Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандыру

ілікті өсіру;
–  еңбек және тұрмыс сапасының жоғары деңгейге көтерілуі;
–  материалды ынталандырудың өрісі мен үрдістерін кеңейту;
–  материалды, моральді, шығармашылық т.б. ынталандыруды жалпыландыру.
3. Постиндустриалды парадигма жағдайында еңбекке ынталандыру жүйесі кешенді түрде қарастыруды қажет етеді. Ол үшін  мыналар жүзеге асуы тиіс:
- жалақының рөлін ең аз және орта жалақыны өсіре отырып арттыру;
- келешегі бар ынталандырмалар ретінде «шаруашылықты бірге жүргізу», ынталандыруды дамыту, яғни жұмыскердің басқару қызметіне шешім қабылдауға қатынасуы, еңбек және өндіріс көлемінде ғана емес, жалпы әлеуметтік маңызы бар істерге араласуы;
- жаңа технологиялық талаптарға сай еңбек саласын түрлендіру.
4. Өндіріс тиімділігін экономикалық ынталандыру механизмінің негізгі құрамдас бөліктері: экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны; оның сапалық сипаттары; шығарған өнімнің отандық және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін көтеру және сапасын жақсарту; халықтың материалдық жағдайын көтеру; жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық жұмысының әсерін күшейту, адам капиталын нәтижелі пайдалану.
5. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өндіріс тиімділігін талдау мына жағдайларды  анықтап  берді:
–  өндіріс өсімі және корпорация табысының артқанына қарамастан зерттелген кезеңде өндіріс тұрақсыздығы байқалған, бұл әлемдік нарықтағы баға тұрақсыздығына байланысты болды;
–  кәсіпорында өндіріс тиімділігін арттыру саясаты жүргізілді, нәтижесінде өнімнің өзіндік құны біршама төмендеді;
–  зерттелген кезеңде еңбек өнімділігінің біршама тұрақты өскені байқалды;
Сонымен қатар, 2004 ж. бастап, корпорация қызметінде мына тенденциялар орын алды:
–  өнімнің материалды қажетсінуі 1,12 теңгеге төмендеуі;
–  еңбек өнімділігі алдыңғы кезге қарағанда 33%-ға өсіп, 2005 ж. 2546,5 мың теңгені құрады.
–  негізгі өндірістік қор қайтарылымы 0,62 теңгеге тең;
–  өндіріс тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің өсуі өнімділік пайдалылығының 45%-ға өсуінің әсері.
6. Еңбекақы төлеуге бөлінген қаражатты қолдану тиімділігін талдау «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-де жалақының өндіріс көлеміне пропорционалды өсіп отырғанын көрсетеді. Сонымен қоса, жалақы үлесі жалпы корпорация өндірісі шығынының көлемінде де өсіп отырды, нәтижесінде жалақы өсу қарқыны еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан басым болды, сөйтіп, жалақының тиімділік көрсеткіші төмендеді. Жалақы жүйесінің басты кемшілігі – қызметкер жалақысының еңбектің түпкі нәтижесіне байланысты еместігі.
7. Қазіргі нарықтық экономикада, жалдамалы еңбекке негізделу, еңбек бағасын және жалақыны анықтауда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің  еңбек саласының өзінде түрлендірулерге жол беріліп отыр. Бұл жұмыстың негізгі бағыттары: а) корпорация кәсіпорындарының техникалық жаңғырту барысында жұмыс орындарын түрлендіру; б) ұдайы өндірістің постиндустриалды типіне сай жұмысшыны қалыптастыру, жұмысшының білімі және кәсіби біліктілігін өсіру негізінде еңбек белсенділігінің артуына қолайлы жағдайлар жасау; в) өндірістің жеке және материалды-заттық факторларының өзара әсерінің тиімді  жүргізілуі.
8. Еңбекке сыйақы төлеуде мына принциптер сипатталуы қажет:
–  сыйақыландыру даралық сипатта болуы, яғни жұмысшылардың жұмыс орны, цех, кәсіпорын жұмыс жақсартуға қосқан үлесі үшін;
–  сыйақыландыру нақты болуы, яғни белгілерін нормативтер мен мөлшерді орындағаны үшін емес, еңбектегі жетістігі үшін;
–  сыйақының максималды көлемінің шектелмеуі;
–  сыйақыландыру әркімге түсінікті және қарапайым болуы керек.
9. Ынталандыру  механизмінің ұсынылып отырған моделі экономикалық тиімділікті арттыруға бағытталған. Тиімділік механизмінің критерийлері экономикалық өсімнің сапалық анықтамасын көрсетеді, ол әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты қарқын беру қабілетіне тікелей байланысты.  Экономикалық дамудың тиімділігін ынталандыру механизмінің басты бағыттары  мыналар:
–  экспортқа бағдарланған шикізат  секторының өңдеу өнеркәсібі және импорт алмастыру процестеріне ауысуы;
–  ғылыми-техникалық прогреске және жоғары технологиялық өндіріске ынталандыру, өнім сапасына білімнің әсерін күшейту.
–  инновациялық процестерді және жаңа техника мен технологияларды енгізу, адам капиталына инвестицияларды белсендіру;
–  экономикалық тиімділікті еңбек өнімділігін өсіру есебінен қамтамасыз ету;
–  макроэкономикалық болжаудың, елдің экономикалық дамуын ынталандыру процесіндегі рөлін арттыру;
–  халықтың әл-ауқатының жақсаруы, тұрғындардың тұрмыс деңгейі бойынша жіктелуін мейлінше төмендету.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалардың тізімі
1 Еңбекке ынталандыру мен ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі //Халықаралық ғылыми-тәжірибелік видео-конференция материалдары. ХБУ. -Алматы, 2006. – 0,44 б.т.
2 Қазақстандағы өндіріс тиімділігін арттыруда материалдық ынталандыру жүйесін дамытудың бағыттары //Қаржы-қаражат журналы. –Астана: 2006, №3-4. – 0,46 б.т.
3 Өндіріс тиімділігін  басқарудың маңызды элементі фирма қызметінің нәтижесін бағалау //Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: «Тұран» университеті,  2006. – 0,34 б.т.
4 Экономикалық ынталандыру жүйесінің қағидаларын әзірлеуді сапалы экономикалық өсу тұрғысынан қамтамасыз ету //Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. - Астана: Д.А.Қонаев атындағы Университет, 2006. – 0,39 б.т.
5 Ғылыми-техникалық прогресті экономикалық ынталандыру принципі өндіріс тиімділігін арттыру факторы //Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет, 2006. – 0,14 б.т.
6 «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-і қызметінің тиімділігін бағалау //Экономикалық «Аль-Пари» журналы. - Алматы, 2007. - №1. – 0,38 б.т.
7 Қазақстан кәсіпорындарында материалдық ынталандыруды ұйымдастыру //Информациялық-аналитикалық «Саясат» журналы. - Алматы, 2007. - №4. – 0,44 б.т.
8 Экономическое стимулирование повышения эффективности производства //Международный ежеквартальный научно-экономический журнал «Реформа». - Бишкек, 2007. – 0,41 б.т. 

Пред.6
скачать работу

Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандыру

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ