Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі

лесім-ділігін, педагогикалық процестің біртұтастығын қамтама-сыз ететіндігін көрсетеді.

Бұл проблема соңғы кезде өкесіз отбасылар көбеюіне байланысты маңызды бола түсуде. Дегенмен, педагогикалық ұжымдағы еркек пен әйелдердің барынша орнықты арақатынасын айқындау өте қиын. Ол әрбір нақты жағдайда өзінше шешім табуы тиіс. Бірақ қалай болғанда да мектептегі еркектердің жетіспеушілігіт оке, ата-аналарды, өндірістік ұжым мүшелерін сабақтаи тыс уақыттағы тәрбие жұмыстарына тарту арқылы толықтыру қажет.

Педагогикалық ұжымның ұйымдық құрылымы

Ұжым психологиясы жөніндегі зерттеулер /А. И. Донцов, А. Н. Лутошкин, А. В. Петровский, А. Л. Свентицкий және т.б./ ұжымның құрылымы туралы тиянақты мағлүмат береді. Соның ішінде ұжымға әлеуметтік-психологиялық талдау жасағанда, оның ұйымдық құрылымы ресми және бейресми болып бөлшетгіндігін аңғарамыз. Бұл жағдайда құрылым ретінде ұжым мүшелерінің салыстырмалы түрде біршама тұрақты өзара қатынасын атауға болады.

Ұжымның ресми құрылымы оның мүшелерінің міндеттері мен құқықтары, еңбек бөлінісінің ресми реттелуіне байланысты. Ресми құрылымның шеңберінде әрбір адам кәсіптік қызметті атқаруда белгілі тәртіп, ережелер негізінде еңбек ұжымының өзге мүшелерімен әрекеттеседі. Бір сыныпта жұмыс істейтін мғалімдер білім

стандарттарын, оқу бағдарламаларын, сабақ кестесін, кесіптік этика нормаларын басшылыққа алады. Әрбір мұғалім мектеп басшыларымен, әріптестерімен іскерлік қатынаста болады. Ал, мұғалім мен мектеп басшылары-ның арақатынасы қызметтік нүсқаулар жөне өнімдерімен реттеледі.

Ұжымның қалыпты істеуі, оның ресми құрылымы бірқатар жағдайларға байланысты. Мұғалімдердің ұжымдық өзара ықпалдастығы ресми құрылым шегінде бірлескен жұмысты ұйымдастыру деңгейімен, өрекеттерді үйлестіру, түрлі шүғыл жұмыс кестелерінің, оқу-тәрбие процесінің барысы мен нәтижелерін тексеру жүйесінің болуымен, қоғамдық міндеттер мен тапсырмалардың теңцей бөлінуімен айқындалады.

Педагогикальщ ұжымның бсйресми құрылымы ұжым мүшелерінің алдын ала белгіленген міндеттерінен тыс нақты іс-әрекет негізінде қальштасады. Ұжымның бейресми құрылымы оның мүшелері арасындағы қалыптасқан қатынастар жүйесінен түрады. Ондай қатынастар жек көру мен үнату, құрметтеу, махаббат, сенім немесе сенімсіздік, ынтымақтасу, бірлесе жұмыс істеуді қалау немесе қаламау сезімдері негізінде қалыптасады. Бұндай құрылым ұжымның ішкі, көбіне жасырын, көзгс көрінбейтін жағдайын танытады.

Жас мұғалім педагогикалық қызмет процесінде қиындыққа кездескенде ресми ұйымдық құрылымға сәйкес мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына, сонымен бірге қажет деп тапса білікті, тәжірибелі маман ретінде басқа мұғалімнен көмек сұрайды.

Ал мұғалімдер арасындағы бейресми байланыстар түрлі себептерден туывдайды. Бір жағдайларда бұл араласу, достық, махаббат сияқты әлеуметтік қажеттіліктен туындаса, келесі жағдайда тәжірибелі жолдасынан кәсіптік көмек, қолдау алуға байланысты, үшінші жағдайда — жаңа, қызықты ақпарат алуға байланысты, төртінші жағдайда өзгелерді өзіне бағындыруға ұмтылған эгоистік себептерден туындайды. Ұжымдағы бейресми қатынастардың пайда болуының мынадай белгілерін бөліп айтуға болады: достық, жолдастық топтардың құрылуы, бейресми пікірдің қалыптасуы, бейресми басшылардың шығуы, жаңа қүядылық бағдарлардың нығаюы және т.б.

Ұжымның ұйымдық құрылымының дамуына бір-қатар факторлар ықпал етеді. Педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, осындай ықпал етуші факторларды қарастырып көрейік.

Ол ең алдымен мұғалімдер ұжымы шешетін кәсіптік-педагогикальщ міндеттердің сипаты. Педагогикалық процестің түтастығы, оқыту мен тәрбиелік ажырамас байланысы мұғалімдер, сынып жетекшілері, ата-ана мен жүртшылық өкілдерінің әрекетін біріктіреді. Дегенмен, әр мұғалім өзінің нақты қызметін атқарғанымен ол өз ерекетін педагогикалық процестің басқа да қатысушылары — мұғалімдер, оқушылар, мектеп өкімшілігімеч келісе отырып жүргізеді.

Мектептегі, сыныптағы істің жағдайы туралы дер кезіндс алынған объективті ақпарат ұжымның ұйымдық құрылымын нығайтып, ұжым мүшелерін біріктіре түседі. Психологиялық зерттеулер /А. И. Донцов, Р. X. Шакуров/ ұжымның топтасуының қажетті шарты мақсат бірлігі екендігін дөлелдейді.

Ұжымдық құрылым белгілі дәрежеде педагогикальщ ұжым мүшелерінің әлсуметтік-демографиялъщ, дербестік-психологияльщ ерекшеліктеріне тәуелді тығыз іскерлік, тұлғааралық қатынастардың қолайлы негізі ұжымның жасына, біліміне, біліктілік деңгейіне, кәсіптік құндылықтары сияқты белгілері бойынша біртектілік екендігі даусыз.

Бұндай ұжымдар топтасу, ұйымдасудың жоғары Деңгейімен ерекшеленеді. Дегенмен педагогикалық ұжымдар өзінің құрамы жағынан барынша әртекті болып келеді: оның құрамына біліктілік деңгейі әртүрлі жыныс өкілдерінен тұратын жас және тәжірибелі мұғалімдер енеді. Бүның барлығы әртүрлі бағыттағы бейресми топтардың құрылуына негіз қалайды. Мектеп басшылары педаго-ғикалық ұжымды ұйымдастырғанда және басқарғайда бұл жағдайды ескеруі тиіс.

Өзара қатынастың педагогикалық ұжымның тұрақтылығына ықпал екі жақты сипат алады. Бір жағынан ұжымішілік қатынас, ұжымның тұрақтылығын білдірсе, екінші жағынан педагогикалық ұжымдағы тұрақтылық педагогтардың өзара қатынасының сипатын айқындайды.

Ұжымның ұйымдық құрылымы ұжым мүшелерінің мүддесін, қажеггілігін, қавшальщты қанағаттаңдыруна да байланысты. Қанағаттану деңгейін анықтайтын бұндай факторлардың қатарында ұжымның беделі, достарының болуы, осы ұжымдағы өз еңбегінің мәнін сезіне білу, моральдық-психологиялық ахуал, ұжымның дәстүрлерін айтуға болады.

Ұжымньщ ұйымдық құрылымының сипатын айқындауды оның көлемі де елеулі етеді. Психологияда шағын ұжымдардың мүшелері арасында байланыс біршама тұрақты, берік болып келетіндігі дәлелденген. Ұжым үлкейген сайын ұжым мүшелерінің арасындағы қатынас ресми сипат ала береді. 30 адамнан асатын педагогикалық ұжымда мүдде, қы

12345След.
скачать работу

Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ