Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Өнеркәсіптік өндірістің мәні



 Другие рефераты
Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың негіздері Қазақстандағы ауыл шаруашылық құрылымдарының даму бағыттары Өнеркәсіптік өндірісті жоспарлау принциптері Өңдеу өнеркәсібінде

Нарықтық қатынастарға көшкен кезде жоспарлы жүйенің негізі бұзылуы, ол жаңа өзгерген жағдайда іске аса алмауы мүмкін. Осыған байланысты, өндіріс тиімділігін жоспарлаудың жаңа механизмін қүрудың объективті қажеттілігі туындайды. Мүнымен қатар, өндіріс тиімділігінің төмендеуіне, экономикалық процестерді реттеуге кері әсерін тигізген құбылыстардың бірі меншіктік қатынастардың өзгеруі. Реформаларда, ғылымға негізделген концепцияның болмауы өндірістің құлдырауын, экономикалық өсім шеңберінің тарылуын тудырады. Меншік иелері мен меншікке ие топтар әлі ешкім иелене қоймаған ресурстарды қолға алуға және меншікті өз пайдаларына қарай бөлісуге ұмтылады. Бұндай жағдайда, өндіріс табыс табатын қүрал ретінде емес, иеленуге болатын байлық ретінде қабылданады. Осының барлығы, өндіріс тиімділігін ынталандыруға ықпал етпейді. Жекешелендіру нәтижесінде, пайда болған меншіктік қүрылым және меншікті іске қосудың тиімді, заң шығарушылық базасының жетіспеуі, тиімділікті экономикалық ынталандыру механизмінің мүмкіндігін әлсіретеді.

Экономикадағы түрлендірулер тек меншік құқықтарының қайта бөлінісінде ғана емес, жеке меншікке негізделген өндірістік қатынастарды қалыптастыру. Шаруашылықты жүргізудің жеке меншіктік үрдісі өндіріс көлемін ұлғайтудың негізі, оның тиімділігін арттырудың қуатты құралы.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру қажеттілігі кәсіпкерлікті жедел дамыту есебінен нақты іске асырылады. Кәсіпкерлік, дербес, ізденімпаз әрекетке дайын, мол табыс көзіне ұмтылуға қабілетті, іскер адамдар қатарының көбеюін қамтамасыз етеді.

Өндіріс тиімділігін ынталандыру механизмі тұрақты экономикалық өсімге, халықтың барлық топтарының материалдық жағдайын жақсартуға, бәсекеге қабілеттілікке, елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтау ұсталымын орындауға бағытталуы қажет.

Сондықтан өндірісті жоспарлауды экономикалық ынталандыруды мынандай белгілермен сипаттауға болады:

-   экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны, оның сапалық сипаты;

-   өндірілген тауар сапасының артуы және оның отандық, әлемдік нарықты бәсекеге қабілеттілігінің есуі;

-   халықтың материалдық жағдайы мен әл-ауқатының жақсаруы;

-   жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық қызмет әсерінің күшеюі, адам капиталын нәтижелі қолдану;

-   басқару  тиімділігін  арттыру  нәтижесінде   өндірістік  ресурстарды пайдалануды үнемдеу, еңбек өнімділігін ынталандыру.

скачать работу


 Другие рефераты
Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығы
Развитие творческих способностей учащихся в процессе обучения математике
Строение атома
Просвещенный абсолютизм Екатерины II


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ