Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Оқушылардың танымдық қызығушылығы

табылады.

Педагогикалық аспект тұрғысынан белсендiлiктiң үш түрiн бөлiп қарауға болады: ақыл – ой белсендiлiгi, интелектуалды және таным белсендiлiгi.

Ақыл – ой белсендiлiгi элементарлы iс – әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделi түрiне дейiнгi барлық деңгейдегi  нағыз әмбебап iс – әрекет шарты болып табылады. Ол түрлi модификацияларда көрiнуi мүмкiн:

- ынталандыру жаңалығынан туған зейiн белсендiлiгi және бағдарлы – зерттеу iс – әрекетiне бағытталған зерттеу белсендiлiгi ретiнде;

-              интелектуальды ынталандыру түрiндегi (Д.Б. Богоявленская) көрiнетiн тұлғалық белсендiлiк ретiнде.

Ақыл – ой белсендiлiгiнiң орталық ядросын когнитивтi функциялар мен процесстер құрайды. Н.С.Лейтес «балалық шақтың әр кезеңi -  белсендiлiк дамуының өзiндiк сапалы сатысы» деген қорытындыға келдi.

Интелектуальды белсендiлiк өзiндiк шарттарға сай ой әрекетi ретiнде түсiндiрiледi. Бұл терминнiң кең өрiс алуы, жиi қолданылуы Д.Б. Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты. оның пiкiрi бойынша, интелектуальды белсендiлiк  интелектуальды және интелектуальды емес факторлардан көрiнетiн жүйенiң интегралды қасиетi болып табылады.

Танымдық белсендiлiк – жалпы танымдық белсендiлiк феноменiнiң маңызды саласы, оның негiзi ретiнде адамның ең маңызды қасиетi болып табылады:  қоршаған әлемдi тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтiк мақсатта ғана тану емес, сонымен қатар адамның әлемге деген ең мәндi қарым – қатынасымен, яғни оның алуан түрлiлiгiне енуге ұмтылуымен, санада мәндi жақтарын бейнелеуiмен, себеп – салдарлы байланыстар, заңдылықтар, қайшылықтармен түсiндiрiледi.

Танымдық белсендiлiк адамға өте маңызды және күрделi құрылым ретiнде өзiнiң психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдарға ие. Бiлiмдi белсендендiру мәселесiне байланысты әр еңбектерде таным белсендiлiгiне анықтама берiледi, оның құрамды белгiлерi бөлшектенiп, мазмұны мен көлемi анықталынады.  Таным белсендiлiгiнiң мәселесi – педагогикалық зерттеудiң терең негiзi екенiн атап өту керек. Оның зерттелуiне маңызды үлес қосқандар: М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, И.Л.Лернер, М.И.Махмутов және т.б. Маңызды әлеуметтi күшiне байланысты бұл қазiргi диалектикада, бiлiм беру тәжiрибесi мен тәрбиеде негiзгi болып саналып отыр. Педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге белсендiлiкке төмендегiдей анықтамалар берiледi:

-Адам зейiнiнiң  белсендiлiгiнiң тағдаулы бағыттылығы (Н.Ф. Добрынин, Т.Рибо).

-Таным субъектiсiнiң ақыл – ой қабiлеттерiнiң көрiнуi (С.Л. Рубенштейн).

-Әртүрлi сезiмдердi белсендiргiш (Д.Фрейер).

-Адамның iс – әрекетi мен санасының деңгейiн жоғарлататын эмоциональды – ерiктiң және ақыл – ой процессiнiң ерекше қорытпасы (А.Г.Ковалев).

-Бiлiмдi қарқынды меңгеруге әзiрлiк, яғни қабiлет пен ұмтылыс (Н.А. Половников).

-Субъектiнiң қоршаған заттар мен құбылыстарға қатысты қайта құрылу әрекетiнiң көрiнуi (Л.П. Аристова).

-Тұлғаның күшейтiлген танымдық жұмысымен сипатталатын ерiктiк жағдай (Р.А. Низамов).

-Оқушының өмiрлiк күшiнiң әсерлiгi (Г.И. Щукина).

-Таным мақсатына жетудегi құлықтық – ерiктiк әрекеттi жиюға ұмтылумен және бiлiм беру сипатына, мазмұнына қатысты тәрбиеленушi тұлғасының айқындалуы, әрекет сапасы (Т.И. Шамова).

Танымдық белсендiлiк көп түрлi тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты.  танымдық әрекеттiң белгiлi бiр ғылым саласымен  таңдаулы қатынасы, танымдық әрекетi, оларға қатысу және қатыскшылармен танымдық қарым – қатынасы маңызды келедi. Сонымен бiрге, адамның барлық жоғарғы  таным процесстерiн өзiнiң даму деңгейiнен белсендiруде  танымдық белсендiлiк тұлғаның шындықты қайта құру әрекетi нәтижесiнде ұдайы iзденiске жетелейдi.

Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсендiлiгiнiң дамуы бес – алты жас аралығында қарқынды келедi. Бұл әсiресе баланың логикалық тапсырмаларды белсендi орындауы, жауап кiлтiн табуға ширақ келуi, бiлуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы  оқу әрекетiнiң мiндеттерiн шешуде айқын көрiнедi

123
скачать работу

Оқушылардың танымдық қызығушылығы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ