Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі

ыптардың ата-аналарын біріктіруге болады.

Көптеген мектептерде педагогикалық білім университеттерітабысты жұмыс істейді. Білім берудің бұл формасы лекциялық курстан және семинар сабақтарынан түрады. Бұндай күрделі жұмыс формасына барлық ата-аналар аудиториясы дайын болмауы мүмкін. Сондықтан да бұл жұмыс формасын аса сақтықпен практихаға енгізу керек.

Мектептерде ата-аналардың тәрбие проблемаларына арналған жылдьщ қорытынды ғылыми-практикальщ конференцияларын өткізу дәстүрге айналған. Конференцияға "Балаларды еңбекке тәрбиелеу", "Жақсылыққа апарар ең тәте жол — имандылық арқылы" және т.б. тақырыптар таңдап алынып, мектептс ол проблема жыл бойы теориялық және практикалық қырынан зерттеледі. Осындай жағдайда ғана конференция өз атына лайық қорытынды болып шығады.

Ашып есік күндері немесе ата-аналар күні үлкен дайындықты қажет етеді. Әдетте оны тоқсанның басында, немесе каникул күвдерінде өткізген тиімді. Бұл күнге мектеп арнайы тақырыпқа сай безендіріледі, кезекшілік ұйымдастырылып, мерекелік бағдарлама түзіледі. Мерекенің құрылымын мына үлгіде түзуге болады.

Мәжіліс залында ата-аналар үшін 1-11 сыныи оқушыларының концертін ұйымдастыру. Концертте үздік өнер көрсеткен сыныпты, жекелеген оқушыны атап өтуге болады.

Сыньштардағы кездесулер. Оқупіылар бұл жайында ата-аналарына қалай оқып, қалай жүріп тұратындығын айтады, үйренген дағдылары мен шеберліктерін көрсетеді.

Бастауыш сынып оқушылары кәдесыйлар дайындап ата аналарға тарту етеді;

"Үздік суреттер", "Үздік қолөнер шебері", "Фото мерген", "Өнертапқыштар мен конструкторлар" және т.б. көрмелерге қатысу;

Спорт зал, спорт алаңында ата-аналар комитетіңің жүлдесіне жарыстар ұйымдастыру;

Мәжіліс залында көркем фильмдер көруді ұйымдастыру. Ата-аналарға арңалған "Менің атым Қожа", "Алты жасар Алпамыс", "Көксерек" және т.б. фильмдерді ұсынуға болады.

Мерекені ұйымдастырудың нұсқалары көп болуы мүмкін, ең бастысы оларды ұйымдастырғаңца ата-аналар-дың назарьш мектепке, тәрбие жұмыстарьша аудару болуы керек.

Сынып ата-аналарының жиналысы — дәстүрлі жұмыс формасы болғанымен оны өткізудің әдістемесі жетілдіруді қажет етеді. Сынып жиналысын ұйымдастыруда, оның проблемалық тақырыбын айқымдап алудың маңызы зор. Мысалы "Балаларды тәрбиелеуге қиындықпен бетпе-бет келу көмектеседі ме әлде одан жалтару кемектеседі ме?" деген тақырыпты таңдап алған соң, оны өткізуге дайындауда ата-аналармен алдын ала сұрақ-жауап өткізуге болады.

Ол сұрақтар мынадай болуы мүмкін.

1. Сіздің мінезіңізді, ерік күшіңізді өміріңізде кездескен қандай қиывдықтар шынықтырды деп ойлайсыз?

2. Балаңыздың қиындыққа тап болған кездегі (сөз, іс-әрекет, сезім мен көңіл-күй) ахуалын еске түсіріп, сипаттап беріңіз.

3. Сіздің балаңыз қиындықтардың қандайын жеңіп, қандайына шамасы жетпейді?

Осы мазмұндағы сұрақтар ата-ананың ойын жинақтап, тәрбие мәселесіне терең мән беруіне көмектеседі.

Дербес жұмыс формалары ата-аналармен жұмыс жүргізуде маңызды рөл атқарады.

Педагогикалық консультация - дербес жұмыстың кең тараған формасы. Өкінішке орай балалары сыныптан-сыныпқа көшкен саймн ата-аналардың белсендігі төмен-дей береді. Консультацияның негізі - ата-аналардың сүрақтарына жауап беру. Педагөғикалық - психологиялық түрғыдан алып қарағанда консультация ата-ананың бастамасына мұғалімнің қалауы, отбаеьша көмек көрсетуге дайын болу, ата-аналарды мазалаған сүрақтарға нақты ақыл — кеңес беру сипатында болуы тиіс.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика: Оқу құралы. Жалпы редакциясын басқарған Құдиярова А.М. – Алматы: Дарын, -2004. -448 бет.

  2. Сапарғалиев Г. Оқушыларға праволық тәрбие беру туралы. -А., 1988.

  3. Смайылова М. Тәрбие жүмысын жоспарлау туралы. //Қазақстан мектебі, №10, 1988. 29-30 бетгер.

  4. Степаненков Н. О планировании работы классного руководителя. -Минск, 1978.

  5. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. - Алматы, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі баспаханасы, 1992.

  6. Сабақберутаімділігін артгыру/Қүрастырган Б. Сманов. -А, 1989.

  7. Төлеубеков А. Р. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері. -Алматы, 1991 ж.

Пред.6789
скачать работу

Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ