Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Орта ғасырдағы саяси ілімдер

ысқа кінәлілер елді билеушілердің өздерінен басқа ешкім емес.

Мхитар Геш (1133-1213) «Судебник» атты шығармасында табиғи заңдар барлық халықтардың тәртіп нормаларында жатыр деген пікір айтады. Адам еркін болып жаратылған дейді. Материалдық теңсіздік адамдарды билеушілерге (княздарға), қызметшілерге бөлді. Феодалдық қанауды жұмсартуды ұсынады. Сыртқы жауларға халықтың күшін топтастыруды ұсынады. Салықтарды азайтып, феодалдық бытыраңқылыққа қарсы, бірорталыққа бағынған күшті мемлекет идеясын дәріптейді.

Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдердің дамуы. YIII-IХ ғасырларда Шығыс Еуропада славян мемлекеті құрылды. Киев Русінің басты кезеңі 988 жылы христиан дінін қабылдаудан бастау алды. Жаңа діннің енуі мемлекеттің нығаюна себепкер болды. Орыстың бірінші митрополиті Илларион «Заң және игілік туралы сөзді» жазды. Онда өзіндік діни-әлеуметтік тұжырымдама ұсынылды. Русьті билеуге енді Византияның митрополиті ықпал етпейтін болды. Илларион князь Владимирді әулие деп тануды ұсынды. Русьтің идеялары осыдан кейінгі жылнамаларда терең іздер қалтырды. «Новгород жылнамасының», «Лаврентьев жылнамасының», «Ипатьев жылнамасының», «Уақытша жылдар повесінің» шығуы соның айғағы. Бұл шығармаларда орыс княздері варяг князі Рюриктен таралады деген идея айтылады. Шетелдікті негізге алуы орыс тайпаларының арасындағы билік үшін таласты тоқтату еді. Сонымен орыс жерінің тұтастығын сақтау жылнамалардың басты идеясына айналды. Княздар соғысын тоқтату да басты мақсат болып есептелді. «Орыс правдасында» феодалдар табының саяси идеологиясы көрініс тапқан. Онда адамды өлтіргені үшін 40 гривень, ал князді өлтіргені үшін 80 гривень айып салынатыны көрсетілген. «Игорь полкі туралы сөз» шықты. Ол бірорталыққа бағынған орыс мемлекетінің негізін қалауға игі ықпал етті. ХYI – ғасырдың шығырмасы «Даниил Заточниктің сыйынуы» атты жылнаманың негізгі идеясы княздің дара билігін дәріптеу. Феодалдық соғыстар айыпталады. Княздарды әлсіздерді, жәбірлегендерді жақтап қорғауға шақырады.

Бірорталыққа бағынған орыс мемлекеті тұсындағы ой-пікірлер Спиридон-Савваның «Послание о Мономаховом венце» деген жылнамада көрініс тапқан. Онда орыс княздері Рим патшасы Августен таралады деген идея бар. Ал «Послание о князьях Владимирских» атты шығармада орыс княздері жалпы Рим патшасынан негіз алатыны айтылады. Орыс мемлекетінің даңқының артуына «Москва – үшінші Рим» теориясы көп қызмет етті. Аталмыш теорияны дәріптеген Псков монахы Елизаров болды. Ол тарих тұтасымн құдайдың құдыретімен дамиды деген пікірде болды. ХYI – ғасырда шіркеулік, әсіресе, монастырлық жериелік туралы мәселе өткір қырымен қойылды. Өйткені пайдалы жердің үштен бірі шіркеудің қарамағында болған. Патша үкіметі шіркеуді әлсірету мақсатымен жерді мемлекеттің қарамағына бере бастағанымен үкімет пен шіркеу уақытша ымыраға келеді.

Осы тұста А.М.Курбский (1528-1583) боярларды қолдап шықты. Дворяндар мүддесін И.С.Пересветов қолдады. Ол «Константин патша туралы аңызында» патшаны вельмождармен өте қатал күреске шақырды. Ең күшті мемлекет деп шексіз самодержавиені атады. Мықты әскер ұстауды нұсқады. Қуатты сыртқы саясат жүргізуді көрсетті. Қазан патшалығын басып алуды айтты. Холоптықты жою керек, олардан ержүрек жауынгер шықпайды деді.

Феодалдық езгіге қарсы пікірлер ең алдымен ХYII ғасырдың басындағы И.Болотников бастаған шаруалар соғысынан көрініс тапты. Ерестер қозғалысы да дамыды. Еретиктер Матвей Башкин мен Феодосий Косойдың саяси ой-пікірлері осы кезеңге жатады. Башкин холоптыққа қарсы шықты, мемлекеттің шіркеуге бағынбауын айтты. Осы ойлары үшін ол өртеліп жіберілді. Екінші бір еркін ойшыл Косой холоп болған. Қуғынға ұшыраған соң шетелге қашып кеткен. Онда монахқа айналып, «өзінің жаңа ілімін» уағыздады. Дегенмен оның көзқарасында радикализм көбірек. Ресми шіркеуді мойындамады, шіркеулік жериелікке қарсы болып, «христиан қоғамын» құру идеясын насихаттады. Жалпы ілімі плебейлік деп есептелді.

12
скачать работу

Орта ғасырдағы саяси ілімдер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ