Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Паналау ғимараттары

тұрған құрастырмаларға жақындамау, газ бен күштi әсер ететiн улы заттар жайылған орындарды айналып өту: жерде үзiлiп жатқан және салбырап тұрған электр сымдарынан аулақ жүру керек.

Көшiрiлгендер колоннасы белгiленген жерде келгеннен кейiн оларға медициналық көмек көрсетiледi.

Тез тұрғызылатын паналау ғимараттары

Тез тұрғызылатын паналау ғимараттарында да адамдар орналасатын бөлмеде қарапайым сүзгi-желдеткiш немесе заводта жасалынған сүзгi-желдеткiш орнатылатын орын, санитарлық тарап, авариялық шығу жолы болу керек. Шағын ғимараттарда санитарлық тараппен қалдықтар салынатын ыдыстар тамбурға, ал суы бар бак адамдар паналайтын бөлмеге қойылуы керек.

Әдетте, тез тұрғызылатын паналау ғимараттарының құрылысына құрастырмалы темiр-бетон конструкциялары, мысалы инженерлiк жер асты жолдарына пайдаланатын коллекторлардың элементтерi және басқа да материалдар пайдаланылады. Оның қорғағыштық қасиетiн арттыра түсу үшiн мiндеттi түрде кiрер ауызға қорғанышты-тығыз есiктер орнатылады.

Ағынды ауаны радиоактивтiк тозаңнан улағыш және бактериялық заттардан тазартатын құм немесе шлак сүзгiлерi, ал тозаңды тазалау үшiн мата сүзгiлер қолданылады. Сондай-ақ мұнда су құйылған ыдыстар, паналаушылар үшiн нарлар мен орындықтар, жарық беру приборлары болады.

Соққы толқынына қарсы ауа соратын және сыртқы шығаратын каналдары қорғауға шағын қорғағыш секциялар (3СУ-М), ағаш және металл дефлекторлар пайдаланылады.

Радиациядан қорғайтын паналау орындары

Мұндай паналау орындары адамдарды радиоактивтiк заттармен қатар радиациядан да қорғайды. Мұндай адамдар жарық сәулесiнен, өткiш радиациядан және ядролық жарылыс кезiнде iшiнара соққы толқынынан, сондай-ақ адамдардың терiсi мен киiмiн улағыш заттар мен аэрозольды бактериялық құралдардың жұғуынан да қорғай алады.

Радиациядан қорғайтын паналау орындары бейбiт кезде өнеркәсiптiк, транспорттық, мәдени-тұрмыстық және коммуналдық мақсатқа арналған объектiлердi жаңадан салумен қайта салу кезiнде, сондай-ақ категорияланбаған қалаларда және селолық жерлерде жүргiзiлетiн тұрғын үй құрылысының жағынан салынады.

Бейбiт кезде соғыс жағдайында радиациядан қорғайтын панаалу орындары ретiнде ең алдымен подвалдар, погребтер, сонымен бiрге ауылдық жерлерде көкөнiс сақтайтын қоймалар сондай-ақ тас үйлер де пайдаланылады.

Подвалдар мен оларды пайдалану тиiмдi, өйткенi оларды көп қаржы жұмсамай-ақ тез арада паналау орнынан бейiмдеп қою оңай.

Радиациядан қорғайтын паналау орындарын жылу, су және электр жарығымен жабдықтау жұмыс iстеп тұрған инженерлiк-коммуникациялық жүйелер арқылы жүзеге асырылады, ал авариялық жарық көзi ретiнде аккумуляторды және электр шамдарын пайдалануға болады.

Қорғау қасиеттерiне қарай радиациядан қорғайтын паналау орындары үш топқа бөлiнедi:

•    қорғау коэффициентi 200 н/е одан да жоғары;

•    қорғау коэффициентi 50-200-ге дейiнгiлер;

•    қорғау коэффициентi 20-50-ге дейiнгiлер.

Паналау орындарының қорғау қасиеттерi радиация дозасының әлсiреу коэффициентiнен анықталады.

Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларының арасында радиоактивтiк зақымның айрықша орын алатынына жоғарыда тоқталдық. Өйткенi ядролық жарылыстың басқа факторларына қарағанда оның әсер ету зонасы әлденеше есе көп. Ал радиоактивтiк зақым ауылдық жерлер мен жергiлiктi және көшiрiлген халық тұратын аудандар үшiн өте қауiптi.

Сондықтан да бейбiт кезде салынатын радиациядан қорғайтын паналау орындармен қатар жаудың шабуыл жасау қауiптi туған кезде радиациядан қорғайтын қарапайым паналау орындары да жаппай салынады. Селолық жерлерде мұндай паналау орындары тек қана село тұрғындарына ғана лайықталып салынбай, көшiп келген халықты орналастыруға да сай етiп салынуы керек.

Паналау орындарын салуға барлық еңбекке жарамды адамдар, сонымен бiрге iрi қалалардан келген халық та тартылады.

Радиациядан қорғайтын паналау орындарының құрылысын салу мен жабдықтау кезiнде оның сыртқы радиоактивтiк сәуленi қаншалықты әлсiрете алатыны есепке алынады. Сыртқы радиоактивтiк сәуле күшiн жерден 1 метр биiктiктегi мөлшерi бойынша есептейдi. Мысалы: ағаш үйлердiң подвалдары радиацияның күшiн 7-12 есе, тас үйлер 200-300 бiр және екi қабатты тас үйлерiнiң бiрiншi қабаты 5-7 есе, көп қабатты үйлердiң жоғарғы қабаттары – 50 есе кемiтедi. Қыс кезiнде паналау орнына жылжымалы пеш орнына орнатылады.

Радиациядан қорғайтын паналу орындарында кiрер есiгiн жабдықтауға зор көңiл бөлiнедi. Ол, әдетте паналау орнының негiзгi бөлмесiне 90 градустық бұрыш жасап орналастыратын тығыз бекiтiлген тамбур түрiнде жасалады. Тамбурдың кiрер аузына, жымдасып жабылатын есiк қойылады, тамбурдан жасалған перде ұсталады.

Подвалдарды, погребтердi және басқа да ор, жертөле сияқты орындарды паналау ғимараттарына бейiмдеуге олардың қорғағыштық қасиеттерiн, тығыз бекiтiлуiн арттыру және қарапайым желдеткiштi орналастыру жұмыстары жүргiзiлуге тиiс.Подвалдар табиғи жолмен желдету үшiн мұржалармен жабдықталады. Погребтер мен үйдiң асты паналайтын орын етiп осылайша жабдықталады. Жеке тұрған погребтердi радиацияға қарсы паналау орнына бейiмдегенде, оның үстiне 60-70 см қалыңдықта топырақ үйiп, кiрер аузына жабылатын есiк орнатылады.   Жерден қазған жайлар болмаған жағдайда, радиациядан қарсы паналау орны ретiнде кәдiмгi үйлердi пайдалануға болады. Үйдiң сыртқы қабырғалары ағаш үйiндiсiмен және шлакпен қалыңдатылып, терезе мен басқа да тесiктерi бекiтiледi, төбенiң бел ағашы берiк етiледi, үй төбесi және топырақ шлакпен қалыңдатылады.

Жай паналау орындары

Жай паналау орындары – бұларға үстi ашық және жабық жыралар жатады. Олар адамдарды жарық сәулесiнен, өткiш радиациядан және ядролық жарылыстан, қираған үйлер мен ғимараттардың басып қалуынан қорғайды. Жай паналау орындары қалалар мен селолық жерлерде шабуыл қауiпi туған кезде паналау ғимараттары мен радиациядан қорғайтын осындай объектiлер жеткiлiксiз болған жағдайда салынады. Мұндай паналау орындары кәсiпорындардың, үйлердiң, вокзалдардың, әуежайлардың, фермалар мен дала қостарының және басқа да адамдар көп шоғырланған орындардың жанынан салынады. Жай паналау орындарына ор-жырлар да пайдаланады. Ор-жырлар құрылысы жағынан қарапайым, салуы арзанға түсетiн паналау орындары болып табылады.

Үстi жабық ор-жырлар соққы толқынының әсерiн 2,5-2 есе кемiтедi, жарық сәулесiнен толық қорғайды, ол өткiш радиациядан және сәуле шарпуынан қорғануды арттырады. Ор жыралардың үстiн 20 см қалың балшықпен сылайды, сонан соң қалыңдығы 60 см етiп топырақ жабады, оның үстiн шыммен бастырады. Оған түсу үшiн баспалдақ жасалынады, желдетiлiп отыратын биiктiгi жер бетiнен өлшегенде 1,5-2 м келетiн ауа тартқыш мұржа орнатылады. Мұржаның жоғары жағына күн қағар жабылып, астыңғы жағына арнайы қақпақ орнатылады. Радиоактивтiк ылғал түсу қаупi туған жағдайда қақпақты 2-3 сағатқа дейiн жауып қоюға болады. Ор-жыраның есiгi ауа мен тозаң кiрмейтiндей тығыз жабылуы керек. Ор-жыралар басып қалмайтындай қауiптi жерден қазылуы керек. Олар қауiптi жағдайда тез жасырыну үшiн өндiрiс орындарынан тағы басқа да халық көп шоғырланатын жерлерден 400-500 м қашықтықтан қойылады.   Паналау ғимаратын бейбiт кезде пайдаланғанда, оны тiкелей арналған мақсатына көшiретiн, сондай-ақ соғыс кезiнде онда адамдардың жасыруына қажеттi жағдайды қамтамасыз ететiн барлық талап орындалуға тиiс. Сондықтан да паналау ғимараттарын бейбiт уақытта пайдаланған кезде оның бөлмелерi мен жабдықтарының аман сақтаулы, паналау ғимаратының белгiленген мерзiмге даяр болуы қамтамасыз етiлуге тиiс.   Зақым ошағынан өткен адамдарды, көшiрiлгендер колоннасы белгiленген жерде келгеннен кейiн олар транспорт құралдарымен қауiпсiз аймаққа жеткiзiлiп, қажеттi медициналық көмек көрсетiледi.

 

ӘДЕБИЕТ

1.    Под редакцией А.И.Бурназяна. Руководство по организации медицинского обеспечения при массовых поражениях населения. “Медицина“. Москва, 1971. Том 1,2

2.    М.Мырзабеков. Жазатайым жарақат алсаңыз. Алматы, 1987 ж.

3.    Қазақтан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi Агенттiгi. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөнiндегi материалдардың ақпараттық әдiстемелiк жинағы. (1,2,3 шығарылым), 2000 жыл.

4.    Под ред. Е.П.Шубина. Гражданская оборона. Москва “Просвещение“. 1991 г.

5.    Гражданская оборона. Под редакцией А.Г.Алтунина. Москва. “Военное издательство“, 1982.

6.    Гражданская оборона на объектах сельскохозяйственного производства. Москва. “Колос“, 1973.

7.    Методики оценки возможной обстановки при землетрясениях. Алма-Ата 1990.

8.    Справочник по поражающему действию ядерного оружия. Москва. “Военное издательство“, 1975.

9.    Алтунин А.Г. Формирование гражданской обороны в борьбе со стихийными бедствиями. Москва. “Стройиздат“, 1976.

10.    Методика оценки радиационной и химической обстановки по данным разведки гражданской обороны. Москва. “Военное издательство“, 1980.

11.    П.Е.Егоров и др. Гражданская оборона.

12.    В.Г.Атаманюк., Л.Г.Ширшев, Н.И.Акимов. Гражданская оборона. Москва. “Высшая школа“, 1976.

13.    Лазаренко Ю.И. Бактериологическая разведка. “Медицина“. 1968.

14.    Михно Е.П. Восстановление разрушенных сооружений. “Воениздат“, 1976.

12
скачать работу

Паналау ғимараттары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ