Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Орыс философиясы



 Другие рефераты
Маркстік философия Қазақ философиясы XX – ғасыр философиясы Дүниенің болмысы, оның мәні және материя туралы түсінік

1.  Ресейдегі философияның қалыптасу ерекшеліктері және дамуы.

   2.  XIXғасыр орыс философиясы.

   3.  Діни философиялық дәстүрлер.

 

     XIX ғасырдың орта шеніне таман Ресейде буржуазиялық - демократиялық қозғалыс үдей түседі. 1861 жылғы басыбайлық құқықтың жойылуына байланысты бұл қозғалыстың буыны бекіп, ол қанатын кең жая бастайды да оның басына орыс қоғамының зиялылары келеді. Ол кезде Ресейде капитал истік қоғамдық зиялылары келеді. Ол кезде Ресейде капиталистік қоғамдық қатынастар қалыптасып, дами бастаған болатын. Орыс мәдениеті, қоғамдық ой мен философия жаңа бағытқа бет алған еді. Бірақ Ресейдің әлеуметтік қоғамдық өміріндегі қайшылықтар тым шиеленістіп кеткен, өндірістік қатынастар тым шиеленісіп кеткен, өндірістік қатынастар дағдарыс жағдайында болатын. Бұған Ресейдің орыс - қырым соғынындағы (1853 - 1856ж.ж.) жеңілісе де әсер еткенді. Бұл кезде Полынада, Финляндияда, Казказда, Орта Азия мен Қазақстанда да патшалық езгіге қарсы бағытталған көтерілістер жүріп жатты. Патшалық ресей оларды жаныштап, қарудың күшімен басып отырды. Көтерілістердің қатарына Қазақстандағы Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмүхамедүлы бастаған ұлт - азаттық сипаттағы қарулы көтерілістерді жатқызуға болады.

     1849 жылы Фейербахтың «Христиандықтың мәні» деген еңбегімен танысқаннан кейін материалистік философияның дұрыс бағыт екендігіне Чернышевскийдің көзі әбден жетеді де, бұрынырақ қалыптасқан Гегельдік философияның ықпалында болушылық қасиеттерінен біржолата арылады. Ал, кейіннен ол өзін Фейербахтың

шәкіртімін деп те жариялайды.

    1856 - 1862 жылдары Чернышевский «Замандастар» журналын басқарып, оны төңкерісшіл демократтардың органына айналдырады.

Н.Г. Чернышевскийдің материалистік философиясы А. И. Герцен мен В. Г. Белинский салып кеткен жолымен Фейербах философиясын нақтылау және ілгері дамыту барысында қалыптасады. Идеализмге қарсы күрес оның ғұмырлық ісі болды. Ол философия тарихымен ертеден танысты, Платон, Кант, Гегель сияқты идеалистердің негізгі қағидаларын жоққа шығарды. Олгегельдік диалектиканың тұжырымдары мен гегельдік саяси көзқарастыңарасындағы қайшылықты жіті көре білді және Гегельді сонысы үшін қатты сынға алды.

     Чернышевский өзінің негізгі философиялық шығармасы «Философиядағы антропологиялық қағидасында» үстем тап арасында кең таралған идеалистік теорияларды   және   орыстың   зиялылары   арасында   қанат   жая   бастаған позитивистік ілімді қатты сынға алады.

     Чернышевкий өз заманың жаратылыстану ғылымдарының табыстарымен де жете таныс болды. Чернышевскийдің философиялық шығармаларында болмыстың санаға қатынасы туралы негізгі мәселе материалистік тұрғыдан шешіледі. Ол, әсіресе, Кантты агностицизм және адамзат білімін «өзіндік заттан» шығара алмағандығы үшін мықты сынайды.

    Чернышевский материалистік таным теориясын дамыта отырып, алғаш рет практиканы ақиқаттың өлшемі ретінде таным теориясының құрамына енгізді. Сонымен қатар, ол басқа материалистер сияқты практиканы сезімдік тәжірибе ретінде емес, адамдардың табиғатты өзгертуге бағытталған іс әрекеті ретінде қарастырады. Ол өз шығармаларында басыбайлыққа қарсы күрескен қалың шаруалар бұқарасының арман - тілегі бейнелейді.

    XIXғасырдағы Ресейдегі идеалистік философия Иван Киреевский, Алексей Хомяков және тағы басқа славянофилдердің аттарымен тығыз байланысты. Олардың христиандықты орысша түсінуге негізделген идеалистік философиясы өз алдына философияны түсіндірудің неміс типінің Ресей үшін пайдасыз екендігін ыспаттау мақсатын қойған. Олар бұл ретте орыс рухани өмірінің ұлттық ерекшеліктеріне және шығыс шіркеуінің белсенді ғұламаларының шығармаларына арқа сүйеуге тиісті болды. Бірақ, Киреевский де, Хомяков та ешқандай да философиялық жүйе құрып, арттарына қалдырған жоқ. Дей тұрғанмен, олар философиялық қозғалысқа рух беретін бағдарлама жасап, зиялы қауымға ұсынды. Ал, бұл орыс ойының сол кездегі Ресейде христиандық көзқарасты насиқаттаудағы

қолы жеткен табысы болды.

     Жалпы алғанда, бүгінгі ресейлік философтар практика мен қазіргі заманғы ғылыми танымның байланысын зерттеу үстінде. Сонымен қатар олар материалистік диалектиака құрылымын бүтіндей қарастыру мәселесін де өз алдарына қойып отыр.

    Философия әрдайым дамыған және алға қарай да дами бермек, ол еш уақытта бір орында тұрған жоқ. Ол үнемі өткеннің тарихи фактірлерін, бүгінгі күннің шындығын және болашақтың қажеттерін ескере отырып дамуға тиіс. Және солай болып та келеді. Оған ешбір күмән болуға мүмкін емес.

Оқу-әдістемелік кешен. Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Атырау мұнай және газ институты

скачать работу


 Другие рефераты
Информатика
Архей эрасы
Открытая школа
Облыстың агроөнеркәсіп кешені экономикасының қазіргі жағдайы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ