Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

ттелу деңгейі де жоғары болады. Бұл өз кезегінде объектінің басқарушылық деңгейін арттырады.

      Есептік ақпараттарды жіктеу схемасының көптігіне байланысты эталон ретінде олардың қандай да бір түрін бөліп алу қиындық туғызады, өйткені классификациялау схемасы ақпараттың арналымына (мақсатына) тәуелді. Сондықтан шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізде жіктеудің үлкен мағыналық мәні бар.(1-кесте)

                                                                                                 1.Кесте.

Топтастырылатын белгілеріне байланысты жасалатын шығындар жіктемесі ( классификациясы ). 

Осылардан басқа бақылау және реттеу функцияларын жүзеге асыру үшін басқарушы есебінде реттелетін және реттелмейтін шығындар тобы да ажыратылып көрсетіледі.

 

1.2. Өндірістік шығындардың жіктелуі.

    Шығындар жіктемесі басқару мәселелерін шешуші құрал ретінде  шешімді қабылдайтын және оның зардаптарын анықтайтын процеске қатысады. Дұрыс шешім қабылдау үшін оның қандай шығындар мен олжаға жетелейтінін білу қажет.

    Шығындарды жіктеудің мақсаты – жалпы массадан тек релевантты шығындарды бөліп көрсету (оның өзгеруіне ықпал етуге болатын бөлігіне қатысты), ал релевантты шығындар деп – тек шешімді қабылдау барысында ғана өзгеретін  болашақ шығындарды есептеуді айтады. Сондықтан, жіктеу әдістері немесе бағыттары басшының алдында тұрған нақты мәселелерге тәуелді болып келеді.

  • Бірінші бағыт – жай өндірістік есеп, оның негізгі міндеті: өнімді сатудан күтілетін табыс (қызметтерден, тасымалдаудан, сатудан) және өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын анықтау үшін жұмсалған шығындар (тікелей және жанама) туралы есептік мәліметтерді алу;
  • Екінші бағыт - өзіндік құн туралы есеп берулер мен нақты шығындар туралы алынған ақпараттарды жүйелеп, өндірістік шығындар деңгейімен айналысатын (цехтардың, өндірістердің, шектеулі серіктестіктердің) басшыларды керекті ақпараттармен қамтамасыз ету;
  • Үшінші бағыт – шығу орындары бойынша шығындарды бақылау мен реттеу мақсатында шығындар және жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру.

                             

                                             2. кесте.

Мақсаттарға сай жасалынған шығындардың жіктемесі (мүмкін болатын варианттар).

 

   

      Қарастырылып отырған жіктемемен сәйкес есепті жүргізу – отандық өндірістік шығындар есебіндегі жаңа құбылыс. Нарықтық қатынастарды жоспарлауда,  нормалауда және жалпы өндірісті басқару жүйесінде басқарушы есебінің (оның ішінде өндірістік есепте) ролі күшейіп отыр.                

       Баптар бойынша шығындарды топтау «Негізгі өндіріс» шотында аяқталған көрініс бойынша бейнеленеді, бірақ осы мәліметтер бойынша шаруашылық серіктестіктердегі әрбір өнім (қызмет пен жұмыс) түрлерінің өтеуі жөнінде, оларда қабылданған шешімнің тиімділігі және қабылданатын шешімнің табыс пен шығыс деңгейіне әсері туралы қорытынды жасауға болмайды.  Көп жағдайда осы мәселелерді шешу –қолданылған шығындарды топтастырумен анықталады. Басқару мақсаттарын  қанағаттандыратын шығындардың жіктемесі, өндірістік шығындар туралы ақпараттарды талдау және өңдеу әдістері – өндірістік қызметте есепті ұйымдастырудың басты қағидасы болып табылады.

  1.3. Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру.

Өндірістік шығындар есебінің жалпы сызбасында өндірістік шығындар туралы ақпараттардың қозғалысы көрсетілген.

 

    Шығындарды жіктеудің белгілері  туралы қызу пікірталастың арқасында шығындарды анықтаумен қатар, онық болашақтағы тенденциялары да анықталды.  Осыдан келіп, есеп тәжірибесінде Шаруашылық Серіктестіктерінің шығындарын тиімді басқаруға жаңа тәсірдерді тағайындау мен пайдалану мәселелері  отандық және шетелдік  экономикалық әдебиеттерде кеңінен талқыланып жатыр. « Шығындар есебінің жалпы қабылданған мәнін анықтау –  белгілі бір уақыт кезеңінде  шығындар есебінің сандық өлшемін (натуралды және құндық көрсеткіштер) арқылы жабдықтау, өндіру, олардың еңбегінің өнімін сату, дайын өнімдердің өзіндік құндарын қалыптастыру, тіркеу, топтастыру және жіктеп (кескінінде) талдау бойынша Шаруашылық Серіктестігіндегі өтіп жатқан процестерді көрсетуге бағытталған саналы іс - әрекеттердің жиынтығы ». Мұндай көрініс ШС  басқаруға қажет толық ақпаратты алуды және қаржылық нәтижелерді шығару арқылы қызметін бағалауды қамтамасыз етеді.

    Бірақ дамыған өндірістік есеп теориясы мен басқару және бастапқы даму жағдайында мұндай тәсілдің пайдалану бағыттары бойынша шектелген. Біздің пікіріміз бойынша, техникалық жағынан бәрі өндіріс шығындарының есептік мәнін анықтау өндірістік қызметтің басқарушы есебін ұйымдастыруға  немесе өндіріс шығындарын есе трансформациялау әдістерінің түрлі бағыттарын қамтуы керек. Сайып келгенде, шығындар есебінің  мазмұнын анықтау, ұйымдастыру моделдерінің  нақты алғышартын жасайды. Басқару процесіне кері ақпараттық ағын ретінде есеп тек шындықты (нақтылықты) ғана көрсетіп қоймай, болашақта экономиканы моделдеу үшін ақпаратты дайындайды, демек мұндай есептеу жүйесі өзіндік құнды басқарудың  жоғарыда аталған негізгі мәселелеріне сәйкес келеді.

12
скачать работу

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ