Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Орталық нерв жүйесі

ксондары кіреді (қаңқа еттерін жабдықтайтын). Бұлардың денелері жұлынның сұр затының алдыңғы мүйізінде жатады. Алдыңғы мүйіздің төмен бөлімінде аксондары тоқ ішекке, тік ішекке, қуыққа және тыныс органдарына баратын майда жасушалар жатады. Осымен қатар кеуде және жоғарғы бел омыртқалар тұсында алдыңғы түбірлер құрамына жасушаларры сұр заттың орталық бөлімінің сыртқы шетінде жататын эффетенттік аксондар кіреді. Артқы түбірлердің құрамына денесі сол түбірдің өзінде орналасып омыртқалық түйін деп аталатын біраз жуандаған эфференттік нейрондардың талшықтары кіреді.

Жұлын негізгі 2 қызметті атқарады: 1. өткізгіштік 2. рефлекторлық. Жұлынның көлденең кесіндісінен оның көпшілік бөлігін ақ зат жиынтығы алып жатқаны көрінеді. Олар өткізгіш жолдарды құрайды: импульсті миға қарай өткізетін жоғары кететін жєне импульсті кері бағытта алып жүретін төмен кететін жолдар.

Жоғары кететін жолдар: 1. Жұлыннан миға Голл мен Бурдах шоғыры кетеді. Олар арқылы терідегі, еттердегі. Сіңірлердегі рецепторлардан миға импульстер өтеді. 2. Артқы мишық жолы (Флексиг шоғыры). Ол жұлынның артқы мұйізінің негізінде жатқан жасушалардан басталып, қозуды жұлын түйінінде жатқан нейрондардан алады. 3. Алдыңғы мишық жолы (Говерс шоғыры). Ол да мишыққа барады. Флексиг пен Говерстің шоғырына импульстер ет, сіңір, буын рецепторларынан келеді. 4. Сұр заттың дорзальдық мүйізінен шығып көру төмпешіктеріне келіп бітетін жұлын-таламикалық жолдар. Бұлар арқылы температура, ауырсыну, сипап-сезу сияқты тітіркенуден пайда болған импульстер өтеді.

Төмен кететін жолдарға: а) пирамидалық; б) руброжұлын (Моноков шоғыры); в) вестибулярлық шоғыр т.б жатады. Пирамидалық жолдар ми қыртысының қозғағыш аудандарынан шығып ми аяқшасы арқылы мидың төменгі бөлімдеріне келеді. Сопақша мидың төменгі бөлімінде бұл жолдардың көпшілік талшықтары қиылысып, қарама-қарсы жаққа өтеді. Пирамидалық жолдар мидан жұлынның қозғалыс орталықтарына қозу толқынын жеткізіп отырады: бұдан ипмульстер еттерге барады. Пирамидалық жол адамдарда жануарлармен салыстырғанда күшті дамыған. Оның талшығының жартысынан көбі қолдың қозғағыш нейрондарына қарай бағытталады – бұл, шамасы, қолдың ерекше қимыл қызметін атқаратындығына байланысты болуы керек. Пирамидалық жол арқылы қозу өтудің тоқтауы адамда қол қимылын жасау мүмкіндігін жоғалтуына єкеледі. Ал жануарларда, мысалы, итте мұндай жағдайда қозғалу функциясы аз-ақ бұзылады. Маймылда қозғалу алғашқы бұзылғанмен, кейін жарым-жартылай қайта қалпына келеді.

Руброжұлын ортаңғы мидың қызыл ядроларынан басталады. Ми көпірінде олар бір-бірімен түйісіп, екі жаққа өтеді. Олар ет тонусын реттеуге қатысады.

Сопақша мидың Дейтерс ядросынан вестибулярлық шоғыр кетеді. Оның талшықтары түйіспей сопақша ми және жұлын арқылы өтеді. Олар дененің тепе-теңдігін сақтауға қатысады.

Єр түрлі тєжірибелік зерттеулер жұлында көптеген рефлекстердің орталықтарының бар екендігін көрсетті. Мысалға, аяқтарды тартып алу, ию, жазу тағы сол сияқты қарапайым қозғалыстардың орталықтары орналасқан. Адам өмірі үшін маңызды зєр шығару, жыныс мүшесінің эрекциясы, т.с.с. рефлекстер де, дене бұлшық еттерінің тонусын сақтауға мүмкіндік беретін рефлекстер де жұлындағы орталықтардың қатысуына байланысты. Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы орындалады.

12
скачать работу

Орталық нерв жүйесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ