Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Өндіріс теориясы

шығынын алмастырады, ал келесі 100 сағатқа тең еңбек шығыны тек 40 сағатқа ғана тең капитал шығынын алмастырады (сурет 4.3).

                                                                                                                                                                              

Сонымен еңбектің шығыны 100 сағатқа өскен сайын, оны алмастыратын капитал шығынының азая беретінін байқауға болады. Бұл капиталды еңбекпен алмастырудың технологиялық шекті нормасының төмендейтіндігін көрсетеді:

MRTSKL = - ∆K / ∆L.

                Ал еңбекті капиталмен алмастырудың технологиялық шекті нормасы капиталдың алмастыратын еңбек санымен анықталынады:

MRTSLK = - ∆L / ∆K.

                Еңбекті капиталмен алмастырғанда өндіріс көлемін өзгертпей, еңбектің саны азайған сайын капиталдың санын көбейтуге тура келеді. Оны да 4.3 суретіндегі изокванта қисығының бойындағы D нүктесінен С нүктесіне, С нүктесінен В нүктесіне қарай қозғалу арқылы көруге болады.

                Өндіріс факторларын алмастырудың технологиялық шекті нормасын талдағанда еңбек пен капитал бірін бірі толық алмастыра алмайтынын есте сақтау қажет. Өндіріс факторлары бір бірін толықтырады. Сондықтан оларды алмастырудың технологиялық шекті нормасы төмендейді. Изоквантаның көлбеулігі тұрақты өндіріс көлемі шеңберінде факторларды алмастырудың шегі бар екенін және алмастыру барысында әртүрлі қиындықтардың кездесетінін көрсетеді.

                Өндіріс факторларының өзара алмастырылу мүмкіндіктері өндірістік технологияның ерекшеліктерімен анықталады. Сәйкесінше, изокванталар да ресурстардың өзара алмастырылу дәрежесіне байланысты бірнеше түрлерге (формаларға) ие бола алады. Изокванталардың формаларын анықтау үшін мына жағдайларды қарастыруға болады.

                Біріншіден, ресурстар абсолютті өзара алмастырылу қасиетіне ие болады деп қарастырамыз. Бұл өнімнің белгілі бір көлемі кез келген екі ресурстың біреуін қолдану жолымен немесе олардың екеуінің өзара үйлесімдері арқылы қамтамасыз етіледі дегенді білдіреді. Бұл жағдайда изокванта түзу сызықты түрге ие болады (сурет 4.4 a), ал алмастырудың технологиялық шекті нормасы (MRTS) тұрақты шамада болады. Мысалы, мұнай мен газ энергия көзін алу үшін қажетті шикізат ретінде абсолютті өзара алмастырылатын ресурстар болып табылады. Сонымен, бұл жағдайда, түзу сызықты изокванталар дегеніміз – бұл екі фактордың біреуі екіншісімен толық алмастырылатын қасиетке ие болатын жағдайда сипатталатын өндірістік функция және өндірістік технология қисықтарының бір түрі, өндіріс бұл жерде бір фактордың көмегімен де жүзеге асырыла алады. Тағы да бір мысал ретінде, сусындарды сатушы арқылы да және автомат арқылы да сатуға болатынын қарастыруға болады.

             K                                                   K                                    

 

Сурет 4.4 Изокванталардың түрлері: а) түзу сызықты изокванталар;                                 ә) тік бұрышты (қатаң) изокванталар; б) жұмсақ еңкіш (сызықтық емес) изокванталар; в) сынған сызықты изокванталар

                Екіншіден, ресурстар абсолютті өзара толықтырылу қасиетіне ие болады деп қарастырамыз (факторлар өзара алмастырыла алмайды). Бұл берілген өнім түрін өндіру үшін қолданылатын екі ресурс бір ғана пропорцияға ие болады дегенді білдіреді. Яғни, берілген өндірістік функция ресурстардың жалғыз ғана мүмкін бола алатын үйлесімдігінің бар болуын қарастырады. Бұл жағдайда изокванта тік бұрышты формаға ие болады (сурет 4.4 ә), ал алмастырудың технологиялық шекті нормасы (MRTS) 0-ге тең болады. Аса жоғары изоквантаның түріне (мысалы, Q3-ке) өтудің міндетті шарты болып ресурстарды қолдану кезіндегі берілген дұрыс үйлесімділікті сақтап отыру табылады. Егер бір ресурстың санын өзгертпей екінші бір ресурстың санын көбейтсек, онда изоквантаның басқа түріне өтуге мүмкіндік болмайды. Өнім көлемін өзгертіп басқа изоквантаға өту мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қажетті екі фактордың қалай өзгеру керектігін өндірістік технологиялық бағыт (пунктирлі сызық) сипаттайды, ал ол екі фактордың берілген қатаң бір ғана үйлесімділікпен қолданылуын қарастырады. Мұндай өндірістік функцияның мысалы ретінде, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер көрсететін фирманы келтіруге болады. Ол көше тазалау үшін 1 аула сыпырушыны 1 сыпырғышпен жабдықтай отырып жалдай алады. 20 аула сыпырушы мен 1 сыпырғыш үйлесімі экономикалық жағынан ақылға сыйымсыз және керісінше 1 аула сыпырушы мен 20 дана сыпырғыштың үйлесімі де солай болар еді. Сондықтанда, бұл жағдайда аса жоғары изоквантаға өту үшін 1:1 үйлесімін өзгеріссіз қалдыру керек, яғни 2 аула сыпырушыға 2 дана сыпығыштан, 3 аула сыпырушыға 3 дана сыпырғыштан дегендей және т.с.с. Сонымен, бұл жағдайда, тік бұрышты (қатаң) изокванталар дегеніміз – бұл өндіріс факторларының тұрақты және қатаң үйлесімділіктерін (пропорцияларын) сақтау арқылы берілген өнім көлемін өндірудің заңдылықтарын сипаттайтын өндірістік функция қисығының бір түрі.

                Үшіншіден, ресурстар біртіндеп (шексіз түрде) өзара алмастырылу қасиетіне ие болады деп қарастырамыз. Бұл жерде өндіріс үрдісін жүзеге асыру міндетті түрде екі факторды (мысалы, капитал мен еңбекті) қолданумен мүмкін болады. Бірақ, берілген өндірістік функцияға сәйкес олардың үйлесімділіктері әртүрлі болып табылады. Бұл жағдайдағы изоквантаның формасы жұмсақ еңкіш (сызықтық емес) болып келеді (сурет 4.4 б). Изоквантаның бұл түрі жиі кездесетіндіктен оны стандартты изокванталар деп те атайды. Алмастырудың технологиялық шекті нормасы факторлардың шекті өнімдерінің арақатынастарымен анықталады (MRTSLK = МPL / МPK) және изоквантаның бойымен қозғалу бойынша факторлар өзара алмастырылудың кемімелі дәрежелігімен сипатталады. Бірақ мұндай сипаттағы изокванталар өндірілетін өнім мен өндіріс факторлары біртекті (стандартты) және шексіз бөлінетін қасиетке ие болған жағдайда факторлардың өзара алмастырылуының үздіксіздігін сипаттай алады. Сонымен, жұмсақ еңкіш (сызықтық емес) изокванталар – бұл берілген өнім көлемін өндіру үшін қолданылатын міндетті екі фактордың өзара алмастырылуының әртүрлі (біртіндеп немесе үздіксіз) үйлесімділіктерін орындаудың заңдылықтарын сипаттайтын өндірістік функция қисығының бір түрі.

                Төртіншіден, ресурстар шектеулі түрде өзара алмастырылу қасиетіне ие болады деп қарастырамыз. Бұл жағдайда, өндірісті жүзеге асырудың әдістері және үйлесімділіктері шектеулі мөлшерде (біздің мысалымызда, ол 4.4 в суретіндегі А, В, және С әдістері) болатындығын сипаттайтын өндірістік функцияның және өндірістік үрдістердің графикалық көрінісіндегі изокванталар – сынған сызықты изокванталар деп аталады. Яғни, тәжірибе жүзінде нақты өндірісте осындай изокванталар көптеп кездесетінін атап өткен жөн. Олар өндірістің әрбір жеке факторын қолданудың интенсивтілігі дәрежесімен ерекшеленеді. А әдісі үшін капитал факторын аса интенсивті түрде қолдану сипаты тән (өндірісте капиталды еңбекке қарағанда салыстырмалы түрде аса көбірек қолдану), ал С әдісі үшін керісінше, еңбекті капиталға қарағанда аса көбірек пайдалану сипаты тән. В өндірістік әдісінде капитал мен еңбек тең түрде интенсивті пайдаланылады. Факторларды үйлестірудің аралық нұсқалары (АВ немесе ВС арасындағы аралықтар) технологиялық жағынан жүзеге асырыла алмайды, өйткені пунктирлі сызықпен берілген технологиялық бағыттар А, В немесе С нұсқаларының жүзеге асырылуын ғана қалайды.

                Енді біз фирманың өндіріс туралы қысқа мерзімдегі шешімдерін қарастыратын болсақ, о

123
скачать работу

Өндіріс теориясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ