Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Олжас Сүлейменов

рғымақ жүр

Көк шалғынды — көк кілемге

Сүртіп болат тұяғын.

Берші менің тақымыма біреуін

Жеті қиян жер түбіне асайын,

Арғымактай аласұрған жүрегім

Тыпыршиды —

Оны қалай басамын… — деген өлең жолдарының өзінен-ақ оқырман ақынның күрескерлігін, ереуілдеген сезімін ұққандай болады. Жырды оқығанда құлағымызға арғымақ аттың дүрсілі келеді, мұның өзі ақын жырының өресін таныта түсіп, биіктігін сездіреді.

1969 жылы жарық көрген ақынның «Қыш кітабы» атты поэмасы ата-бабаларымыздың артына қалдырған адамгершілік мұрасы жайында жазылған ең күрделі, құнды еңбектерінің бірі. Кітап бірнеше тілдерге аударылды.

Ақын, аудармашы профессор Леон Робель «Қыш кітабының» әдеби құнын айрықша көрсетті. «Олжас Сүлейменов, сөз жоқ, біздің кезіміздегі орыс тілінде жазатын тамаша ақындардың бірі. «Қыш кітабы» тарихи терең тамырлы ғажап ақындық қиялмен шұғылалы сәулеге суарылған үлкен дастан дей аламыз. Бұл кітаптың ерекшелігі — мысқыл-әжуа мен баяндаушылық күшінің, эротизм мен өктемдіктің, нәзіктік пен әзіл-оспақтың бір-бірімен қайнап пісуінде. Бұл — нағыз эпикалық шығарма. Біздің бөлшек-бөлшек әлеміміз талайдан бері мұндай зор дауысты естіген жоқ еді, біз Сүлейменовті сондықтан да Гильгамеш, Гюго, Хлебников секілді ұлылардың табиғи, танымал мұрагері деп білеміз», — деп өте жоғары бағалайды.

Халықтар мәдениетінің туыстығы мен өзара баю идеясын ақын үнемі көңілінен шығармайды. Халықтар арасына көпір салып, жол түсіру үлкен шебердің ғана қолынан келеді. Көпір екі елге де ортақ, екі елдің де мақтанышы. Олжастың жыр көпірі болғаны — еліміздің мақтанышы бола бермек. Мәселе, өлеңнің қай тілде жазылғанында емес, оның көтеріп тұрған жүгінде, оқушысына ой салып, жүрегіне жетуінде. Демек, Олжас туындылары өз халқының ғана емес, күллі көп ұлтты отандастарының да рухани дүниесін байыта түсетін мәнді мазмұн таба білуімен құнды бола бермек.

Ақын тарихтың көшкен жұрт, көшкен із емес екенін жақсы түсіне біліп: «Келешек — өткен тарихты қорыту», — дейді. Өзінің «Қьпп кітабы», тарихи тақырыптағы жырларын-да, «Аз и Я» сияқты сан алуан ой-пікір туғызған еңбектерінде ақын Көне Русь пен Даланың қарым-қатынасы, екі мәдениеттің қанаттас өрбіген тұстары жайындағы ой-толғанысы арқылы өзінің екі тілді де терең меңгерген байыпты ғалым екенін танытты. Олжас поэзиясының қуатты қос қанаты бар. Оның бір қанаты — әлем мәдениеті мен әдебиетіне суарылған, екінші қанаты Шығыстың және қазақтың төл поэзиясынан нәр алған. ІПығыс поэзиясындағы сырлы саз, қазақ фольклорындағы эпикалық кең құлаш, Махамбет өлеңдеріндегі отты леп, Абай поэзиясындағы терең ойдың барлығы Олжас поэзиясына тән дүниелер.

О. Сүлейменов өлеңдерінің тақырыптық аумағы өте кең. Біресе жеке адам көңіл күйі, біресе бүкіл ел өмірі, немесе ел, жер тарихына үңілу, тіпті жер шарының бар түкпіріне көз сала білу, — осының бәрі ақын туындыларына ел, жер жағынан да, уақыт жағынан да шекара қоюға келмейтінін дәлелдейді.

«Батыр Мәмбеттің өлер алдындағы сөзі» өлеңінде ақын:

Бісміллә!

Жорықтарда өткен күнді өлшемей,

Жүрек толы ашу-ыза,

Мол шемен.

Ат үстінде туған ерді,

Дүние-ай!

Кіріптар ғып айдап өтті-ау

Көшемен!

Енде бірде батыр аузынан:

«Ер үстінде туьш едім, өлер ме едім кісенде», «Мен — жалаңаш қылышпын», «Додалайды бір-бірінің түбітін, еріккен көп төбеттер» дейтін жолдарды естиміз. Батыр тебіренісі кімді де болса ойландырады. Ақын-суреткердің контраст әдісін, қарама-қарсы қоюды шебер пайдаланатыны да осы өлең жолдарында анық көрінген. Өмірдің көп қырлылығы, әсемдігі, адам тағдыры жайында ақын жалаң үгіт айтудан аулақ. Оның есесіне, өлең соңындағы мына көріністер: құм кезіп бара жатқан аруаналар, аспандағы толық Айдың «күлше нандай» боп көрінуі — бәрі де өмір әсемдігін, артықшылығын әсерлі жеткізуге арналған сәтті детальдар.

Өткен тарихты зерттеп үңілу, ондағы елдік пен ізгілік, батырлық пен қорқақтық, патриоттық пен сатқындықты жеріне жеткізе суреттеуде ақын жетістігі көп.

«Адамға табын, Жер, енді» поэмасын ақын адамзат тарихындағы тұңғыш космонавт Юрий Гагариннің ерлігіне арнайды.

Поэма — жиырмасыншы ғасырдағы ең бір маңызды оқиғаны арқау еткен, саяси-әлеуметтік тақырыпты игерудің тамаша көрінісі.

Бұл дастан адамзат мақтанышын биікке көтеріп, сыршылдығымен, шынайы сезім шыншылдығымен, оқырман жүрегіне жол тапты.

Олжас жырлары — уақыт, кеңістік жағынан тар шеңберде қалмайды. Ол Қазақстан тығыздығын, Қазақстан адамдарын бүкіл әлеммен, әлемдік тыныспен ұштастыра толғайды.

Олжас поэзиясының басты қаһарманы — жасампаздық. Ол үшін тарих — жасарып жаңғырудың, жасампаздықтың, ынтымақтасудың шежіресі. Мысалы:

… Батқанмен күн, атқанмен таң

Батыс та жоқ, шығыс жоқ.

Жер деген сөз тұрса, жаһан

Өтеді ылғи туыс боп, — деген жолдарда ақын концепциясы уақыт рухын аша түседі, суреттілік, дүниетаным беріктігін танимыз. Бұл поэма ақынның өткен мен бүгіннің, ескі мен жаңаның әлеуметтік мән жайын, философиялық астарын терең сезініп суреттеуімен биіктей түседі.

Ақын толғанысы оқырманды ой қазынасының байлығы, молдығымен, эмоцияға толы терең сыршылдығымен баурап, ерекше әсерге бөлейді. Бұл поэма сан рет қайталанып басылып, бірнеше тілдерге аударылып, авторын әлемге танытты, қазак елінің абырой-мерейін биікке көтерді. Ақынның ұшқыр қиялы, көреген ойшылдығы, мол білімділігі, ең бастысы, патриоттық отты сезімі танылды.

Адам баласы ғарышқа көтерілген кезде сонымен қатар көтерілген Олжастың көркемдік әлемі өз биігінде жарқырап, жыр жанашырларын шақыра берері сөзсіз.

12
скачать работу

Олжас Сүлейменов

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ