Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Оқыту үрдісінде ойлауды дамыту

жесінде оқушылар дұрыс ойлау мәдениетіне үйренетін болса, бұл жерде түбегейлі айырма жоқ.

         Жақсы өңделген және берік тұрақталған әдістердің қалыптасуына әкелетін ақыл-ой дамуының аса маңызды жағын құрайды. Бірақ бұл пікір жалпылама сипатта ғана, себебі нақты әдіс-тәсілдері сан алуан, әр текті болып келеді. Бұл жерде біз ойлау мәденеитіне тоқталамыз.

        Соңғы кездердегі педагогикалық ізденістерде ақыл-ой біліктерінің мақсатты түрде  дамуына ойлау әрекетінің арнайы қалыптасуына ерекше назар аударылуда, яғни ойлау дағдыларына үйретуге, танымдық ізденіс процестеріне ден қойылуда. Бұл ізденіс басталғаннан бері педагогикалық тәжірибеде әртүрлі оқу курстарына ақыл-ой дамуына байланысты тапсырмаларды енгізуге ұмтылыс жаппай сипат алды. Мамандар мен оқытушыларға жаппай бағдар беру мақсатында ойлаудың білік-дағдыларының ортақ көрініс көрсету үшін ортақ үрдісіне мақсатты түрде қалыптастырылуға тиіс осы ойлау машықтарының бірыңғай үлгісі жасалды. Ақыл-ой/интеллектуалдық/ дағдыларының орталық тірегі, діңгегі болып ойлау белгіленеді.

        Ойлау мәдениеті үшін төмендегідей сапалар тән болуы тиіс: айқындық, қайшылықсыз, бірізділік, негізділік, дәйектілік, яғни ойлау тәртібін құрайтын заңдылықтар басшылыққа алынады.

        Ойлау мәдениетін тек қана пайымдаулар мен тұжырымдардың логикалық тұрғыдан қатаң дәлелдігі айқындамайды, ол үшін мінез-құлықтың да белгілі бір сапалары қажет: “оқушының ақыл-ойын басынан-ақ өзіндік сыншылдыққа, өзіндік көзқарастарын өз бетінше қорғай алуға, қарсы пікірлерге жауап табуға үйрету керек” екендігін И.Кант дәлелдеген болатын (9.102)

        Ақылдың сыншылдығы, сонымен бірге, жеке тұлғаның мінез-құлық

ерекшелігіне айналады, ақыл-ой процестерінің жүруіне әсер етеді. Ол, шын

мәнінде, міндеттің ақиқат жағдайлары мен шарттарына сәйкес келмейтін сәтсіз ұқсату –сәйкестендірілуі шығарып тастайды.

        Адам өзінің және өзгенің ойларына қатаң баға беріп отырады, олардың күшті және әлсіз жақтарын көре біледі, кез-келген болжамды ақиқат ретінде тани бермейді, оның ақиқаттығын дәлелдеуге ұмтылады. Адамның ойлау сыншылдығы өзі қалыптасқан көзқарастарын, қағидаларын қайта қарап, егер ол ғылым мен практиканың жаңа, тың мәліметтеріне,деректеріне қайшы келсе, оларды соған сәйкес өзгертіп отырады.

         Ғылыми-техникалық даму жағдайында әр саладағы білімнің қажеттілігі мен адам әрекетінің сан алуан түрлерінің бөлініп шығу үрдісі, сонымен бірге әртүрлі мамандыққа ортақ болатын құраушы бөліктерінің көрініс беруі арқылы олардың бірігу үрдістері үнемі жүріп жатады, бұл адам еңбегінің неғұрлым түсуінің нәтижесі болып табылады. Сондықтан оқыту барысы кезінде жеке тұлғалық сапалардың нақты дағдылары мен біліктерінің, қатаң анықталған білім жүйесінің қалыптасуын қамтамасыз ету керек болады. Бұның бәрі оқушының оқу процесі кезіндегі ақыл-ой әрекетін басқара білуді барынша өзекті мәселеге айналдырды.

        Оқушыларды ой еңбегіне тәрбиелеу түгелдей оқыту-тәрбие жұмыстарының кезінде үздіксіз жүріп отырады. Ақыл-ой тәрбиесінің табыстылығын айқындайтын негізгі факторлар; оқу материалдарының мазмұны, оқыту әдістері және оқушының сол арықылы реттеле ұмтылдырған, қоршаған өмірге байланысты жеке өзіндік тәжірибесі арқылы бекітілген танымдық әрекеті, сыныптағы және сыныптан тыс сабақтардың мазмұны және мектеп оқушылары оқып білім алатын, өмір сүретін жалпы ақыл-ой ортасының дәрежесі болып табылады.

       Оқушылардың ойлау әрекетін басқарудың маңыздылығы қазіргі заманғы оқыту процесін талдау барысында үш негізгі аспектіден ашылады:

1.структуралық/құрылымдық/-оқыту процесін жүзеге асыратын жүйенің құрылысы жағынан;

2.функционалды /қызметтік/ - оқыту процесін басқаратын негізгі бағыттың көрінісін анықтау тұрғысынан;

3.информативтік /ақпараттық/ - осы жүйеде әрекет ететін білімдік, танымдық ақпараттар тұрғысынан;

        Ақыл-ой әрекетін басқарудың маңыздылығы оқытушы мен оқушының белсенді түрдегі байланысын анықтауға мүмкіндік беретіндіктен арта түседі. Ұстаз оқушының танымдық әрекетін мақсатты түрде басқару арқылы нәтижесінде оқушыда белгілі бір анық білім қоры, дағдылар мен тіліктер қалыптасады.

        К.Н.Волков адам ойының, ойлаудың дамуы нәтижесінде бірқатар құнды ойлар білдірді. Бұл процесте оқытудың жетекші роль атқаратынын ерекше көрсете отырып, К.Н.Волков: “оқыту процесі оқушының кешегі өткен даму жасына емес, болашақтағы даму жасына қарай бағыт-бағдар алуы тиіс, оқытуды аяқталған бір даму кезеңі немесе деңгейі ретінде қарастыруға болмайды. Оқыту ең алдымен әлі қалыптаспағанға, енді алда оқыту арқылы қалыптаспағанға, енді алда оқыту арқылы қалыптасатынға қарай бағытталатындай түрде жүргізілуі қажет” (10.97).

        Оқытуда деректер мен теориялық қағидаларды білмейінше, даму жоқ және болуы да мүмкін емес. Тұлғаның дамуы мен білімді меңгеруі екеуін тікелей бір нәрсе деп есептеуге болмайды. Сөйте тұра оқушылар деректер мен теориялық қағидаларды есінде сақтап алып, өздерінің танымдық қабілеттерін әртүрлі дәрежеде жетілдіреді, алған білімді өздігінен, біреулері саналы әрі жедел түрде қолдануды үйренеді. Оқытудың түрлі әдістері тұлғаның қалыптасуына өз әсерін тигізіп отырады.

        Ойлау дамудың жеке көрсеткіштерінің бірі адамның алдынан пайда болған қағидалық және тәжірибелік міндеттерді аңдап қалуы, оны жете түсінуі және оны орындап шығуы болып табылады. Оқушылар үшін даму үйренімділіктің, оқытылымдықтың өсуі, яғни барынша үнемді түрде мүмкін болғанша неғұрлым мол білімділік және тәрбиелік құндылықтарды алу қабілеті арқылы анықталады.

        Өзіндік жұмыстар арқылы оқушыларды оқытудың әдістері мен психологтар мен дидактиктер жасаған оқушыны ойлау әрекетіне меңгерту тәсілдері тығыз байланысты. Сондықтан бұл тәсілдер де оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізу тәсілдерімен байланыста қаралады. Ақыл-ой әрекетінің кең көлемді тәсілдерін, яғни ойлау әрекетінің әртүрлі жағдайында қолданылатын және оқу материалдарының көптеген түрлеріне ортақ болатын жалпы тәсілдерді және әрекеттің тар белгілері бір жағдайында ғана пайдаланылатын арнаулы тәсілдерді ажыратып, екіге бөліп қарастырылғанымен, бұл екеуінің арасында қатаң шекара жоқ. Екеуі де ақыл-ой тәрбиесіне көмегін тигізеді, бірақ олардың ықпалдығы бірдей дәрежеде емес.

        Дамыту әрқашан тәрбиеленуші, ал тәрбие дамытушы болуы тиіс. Бұл пікірдің көкейтестілігі сонда, жеке тұлғаның белгілі бір сапаларын меңгермейінше ойлауды дамыту мүмкін емес, оқыту барысында тәрбиелеу процесі әрдайым қатар жүріп отырады. Ойлау қабілетін дамытуды қарастырғанда, оның жүйелі ұйымдастырылған оқыту процесінде жүзеге асатынын ескеру керек болады. Ойлауды ұйымдастырылған оқыту процесінде дамыту жағдайында жүзеге асырудың өзіндік мәні бар басты ерекшелігін көрсету қажет: ол оқушылардың теориялық ойлауының қалыптасуына қарай бағдарланады. Әлеуметтік тәжірибенің барлық құндылығы қандай да бір ғылыми сала арқылы жеткізіледі. Ал мектептегі білім беруде әрекет етудің бұл салалары оқу пәндеріне айналатыны белгілі. Оқыту процесінде ойлауды дамыту әлеуметтік, қоғамдық тапсырыстардың педагогикалық үлгісі ретінде білімнің мазмұны арқылы, түптеп келгенде белгілі бір нақты ұғымдар мен түсініктерді, біліктер мен тәжірибелерді оқушыларға меңгерту арқылы жүзеге асырылады.

        Педагогика мен психологияны да дамытудың көптеген шарттары көрсетіледі. Мысалы, Л.В.Занков оқушылар үшін үш аспектіні көрсетеді:

1.Бақылай алу, ойлау және практикалық әрекет;

2.Кеңінен танылған шарт ретінде оқушының өз білімдері мен тілектерін іс жүзіне ауыстырылып қолдана білуі болып табылады;

3.Ол неғұрлым өз бетінше жұмыс жасай алатын болса, бұл ауыстырудың да аумағы соғұрлым кең және оның шарттары да күрделі бола түседі, бұл оқушының қаншалықты дамуын, яғни даму дәрежесін көрсетеді. Дамуды бағалау шарттарының көптігі мектепте дамытуға қажетті танымдық сапалардың көптігін береді.

        Оқыту процесінде ойлаудың дамуы жіктелмелі түрде жүреді. Қандай да бір сабақта дамуға қол жеткізгені анық көрініс беруі керек. Бір сабақтарда даму және меңгеру анық көрініп тұрса, кейбір сабақтарда ол елеусіз ғана болуы мүмкін.

        Әрекет ету сипатына қарай және қайшылықтарды шешудің оқу танымындағы жолына қарай ойлаудың түрлі деңгейлері туралы айтуға болады. Бұл деңгейлер ойлаудың табиғатына және таным процесінің заңдылықтарына байланысты анықталады: бірқатар оқушылар жақсы түсіне отырып өз бетінше жемісті ойлай алады, кейбірі олай етуге қабілетсіз болады, бірқатар оқушылар талдау жасай алады, енді біреулерінің бұл әрекет қолынан келе бермейді. Оқушылардың бұлайша әр деңгейдегі дайындығы әртүрлі нұсқаларды құрастырудың объективті негізі ретінде танылады, ол үшін оқытудың барынша түрлі әдістерін қолдану керек, яғни түрлі дидактикалық құрылымдарды, ерекшеліктерді ескеретін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ойластыру қажет болады.

         Қазіргі қазақ тілі сабақтарында сын есімді оқыту барысында жаңа үлгідегі сабақ өткізуде мынадай әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

 І. Ізденіс кезеңіндегі қолданылатын әдістер:     

123
скачать работу

Оқыту үрдісінде ойлауды дамыту

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ