Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Өнім сапасын басқару

талабының сипаттамасын, сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылығы деп атайды.
Өнімнің бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруына мүмкіндік беретін тұтыну кешенінің (сапалық және сандық) сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге жарамдылығы өнім рынокта жеңіл және тез сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген қанағаттанушылық деңгейінде жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды, оның тағы да нарықтың пайда болу қарасында қалыптасады.
Сонымен, тауарға бәсекенің жарамдылығын, оның сапалың және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нақтылы мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін тиімділігі ұқсас тауар — бәсекелестер ерекшеленеді.
Бұл маңызды көрсеткішті анықтаудың бірнеше тәсілдері белгілі. Олардың ең көп таралғандарына қысқаша тоқталайық.
Бірінші тәсіл. Техникаға бәсекенің жарамдылығын анықтайтын белгісі - бұл тауарды тұтыну бағаны болып табылады. Ол мынадай формуламен анықталады:
Бт = Бс Шт
мұнда, Бт — тұтыну бағасы
Бс — сатылу бағасы
Шт — бұл өнімді тұтынушылардың шығындары (оның барлық норматавтік мерзім ішіндегі қызметі)
Екінші тәсіл. Тауардың бәсекелестік жарамдылығын анықтағанда бұл тәсіл екі өлшемді еске алуы мүмкін; өнімнің өзіндік құны, тауарды сату және оның сапалылық деңгейі. Сөзсіз, бәсекеге жарамдылығы артытырақ болатын тауар оны өндіруге, сатуға кеткен шығындар ең төмен, ал сапа деңгейі бәсекелес тауарға қарағанда жоғарылау болатын болса.
Үшінші тәсіл. Бұл тәсіл техниканың деңгейін және сату бағасын есепке ала отырып, бәсекелестік тауарларды қалыптастыруға негізделген. Бұл тәсілге сәйкес басымда салыстырмалы сапаның сандық көрсеткіштерінің деңгейі және базалық үлгілер (тауар) мына формуламен анықталады:
КК = ККэ ККт ККс
мұнда, КК — тауар деңгейінің кешенді көрсеткіші;
ККэ — эстетико-аргономикалық деңгейінің кешенді көрсеткіші;
ККт — техникалық деңгейдің кешенді көрсеткіші;
КҚс — көрсеткіш кешенінің сектімділігі.
Төртінші тәсіл. Бұл тәсілде бәсекеге жарамдылықтың деңгейі қалай техникалық, солай экономикалық параметрге салыстыру негізінде анықталады. Сонымен, техникалық параметрден тек сатып алушылар осындай ең жоғары деңгейде қызықтыратындарды таңдайды.
Қорыта айтқанда, біздің республикада өткізіліп жатқан нарыққа көшу сапа және өнімнің бәсекеге жарамдылығы жөніндегі мәселеге жаңадан қарауға мәжбүр етеді. Егер бүгін емес, ол ертең бәсекелестік нарығының дамуы өнімнің сапалық даму серпінің және деңгейін арттыруға еріксіз көндіретін болады.

1.3 Сапа көрсеткіштері
Сапаны басқаруда көрсеткіштердің екі тобын ажыратқан жөн:
 әр түрлі саладағы сапаның көрсеткіштері;
 нақты позициялар бойынша сапа көрсеткіштерінің жүйесі.
А. Әр түрлі саладағы сапа көрсеткіштері.
Көрсеткіштердің алғашқы тобы өндіріспен байланысты:
 атқарумен түзетулердің көлемі.
 Жұмыс жүктемесіндегі (нарядтағы) қателер.
 Жарамсыз деп табылған бұйымдар проценті.
Екінші топ – сапаны қамтамасыз ету.
 Қате жасалған партия проценті.
 Құрылымды өзгерту мөлшері.
 Есеп айырысудағы және шоттарды ресімдеудегі қателіктер.
 Түзету шарасын өткізгенге дейінгі циклдің ұзақтығы.
Үшінші топ – бухгалтерлік есеп:
 Мерзімі өткен төлемдер проценті;
 Жаңылыс бухгалтерлік жазбалар;
 Төлем тізімдемесіндегі қателер;
 Ақпарат алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру.
Төртінші топ – маркетинг:
 Болжамдық жорамлдың дәлдігі;
 Қате толтырылған тапсырыстар мөлшері;
 Мәмілелердегі қателер;
 Ақпарат алу уақыты.
Бесінші топ – ақпараттық қызмет көрсету;
- график бойынша шығарылмаған есеп берулер саны;
- бағдарламадан табылған қателер;
- мәтінде өзгертілгендер саны;
- Ақпаратты алу уақыт
2 Сапаны басқару
2.1 Өнім сапасын басқару жүйесі
Өнімнің сапасын басқару — бұл белгілеу, камтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кетіндегі жүргізілетін іс-әрекет.
Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалың деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау және обоптерін белгілеу кіреді.
Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандың өндірушілердің алдына қойылатын негізгі проблемалар, олар:
• өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;
• тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;
• өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерді күшейту.
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
• жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
• өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;
• жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
• өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.
Сонымен, өнімнің сапасын басқару әрбір кәсіпорындарда жүйелі түрде іске асқан жөн.
• Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы - нарықтық жағдайда қызметтің негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды кеңейтуді, кәсіпорынды жаңдандыруды, пайданың артуын қамтамасыз етеді.
• Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметі жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін қамтиды — жобалаудан бастап жұмысшыларға және кәдеге жараттуға дейін.
• Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді Ол ұлттық шаруашылықтың, халықтық, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын нормативті-техникалық негізі болып табылады.
• Дайындалған өнімнің сапасының түпкілікті бағалылығы сертификат көмегімен жүзеге асырылады, өнімді сапауды, тиісті сертификат беруді, бағалау сынағының көмегіен кейінгі өндірістің жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді.
• Өнімнің сапасын басқаруда нормативтік актілерді іске асыру сапаны және өнім қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз етуде тиімділік жүйені ұйымдастыруды талап етеді. Шетелдік және отандық практиканы еске ала отырып, құрылған өнімнің сапасын бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың және жеке тұлғалардың құқықтарының бұзылуында құқықтарын және мүдделерін қорғаудан тұрады.

2.2 Стандарт және стандарттау ұғымы
Стандарт — бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі моселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келісуішлік негізінде әзірленетіи және танылған органдардың бөкітетін норматитік құжаты. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы деңгейге жетуге бағытталады.
Республикада қолдапылып жүрген стандарттың жүйе құқықтық және әлеуметтік экономикалық мақсаттарды көздейді:
Біріншіден, заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделерін және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтық денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді.
Үшіншіден, стандарттың жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік-техникалық базасы ретінде қызмет етеді.
Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетін сапа жүйесінің бірін-бірін алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамысыз етеді.
Стандарттау — бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соқ стандарттың үлгілерді, нұсқауларды өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті халық шаруашылығының, халықтық еліміздің базасының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынадай нормативтік құжаттар бар:
• Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары (Гост);
• салалық стандарттар (ССТ);
• техникалық жағдайлар (ТЖ);
• кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер стандарттары;
• ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары.

2.3 Сапаға қойылатын талаптар
Өндіріс сапасымен тиімділігі арасында тікелей байланыс болады. Басқадай тең жағдайларда өндірілетін өнім сапасы жоғары болған сайын өндіріс тиімдірек. Сапа қайсы бір өндіріс (бөлімінің және т.б.) буынының немесе басқару деңгейінің артықшылығы болып саналмайды. Сапа – шын мәнінсінде баршаның және әркімнің мақсатты ісі.
Тиісті сапаны қамтамасыз ету үшін негіз салушы жағдайлар мен талаптарды сақтау қажет.
1234
скачать работу

Өнім сапасын басқару

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ