Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Органикалық заттардың алмасуы

мон қатысады. Олар — инсулин, глюкагон, адреналин, өсу гормоны, кор-тизол және тироксин. Аталған гормондардың тек біреуі — инсулин, -ғана қан құрамындағы глюкоза деңгейін төмендетеді, ал қалған бе-сеуі — оны жоғарылатады. Ал, гормондардың бөліну қарқыны қан-дағы глюкоза деңгейіне байланысты өзгеріп отырады

Липидтер — барлық жасушалар құрамы ңда кездесетін органикалық қосылыстардың үлкен тобы. Олар суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде (эфир, хлороформ, бензол, бензин т.б.) жақсы ериді. Химиялық тұрғы ңан липидттер спирт пен май қышқылдарының күрделі эфирі болып табылады. Май қышқылдары көміртегі мен сутегінің үзын тізбетінен (көбінесе 16-18) және карбоксил тобынан құралады. Кейбір жағдайда май қышқылдарында көміртегіні бір, немесе бірнеше қос байланыстары болады. Мұндай май қышқылдары мен олар құра-мына енген липидтер қанықпаған май қышқылдары не қанықпаган лишдтер деп аталады. Молекуласында қос байланыс болмайтын май қышқылдары мен липидтер қаныққан деп аталады.

Қанықпаған май қышқылдарының, қаныққан қышқылдармен салыстырғанда еру температурасы төмен болады. Мысалы, олеин қышқылының балқу температурасы 13,4 °С болғандықтан бөлме температурасы жағдайында ол сұйық күйде болады, ал пальмитин және стеарин қышқылдарының балқу температуралары тиісінше 63,1 және 69,6 °С, соңдықтан олар бөлме температурасында қатқан күйде қалады.

Липидтердің көпшілігі үш атомды спирт — глицерол мен үш май қышқылы қалдығының күрделі эфирі болғандықтан оларды үш гли-церидтер деп атайды. Бұл қосылыстар тоң май (жиры) және сұйық май (масло) болып бөлінеді. Липидтің құрамында қанықпаған май қышқылдары неғүрлым көп болса, соғүрлым оның балқу температу-расы төмен болады. Суық аймақты мекендейтін жануарлар денесінде (мысалы, Арктика теңіздерінің балықтарында) қанықпаған үш гли-церидтер көбірек болады. Соңдықтан да олардың денесі төмен тем-пература жағдайыңда өзінің икемділігін жоғалтпайды.

Липидтер стероидтар (өт қышқылдары, холестерол, жыныс гор-мондары, Д дәрмендәрісі т.б.), терпендер (өсімдіктердің өсу фактор-лары — гиббереллиндер, каротиноидтар, К дәрмендәрісі), балауыз, фосфо- және гликолипидтер, липопротеиндер болып жіктеледі.

Липидтер маңызды қуат көзі болып табылады, олар тотыққанда көмірсулар және белоктармен салыстырғанда қуатты 2 есе артық (38,9кДж, немесе 9,3 ккал) бөледі. Оның себебі липидтер құрамында көмірсулар мен белоктарға қарағанда сутегі көп, оттегі өте аз болады.

Суда ерімейтін қасиетімен байланысты липидтер (фосфолипидтер) жасуша мембранасының маңызды құрылымдық құрамы на айналады. Жылуды нашар өткізетін касиеттеріне байланысты липидтер жылу тұмшалағышы (изоляторы) болып табылады. Сондықтан да тері шелі жануарларды суықтан қорғайтын маңызды фактор болын саналады.

Май организмде тузілетін судың көзі, 100 г май тотытққаңда 107 г су бөлінеді. Бұл құбылыстың шөлді өңірді мекеңдейтін, құмда тіршілік етегін жануарлар үшін маңызы зор. Кейбір қанықпаған май қыш-қылдары (линол, линолен, арахидин) организмде түзілмейді, сондықтан олар қорекпен міндетті түрде қабылдануы керек. Бұл қышқылдарды алмастырылмайтын май қышқылдары деп атайды. Олар ра-цион құрамында болмаса, майлардың алмасуы, өсу, көбею процестері бұзылып тері ауруға шалдығады. Сонымен қатар майлар организмнің өсу факторы болып табылатын линол қышқылының, биологиялық белсенді заттардың (лростагландиндер, стероидты гормондар, холин) көзі. Олар майда еритін А,Д,Е дөрмендөрілерінің ішектен сорылуына мүмкіндік туғызады, қой шайырының, құстардың тері майының құрамы на енеді.

Денедегі май протоплазмалық және қордағы болып екіге бөлінеді. Протоплазма майына жасуша мембранасының, митохоңдрияның, микросоманың құрамы на енетін майлар жатады. Оның құрамы мен мөлшері айтарлықтай тұрақты, көп ауытқымайды. Май ми жасушалары, жыныс бездері және шәует құрамыңда едәуір көп болады.

Қордағы майға тері шелінің, шарбының майы, бүйрек, жүрек сияқты ағзалардың маңында жиналған майлар жатады. Май жасушалары -аденоциттер — альвеолалы ұлпалар мен ет талшықтары арасында да орналасады. Аденоциттер құрамындағы майлар ұлпаларда энергия жинақтаудың ерекше түрі.

Ас қорыту жолында (ішек қусында) қорек құрамындағы майдың бір бөлігі (30-40 пайызы) моно- және диглицеридтер мен май қыш-қылдарына ыдырайды. Глицерин ішектен оңай сіңіріледі, ал май қыш-қылдары өт қышқылдарымен әрекеттесіп, холеинді кешен түзген соң ғана сіңеді. Ішек қабырғасыңда глииерин, май қышкылдары, моно, ди- және үшглицеридтер мен май қышқылдарынан негізінен хило-микрондар мен тығыздығы төмен липопротеидтер түзіледі. Хиломикрон деп жұқа белокты қабықпен қапталған бейтарап май молекулаларын айтады. Хиломикрондар мен липопротеидтер негізінен лимфаға сіңіп, көкіректік лимфа өзегі арқылы жалпы қан айналым шеңберіне қосылады. Эфирленбеген май қышқылдарының қалдықтары (негізінен орташа ұзындықты тізбекті қышқылдар) қанға сіңіп, бауырға тасымалданады. Орта есеппен майлардың ыдырау енімдерінің 70 пайызы лимфаға, ал 30 пайызы қанға сіңіріледі. Құстарда липидтердің ыдырау өнімдері толығымен қанға сіңіп, бауыр арқылы жалпы айналымға қосылады.

Қанға сіңген май бауырда қайтадан глицерин мен май қышқылдарына ыдырайды. Глицерин глюкозаға айналып, гликоген түрінде қорға жиналады. Ал май қышқылдары бета-окси, бета-кетоқышқылдар сатысынан өтіп, сірке қышқылына айналады да, ол тотығып, су, көмір қышқыл газы және энергия бөлінеді. Бауыр жасушаларында (гепа-тоцштерде) организмге тән үшглицеридтер, фосфолипидтер және холестерин мен кетонды заттар да түзіліп, олар канға шығарылып отырады.

Лимфаға сіңген хиломикрондар мен липопротеидтердің көп мөлшерін өкпенің ерекше жасушалары — гистиоциттер сүзіп апады да, олар осы жерде тотығу процесіне ұшырап, энергияға айналады. Бұл процестің суық аймақта тіршілік етегін жануарлар үшін маңызы зор. Өкпеден өткен хиломикрондар бүкіл денеге тарап, олар май қорына айналады. Май ұлпасының адиноциттерінде май көмірсулар мен бе-локтардың азотсыз қалдығынан да түзіледі. Әрбір организмде оның өзіне ғана тән май жинақталады. Олар еру температурасымен, йод санымен, консистенциясымен, қаныққан және қанықпаған май қышқылдарының санымен ерекшеленеді. Осыдан әр түрлі жануарлар майының еру температурасы өртүрлі. Ол мына көрсеткіштермен сипатталады сиыр майы — 19-24,5 °С, жылқы майы — 28-32 °С, шошка майы — 36-46 °С, тауық майы — 33-40 °С, қаз майы — 26-34 °С, қой майы — 44-50 °С, сиырдың тоң майы — 31-38 °С, ит майы — 37-40 °С.

Организмге сыртқы ортадан энергия көзі аз мөлшерде түссе, онда ол қуатты қорға жиналған майлардан алады. Бұл жағдайда ұлпалардағы май липаза ферментінің әсерімен глицерин мен май қышқылдарына ыдырайды да, тотығу процесінен кейін су мен көмір қышқыл газы түзіліп, энергия бөлінеді.

Қордағы май басқа жолмен де пайдаланылуы мүмкін. Бұл жағдайда май өз қоймаларынан қанға бөлініп, бауырға тасымалданады да, оңда глицерин мен май қышқылдарына ыдырағаннан кейін энергия көзіне айналады. Ұлпалардан майлар липотропты заттардың (холин, коламин, серин, инозит, метионин, бетаинт.б.) қатысуымен тасымалданады. Бұл заттар бауырды шырланудан сақтап, майдың басқа ұлпаларға тасымалдануын жеңілдетеді. Баурда май гидрогенизация, дегидрогенизация процестеріне ұшырап, май қышқылдарының тізбектері үзарып, не қысқарыл отыруы да мүмкін.

Май қышқылдарының аралық өнімдерінің ыдырауы кезінде ке-тонды заттар — ацетон, ацетон-сірке, бета-окси май қышқылдары түзіледі. Липидтердің алмасуы бұзылса, немесе мал рационында көмірсулар тапшы болса бұл қосылыстар организмде көп мөлшерде жинақталып, кетоз ауруы туындайды.

Липидтер алмасуын реттейтін орталық гипоталамуста (аралық лш) орналасады. Бұл орталық липогенез (майдың түзілуі) және липолиз

(майдың ыдырауы) процестерін реттейді. Қан құрамында қант деңгейі жоғарыласа липолиз баяулап, липогенез күшейеді, ал ол төмендесе -онда кері құбылыс байқалады. Симпатикалық нерв липолизді, пара-симпатикалық нерв — липогенезді күшейтеді. Липолиздік әсер адре-налин, норадреналин, соматотропты гормон (СТТ), тиреотропты гор-мон (ТГ), тироксин, глюкагон гормондарына тән, ал инсулин -липогенезді күшейтеді. Инсулин май жасушалары мембранасы рецепторларымен байланысып, адреналин мен норадреналин әсерін тежейді де, липаза ферментінің белсенділігін төмендетеді. Глкжокортикоидтар да глюконеогенез процесін күшейтіп, қандағы глюкоза деңгейін жоғарылату арқылы майлардың лайдалануын (шығынын) баяулатады. Липокаин май қышқылдарының тотығуын күшейтіп, бауырды уланудан сақтайды.

Липидтердің алмасу қарқынына олардың ыдырау өнімдері де әсер етеді. Глицерин майлардың ыдырауын шапшандатса, май қышқылдары оны бөгейді.

123
скачать работу

Органикалық заттардың алмасуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ