Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ортақ меншік құқығы

аланады (АК- ның 220-бабының 1-тармағы). Бұл ортақтас меншік иелерінің әрқайсы және олардың барлығы бірге білескен меншікті бүтін нәрсе ретінде теңдей негізде иемденуге және пайдалануға құқылы екендігін білдіреді, мысалы, жекешелендірілген пәтерді бірлесіп иемдену және пайдалану. Өзінің ортақ мүлікті пайдалану және иемдену құқығын бірлескен меншіктің әрбір қатысушысы кез келген уақытта және бірлескен мүліктің бар кезінің өне бойында іске асыруға құқылы. Бірлескен меншіктің қатысушыларының келісімімен бірлескен меншікті иеленудің және пайдаланудың өзге де тәртібі белгіленуі мүмкін. Мысалы, жекешелендірілген пәтер бірлескен меншіктің қатысушыларының біреуінің немесе бірнешеуінің пайдалануына берілуі мүмкін. Бірақ, бірлескен меншіктің қатысушылары, үлесті меншіктің қатысушыларына қарағанда, өздерінің ортақ мүліктің қандай да бір бөлігін иемденуін немесе пайдалануын бекітіп беруді немесе өздеріне тиісті өтем төленуін, тіптен, сот арқылы да, талап ете алмайды.

Бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады(АК-ның 220-бабының 2-тармағы). Бірақ бұл келісім тек болжамданады және ол әрбір жағдай сайын бірлескен меншіктің басқа қатысушылары тарапынан көрініс табуы қажет емес. Тек, ортақ мүлікке билік ету жөніндегі мәміле нотариалдық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді қажет еткен жағдайда үлестік меншіктің басқа қатысушыларының оған келісімі нотариалдық тәртіпте расталынуы тиіс. Бірлескен меншікте билік ету бірлескен меншіктің басқа қатысушыларының келісімімен жүзеге асырылатындықтан, олардың кез келгені, басқа қатысушысының ортақ мүлікпен байланысты мәміле жасауға ниетін біліп,оған қарсы сөз айтуға құқылы. Мұндай жағдайда мәміле жасалынбайды,ал жасалған болса,ол сот арқылы заңсыз деп танылады.Бірлескен меншіктің қатысушысы басқа қатысушы жа-саған мәмілеге қарсы дау айтуға құқылы.Бірақ,мәміле жасаған қатысушыда қажетті өкілеттіктер болмаған себепті,мәміле оның басқа тарабының бұл жайында білгендігі немесе қалайда білуге тиіс екендігі дәлелденгенде ғана заңсыз деп танылады.

Бірлескен меншіктің қатысушыларының мүлікте алдын ала белгіленген үлестерінің болмауы бұл мүлікті бөлу және одан енші алу тәртібінен бай- қалады. Мұндай бөлу немесе еншілеу қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлікке құқығындағы үлестері алдын ала анықталған жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл ретте,егер заң құжаттарында немесе бірлескен меншіктің қатысушыларының келісімімен өзгедей көзделмесе,олардың үлестері теңдей деп танылады. Үлестерді анықтау процесі,әдетте,уақыты жағынан мүлікті бөлумен немесе одан енші шығарумен сай келеді. Бірақ,үлестерді анықтау сатысының өзінде қосалқы маңыз бар. Егер мүлікті бөлу немесе еншілеу қандай да бір себептермен болмай қалса, онда бірлескен меншіктегі үлесті анықтау да өз мәнін жоғалтады,ал бірлескен меншіктің өзі, егер меншік иелері қаламаса, үлесті меншікке айналмайды.

Бірлескен мүлікті бөліу немесе одан үлесті шығару жоғарыда қаралған үлесті меншікті бөлу немесе одан енші шығару үшін белгіленген заң тәрті-бінде жүргізіледі.Әрине,егер заң құжаттарында бірлескен меншіктің кейбір түрлері үшін өзгедей белгіленбеген болса және бірлескен меншіктің қатысу-шыларының қатынастарының сипатынан туындамаса.

Ортақ мүліктегі үлесті бірлескен мүлікке қатысушының несие берушісінің талабы бойынша еншіге бөлудің бірқатар ерекшеліктері бар,ол ортақ мүліктің бірлескен немесе үлесті екендігіне байланысты емес. Несие беруші өз талабын қанағаттандыруға борышқордың басқа мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда,өндіртіп алуға аудару үшін үлестің еншіленуін талап етуге құқылы. Бұл ретте ортақ меншікке қатысушының үлесіне өндіртіп алуды аудару оны сот шешімі негізінде жария саудада тікелей сату арқылы жүреді,егер ортақ меншіктің қалған қатысушылары несие берушінің талабы бойынша бұл үлесті сатып алудан бас тартса немесе оны борышты жаба алмайтындай бағамен алуға келіссе.

Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі. Мүлік ерлі-зайыптыларға бөлектелген, ортақ бірлескен немесе ортақ үлесті меншік құқығында тиесілі болуы мүмкін. Заңның жалпы ережесі бойынша ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлескен меншігі болып табылады. Ерлі-за-йыптыларға некеде тұрғанға дейін тиесілі болған, сондай-ақ олардың некеде тұрған кезінде сыйға тартылған немесе мұрагерлік тәртіппен алған мүлкі олардың әрқайсысының меншігі болып табылады(АК-ның 223-бабының 1 және 2-тармақтары).

Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған бірлескен меншікке құ-қығы туралы норма диспозитивті.Ерлі-зайыптылар арасындағы шарттарда, оның ішінде некелесу шартында мынадай мүлік олардың үлесті меншігі бо-лып табылады,не меншік құқығында олардың біреуіне тиесілі, не тиісті бөлік-терінде ерлі-зайыптылардың бөлектелген меншігі болып табылады деп көр-сетілуі тиіс.Бірлескен меншік шарт бойынша емес,тек заңға сәйкес белгілене-тін болғандықтан,ерлі-зайыптылардың бірге тұрмаған кезде жинаған мүлікті немесе олардың біреуінің бөлектелген меншікке алған мүлікті бірлескен мен-шік деп тану туралы келісім жасауына жол берілмейді. Мұндай мәмілелер заңсыз. Бірақ, ерлі-зайыптылардың өздерінің некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне бірлескен меншік режимін емес, басқа құқықтық режим белгілеу ту-ралы шарттарын тоқтату жөніндегі келісімдері заңды деп танылады.

12
скачать работу

Ортақ меншік құқығы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ