Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Плауын, қырықбуын папортниктәрізділер класы

жапырақтар жазылып қауырсынды тiлiмделген нағыз жапыраққа айналады.

Папоротниктердiң жапырақтары жоғарғы ұшынан шексiз өсетiндiктен өте iрi болады. Олардың мөлшерi бiрнеше мм-ден 30 м дейiн жетедi. Папоротниктердiң жапырақтары 2 түрлi қызмет атқарады:

1)       фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде органикалық зат түзiледi;

2)       споралар түзiлiп көбеюге қатысады. Папоротниктердiң фотосинтез процесi жүретiн жапырақтары қауырсын тәрiздi бiрнеше қайтара тiлiмделген болады. Сондықтанда оны күрделi қауырсынды жапыраққа жатқызады.

Көбеюi. Папоротниктер  вегетативтi,  жыныссыз және жынысты жолдармен көбейедi. Вегетативтi көбеюi   тамырсабақтары және өнiм бүршiктерi арқылы жүзеге асады. Өнiм бүршiктерi папоротниктердiң барлығында бiрдей бола бермейдi. Ол талақдәрi (аспленум) папоротнигiнiң  кейбiр түрлерiне ғана тән. Мұндай бүршiктер жапырақтың негiзгi жүйкесiн бойлай орналасады. Олардан жапырақтың нышаны бар кiшкентай папоротниктер пайда болады. Осы папоротниктер үзiлiп түсiп, тамырланып, топыраққа бекидi де нағыз папоротникке айналады.

Жыныссыз көбеюi былайша жүзеге асады. Жаз кезiнде еркек усасыр папоротнигiнiң жапырағының астынғы бетiнде, орталық жүйкенi бойлай қоңыр төмпешiктер түзiледi. Оларды сорустар деп атайды. «Сорус» дегенiмiз спорангийлердiң жиынтығы. «Спорангий» — споралар дамып жетiлетiн орын. Спорангийлерi  жапырақтың  астынғы бетiнде ұзын аяқшалары арқылы негiзгi жүйкеге бекiнiп тұрады. Сорустың үстiн жауып тұратын бүйрек тәрiздi жарғақша жамылғысы болады. Пiсiп жетiлген споралар спорангийдiң қабықшаларының жыртылуының нәтижесiнде жерге шашылады. Қолайлы жерге түскен споралар өнiп өскiншелер бередi. Еркек усасыр папоротнигi тең споралы өсiмдiк. Жыныстық көбею осы өскiншеде жүзеге асады. Өскiнше жүрек пiшiндi, жасыл түстi, диаметрi 4 миллиметрдей табақша (пластинка). Ол ризоидтары арқылы топыраққа бекидi. Өскiншенiң астынғы бетiнде аталық және аналық жыныс мүшелерi жетiледi. Аталық жыныс мүшесiнен аталық жыныс клеткалары, аналық жыныс мүшесiнен аналық жыныс клеткалары (жұмыртқа клеткасы) пайда болады. Екi әр түрлi жыныстық клеткалардың қосылуының нәтижесiнде өсiмдiк ұрықтанады. Ұрықта болашақ өсiмдiктiң сабағының, жапырағының бастамасы болады. Ұрық алғашқы кезде өскiншенiң есебiнен қоректенедi. Кейiн ұрықтан тамыр және жапырақ жетiледi. Папоротниктердiң маңызды түрлерiнiң бiрi кәдiмгi еркек папоротник. Кәдiмгi еркек папоротник тегiстiкте де, таулы жерлерде де (3000 м биiктiкке дейiн) кездеседi. Көп жағдайда ол күн сәулесi жақсы түсетiн, жарық ормандарда немесе орман шеттерiнде өседi. Әсiресе оны қарағайлы ормандардан, биiктеу жерлерден және бұталардың арасынан жиi кездестiруге болады. Кәдiмгi еркек папоротник тамырсабағы арқылы вегетативтi көбейетiн, күресуге қиын арамшөптердiң бiрi. Ол өртшалған, сүдiргеге шыртылған, тыңайған жерлердi, жайылымдарды тез басады. Бұдан кәдiмгi еркек папоротник халықшаруашылығына зиян келтiретiн өсiмдiк деген бiржақты пiкiр қалыптасуы керек. Папоротниктiң бұл түрiнiң пайдалы жақтары да аз емес. Көптеген елдерде ол тамақ өнiмдерiн беретiн өсiмдiк ретiнде белгiлi. Мысалы, Жапонияда кәдiмгi еркек папоротниктiң жас жапырақтарын жергiлiктi халық тамаққа пайдаланады. Тек Токио қаласының өзiнде жылына осы өсiмдiктiң 300 000 кг жас жапырағын тамаққа пайдаланады екен. Тiптен Жапонияда кәдiмгi еркек папоротниктiң табиғи қоры жергiлiктi халықтың мұқтаждығын өтеуге жеткiлiксiз болып отыр. Жаңа Зеландияның түпкiлiктi халқы (маоролар), Канар аралдарының аборигендерi, Американың индейстерi осы папоротниктiң кептiрiлiп, ұсақталған тамырсабағынан нан пiсiредi. Немесе сол күйiнде тамаққа пайдаланады. Ашаршылық жылдары кейбiр Европа елдерiнде де осы өсiмдiктердiң ұнтақталып, кептiрiлгентамыр сабағынан нан пiсiрген. Сонымен бiрге кәдiмгi еркек папоротниктi халық медицинасында және ресми медицинада ертеден қолданады. Одан балалардың iшек-құрт ауруын және сүйектерiнiң қисайғанын (рахит) емдеуге қажеттi препараттар алынады. Англияда осы өсiмдiктiң жапырағын үйдiң шатырын жабуға және малдың астына төсеуге пайдаланған. Оны отынға және тыңайтқыш ретiнде пайдаланған. Осы папоротниктiң күлiнен ертеден өндiрiске қажеттi натрий (калидiң карбонаты) алынады. Оны баяу балқитын шынылар алатын өндiрiсте және сабын жасауға пайдаланады.

Папоротник тәрiздiлердiң табиғаттағы және халық  шаруашылығындағы маңызы. Папоротник тәрiздiлердiң сәндiк өсiмдiктер ретiнде жылыжайда (оранжереяларда) өсiредi және жұмыс орындарын көгалдандыруға жиi пайдаланады. Папоротниктердiң кейбiр түрлерi дәрiлiк өсiмдiк болып табылады. Мысалы, еркек усасыр папоротнигi  дәрiлiк өсiмдiк ретiнде көп уақыттан берi белгiлi. Оны iшек құрт ауруларына қарсы қолданады. Жапырағынан жараларды жазатын тұнбалар, суық тигенде және ауырғанды басатын препараттар алынады. Ағаш тәрiздi жойылып кеткен папоротниктердiң таскөмiрдiң түзiлуiнде рөлi орасан зор болған.

Қазiргi кездерде папоротниктердiң кейбiр түрлерiнiң саны жылдан жылға азайып келедi. Соған байланысты оларды қорғаудың қажеттiлiгi туындауда. Мысалы, Қазақстанның өзiнде олардың сирек кездесетiн, тiптен жойылуға жақын түрлерi бар. Бұларға мыңжылқы усасыр папоротнигi (щитовник мынжилкенский – Dryоpteris mindshilkensis) мен шолпаншаш сүмбiлi (адиантум венерин волос – Adiantum cappilus — veneris) жатады. Олардың екеуi де Қазақстанның Қызыл кiтабына енген.

ЕРТЕДЕГI ПЛАУН, ҚЫРЫҚБУЫН, ПАПОРОТНИК ТӘРIЗДIЛЕР ЖӘНЕ ТАСКӨМIРДIҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Осыдан шамамен 300 миллион жыл бұрын, Жер бетiне өсiмдiктер жабыны қазiргi кездегiден мүлде басқаша болған. Ол кездерде жыл бойы ылғалды және жылы климат сақталып отырған. Судың буынан түзiлген тұманды мұнар күннiң көзiн жиi жауып, жылы нөсерлi жаңбырлар жауған. Мұның өзi өзендер суының тасып, көлдердiң пайда болуына және топырақтың батпаққа айналуына әкелiп соқтырған. Бұл жағдайда жағалық және батпақты жерлердiң өсiмдiктерi – ертедегi плаун, қырықбуын, папоротник тәрiздiлер жақсы өскен.

Плаундардың, қырықбуындардың және  папоротниктердiң тамырлары, сабақтары және жапырақтары болғандығына байланысты жер бетiнде өсуге мүктерге қарағанда жақсы бейiмделген. Олар өте көп мөлшерде споралар түзген, яғни көбеюге мүмкiндiгi мол болған. Мұның өзi жердiң тарихи даму барысында, таскөмiр дәуiрiнде құрлықта плаун, қырықбуын, және папоротник тәрiздiлердiң басым болуына көп әсерiн тигiзген.

Бұл кезеңде плаун, қырықбуын, папоротник тәрiздiлер судың жағалауында ғана өсiп қоймай, тегiстiкте де ағаш тәрiздi биiк өсiмдiктерден тамаша ормандар түзген. Бұл ормандардың кейбiр ағаштарының биiктiгi 40 метрге дейiн жеткен. Оларға плаун тәрiздiлерден лепидодендрондар (биiктiгi 40 м), сигилляриялар (биiктiгi 30 см), қырықбуын тәрiздiлерден каламиттер (биiктiгi 8 – 10 м), папоротник тәрiздiлерден археоптеристер (биiктiгi 34 м), кладоксилондар (биiктiгi 25 м) жатады. Бұл ағаштардың батпақты жерлерде өсуiне байланысты тiрек ұлпалары нашар жетiлген. Соған байланысты олардың дiңдерi осал болған және қатты жел, дауыл тұрған кездерде оңай сынып отырған. Сынған ағаштар, құлаған кездерде өздерiмен бiрге айналасындағы басқа ағаштарды қоса құлатқан. Осылайша құлаған ағаштардан орманның көп жерi жапырылып жатқан. Мұндай ағаштардың арасында, қазiргi кездердегi плаундарға, қырықбуындарға және папоротниктерге ұқсас өсiмдiктер өскен.

Өзендер тасығанда құлаған ағаштарды ағызып әкетiп, суы таяз жерлерде оларды ұйық пен құм басқан. Ағып келген салынды ағаштар құм мен судың салмағынан тығыздалып, тапталып бiрнеше миллиондаған жылдар бойы оттек жоқ ортада таскөмiрге айналған.

Спораларымен көбейетiн өсiмдiктермен бiрге таскөмiр дәуiрiнде ерекше папоротниктер өмiр сүрген. Олардың жапырақтарында қарапайым тұқымбүрiне ұқсас құрылымды өсiндiлер болған. Оны ғалымдар сол кездегi шөгiндi қабаттардан табылған ағаштардың таңбаларын және тасқа айналған қалдықтарын зерттеудiң нәтижесiнде дәлелдеген .

Таскөмiрдi  қазiргi кезде отын немесе химия өнеркәсiбiне қажеттi шикiзат есебiнде пайдаланады. Таскөмiрмен соңғы уақыттарға дейiн паровоздар жұмыс iстедi. Қазiргi кезде жылу электрстанциялардың, фабрикалардың және заводтардың бу қазандары осы таскөмiрмен қыздырылады. Таскөмiрден жанғыш газдар және басқа өнiмдер алынады. Одан анилин бояуы, лактар, пластмассалар, дәрi – дәрмектер, т.б. заттар алынады. Қазақстанда таскөмiр Қарағанды мен Екiбастұзда өндiрiледi.

12
скачать работу

Плауын, қырықбуын папортниктәрізділер класы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ