Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Өндіріс шығындары және пайда

осы нүктеде изокванта мен изокостаның көлбеу бұрыштары тең болады, яғни MRTSLK = -PL / Pнемесе ∆K / ∆L = PL / PK. ∆K / ∆L = MPK / MPL болғандықтан оны былай жазуға да болады: MPL / MPK = PL / PK немесе MPL / PL = MPK / PK.

                Бұл теңдестік – өндіріс факторларының 1 теңгеге шаққандағы шекті шығындары Е нүктесінде тең болуы керек екендігін білдіреді.

 

                Қорытынды

  1. Кез келген  экономикалық  шешімнің  негізінде жобаны жүзеге асырып  болған  кезде,   пайда  табамыз ба  деген  сұрақ тұрады.
  2. Айқын  шығындар - ол  өндіріс  факторлары  мен  аралық  бұйымдарды  жеткізушілерге беретін  ақшалай төлем түріндегі баламалы шығындар. Айқын  шығындар кәсіпорынның бухалтерлік есебінде толық көрсетіледі, сондықтан оны бухалтерлік шығындар деп те атайды.
  3. Айқын емес шығындар - ол  ресурстарды пайдаланудағы баламалы шығындар, басқаша айтқанда фирманың  өзінің иелігіндегі, яғни фирмаға төленбейтін шығындар.
  4. Мөлшерден тыс пайда беретін  капиталдың салаға  құйылуы, сол саладағы өнімге деген өзгеріссіз сұраныс жағдайында пайдалықты мөлшерлі  деңгейге  дейін құлдыратуға жеткізеді және керісінше, шамадан төмен пайда  беретін капиталдың саладан қашуы, сол саладағы өнімге деген өзгеріссіз  сұраныс жағдайында пайдалылықты шамаға дейінгі деңгейге көтеруге  жеткізеді.
  5. Бухгалтерлік  пайда  - алынған жалпы түсім мен бухалтерлік (айқын)  шығындар арасындағы айырмашылық.
  6. Экономикалық пайда- алынған жалпы түсім мен экономикалық  шығындар арасындағы айырмашылық.

 

Тақырыпты оқуға арналған әдістемелік кеңестер

                Аталған тақырып микроэкономика пәнінің маңызды тақырыптарының бірі болып табылады және де бұл тақырыпты семинар сабағында талқылауға және игеруге 1 сағат жоспарланады. Оқу-әдістемелік кешен бойынша студентерге тақырыптың дәрістік мән-мәтінін сипаттайтын негізгі сұрақтарды толығымен оқып түсінуді міндеттейміз, сонымен қатар, тақырып бойынша негізгі терминдерді мүмкіндігінше жаттап алуға көп көңіл бөлу қажет. Дәріс мәтініндегі негізгі графиктер тақырып бойынша аса көп кездесетіндіктен, сол графиктердің де мәнін өз бетінше терең түсініп, оларды жеке тұрғыдан сала білу қажет. Ал бұл негізгі терминдер мен графиктер қатарынан нөмірі 1, 2, 3, 4, 5 міндетті әдебиеттер тізімі бойынша жасалған. Сондай-ақ, дәрістің негізгі теориялық сұрақтарының қысқа да нұсқа мәтінін нөмірі 9-шы міндетті әдебиеттен оқуға кеңес береміз. Бұл тақырыптың негізгі мазмұны әр әдебиетте әртүрлі тұрғыда берілуі мүмкін, сондықтан тақырыпты талқылау барысында негізгі әдебиет көздеріне сілтеме жасалып, өзара салыстырылып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін жеткізе білу қажет. Студенттерге дәрістің тек теориялық сұрақтарын оқумен шектеліп, оны семинар сабағында талқылап қана қоймай, СОӨЖ сабағында нөмірі 2, 3, 6, 7 міндетті әдебиеттер тізімі бойынша тақырып бойынша әртүрлі тапсырмаларды, тест сұрақтарын, жаттығулар мен есептерді орындауды өз бетінше және оқытушының көмегімен үйрену қажет. Сосын ең маңыздысы, студенттер тақырыптан алған теориялық білімдерін қазіргі экономикалық жағдайларға, әсіресе, елімізде болып жатқан экономикалық өзгерістерге байланысты практикалық тұрғыда пайдаланып ұштастыра білу қажет. Ол үшін отандық ресми дерек көздерінен, яғни статистикалық мәліметтерден материалдар жинап, отандық экономикадағы әртүрлі тауарлар мен қызметтер өндіретін фирмалардың немесе бір фирманың мысалында өндіріс туралы қабылдайтын шешімдерін талқылау қажет. Ал мұндай мәліметтерді жинап студент алдын ала реферат, баяндама немесе эссе түрінде де жазып сабақ үстінде топпен бірігіп талқылауға болады. Сонымен қатар, осы тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарына үлес қосқан әйгілі ғалымдар мен экономисттердің еңбектері мен өмірбаяндары туралы да мәліметтер жинап оны сабақ үстінде толықтыруға әбден болады. Осы тақырыпты терең меңгерген студент одан әргі тақырыптарды оқуда үлкен артықшылыққа ие болып, оларды оңай игере алады.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Міндетті:

  1. Микроэкономика. Құдайбергенова К.С. Оқу құралы. – Көкшетау: 2005. 5 – тақырып.
  2. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М. Ә. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2004. 6 тарау.
  3. Нуреев Р. М. Курс микроэкономики: Учебник для вузов – 2-е изд., изм. – М.:ИздательствоНОРМА, 2005.Глава 5.
  4. Тарануха Ю.В. Микроэкономика: учебник для студентов вузов, обучающихся по экономическим специальностям. М.: Изд-во «Дело и Сервис», 2006. Глава 5.
  5. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 (Раздел 2: Микроэкономика). Глава 6, 10.
  6. Афанасьев М.Ю., Данилин В.И. Сборник задач по микроэкономике. М.: Теис, 2005. Главa4.
  7. Сборник задач по микроэкономике. К «Курсу микроэкономики» Р.М. Нуреева/ Гл. Ред. Д.э.н., проф. Р.М. Нуреев. – М.: Норма, 2005. Глава 5.
  8. ПиндайкР.С., РубинфельдД.Л. Микроэкономика. М., 2002. Глава 7.
  9.  Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. Микроэкономика. 3-е издание. Спб.: Питер, 2002.
12
скачать работу

Өндіріс шығындары және пайда

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ