арналып, жаңа және модернизацияланған кәсіпорындар тарапынан өңделуге түсуі артатыны анық.

АӨК жүйесінде мәліметте жинаудың арнаулы сапасы ретінде стратегиялық маркетингтік талдау жүзеге асырылатын болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.  Назарбаев Н.А. Стратегия-2030.- М.,1997 г.

2.  Программа развития сельскохозяйственного производства на 2000-2002 годы. Республиканское совещание работников аг­ропромышленного комплекса (8 февраля 2000 г., г.Астана). // Панорама № 6.- 11 февраля 2000 г.

3.  Айтуганов  Б.   Развитие  агропромышленного  комплекса. –

Транзитная экономика, 1998 г.

4.  Баймухамедова Г. Сущность, содержание и функции рынка, средств производства и услуг в условиях рыночной экономики.// Вестник с-х науки Казахстана № 8.- 2003 г.

5.  Баймуратов  У.Б.  Национальное  экономическая  система.-Алматы: Ғылым, 2000 ж.

6.  Гиззатова А.И. Дифференцияция регионов Казахстана по уровню   беспеченности   продовольственными  ресурсами.-М.: НИИЭСХ, 2002 г.

7.   Калиев Г.А. Законодательное обеспечение развития АПК в Казахстане. // Вестник с/х науки Казахстана № 5.- 2003 г.

8.  Сейтбеков Л.С. Приоритеты научно-технической политики АПК Казахстана. // Вестник с-х науки Казахстана №10.-2003 г.

9.  Мадиев Г. Тенденции развития сельхоз формирований. // Вестник с-х науки Казахстана №3.- 2004 г.

10 .Тлеубергенова А. Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы экономикасында қазіргі кезде қалыптасқан проблемалар. Актуальные проблемы экономики Западного Казахста­на. АПК и социальная сфера в условиях рынка: Тезисы меж­дународной научно-практической конференций. — Орал: ЗКГУ,2001г.

11.Шомкекова Б. Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері. // Қаржы-қаражат № 8-9.- 1999 ж.

12.Регионы Казахстана, 2002. Статистический сборник/Под ред. А.А.Смайлова.- Алматы, 2002 г.

1З.Казахстан и его регионы. // Ежеквартальный журнал №1.-2003.Г.

14. А.Б. Оспанов. Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электендіру  ғылыми-зерттеу институтының еліміздің агроинженерлік ғылымын дамытудағы ролі.// Жаршы 2003 ж №10.

15.Л.С.Сейтпеков Қазақстан агроөндірістік кешенін ғылыми- техникалық қамтамассыздандырудың басты бағыттары.// Жаршы 2003 ж №9.

16.А.К.Күрішбаев. Қазақстан Республикасындағы астық өндірісінің жай-күйі және проблемалары.//Жаршы 2003 ж №11.

17. А.А. Колашников, М.М. Мүсекенов. Ауыл шаруашылықтың қазіргі жағдайда егін суару ресурстарын үнемдеу. // Жаршы 2004 ж. № 8

18. А. Мұқашев. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың ілімдік негіздері.2003 ж. №5.

19. Н. Я. Коваленко. Экономика сельского хозяйства. Курс лекций  Москва 1998 г.

20. Казахстан и его регионы.// Ежеквартальный журнал № 1-2003 г

21. М. Н. Малыш. // Аграрная экономика. Учебник. Санк-Петербург 2002 г.

22. Н. А. Попов. Экономика сельского хозяйства. Учебник. Москва 1999 г.

23. Қ. Е. Құбаев, Ж. О. Ихданов, А. Ш. Кәрібай. Аграрлық сектор экономикасы мемлекеттік реттеу мәселелері. (Оқу құралы) Алматы «Экономика» 1997 ж.

24. Ескараев. О. К. « Агропромышленная интеграция: проблемы, перестройка». Алматы, &laqu

1234
скачать работу

Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ