Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Рәбиға Сыздық

ндығын бұлтартпастай дәлелдейді. Ғалым зерттеулерінен әдеби тіл тарихына қатысты бұрын қалыптасқан пікірлерден өзгеше тың ойлармен танысамыз. Бұл жерде әдеби тіл мәселесіне қатысты тарихи деректерге молынан жүгіне отырып және тілдің даму процесін қуалай іздестіре келе әдеби тілдің тарихын бірнеше ғасырға тереңдетіп батыл тұжырымдар жасайды. Мысалы, XV ғасырдан бастау алатын, бес ғасырға созылған жыраулық, ақындық поэзия тілін саралай келіп, Рекең ғылыми ортаға “ауызша әдеби тіл” деген жаңа ұғым мен тың терминді ендіріп, мүлдем жаңа бағыт ұсынды. Оның тіл біліміндегі бұл батыл байламы қазір өзінің өміршеңдігін танытып отыр. Бұл пікірді ғалым ең алғаш рет 1984 жылы жариялаған “XVІІІ-XІX ғ. қазақ әдеби тілінің тарихы” атты монографиясында да әйгілеген болатын. Ақын-жыраулар шығармалары мен көптеген әдеби үлгілердің, фольклорлық мұраларымыздың ел арасына ауызша таралғаны анық. Сондықтан халқымыздың өз тарихи жолы мен тұрмыс салтына байланысты ерекшеліктерінен туындайтын мұндай феноменді есепке алудың қажеттігі даусыз. Біздің әдеби тілімізді жазба тілмен ғана байланыстырған жөн бола қоймайды. Реті келгенде айта кеткен жөн, Рекең өзінің “XVІІІ-XІX ғғ. қазақ әдеби тілінің тарихы” атты еңбегінде ескі қазақ жазба әдеби тілі идеясын да ортаға салып, оны бұлтартпастай етіп дәлелдейді. Ғалым бұл ойын “Язык Жами’ат-тауарих Жалаири” атты еңбегінде де қайталайды. Шежірені сол ескі қазақ жазба әдеби тілінің бір үлгісі ретінде қарастырады. Бұл зерттемелердің қазақ әдеби тілін дәуірлеудегі маңызы зор.


Профессор Р.Сыздық түркітану ілімінде де өзіндік жолы бар зерттеуші. Бұл ретте оның жоғарыда сөз болған “Язык Жами’ат-тауарих Жалаири” (1989) деген монографиясын ерекше атауға болады. Бұл еңбекті зерттеудің айрықша құндылығы мынада. Кешегі бір кезеңге дейін мұндай ескерткіштердің көбінен ат-тонымызды ала қашып, іргемізді аулақ салып келдік. Ондағы дәлеліміз зерттемей жатып-ақ қазаққа тән ештеңе жоқ дегенге саяды. Рәбиға Сәтіғалиқызы көкейімізге көптен орнығып алған осы бір керенаулықтың шынжырын үзді. Ондағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне тән, тіпті басқа туыс тілдерде қайталанбайтын, кездеспейтін тәрізді қызықты сөз өрнектерін тауып талдап, анықтады. Сөйтіп, ол Қадырғали Жалаиридің “Жами’ ат-тауарих” атты шежіресінің рухани мәдениет жағынан да, тілдік тұрғыдан да қазақ халқының байырғы дәуірінен қалған мұра екенін дәлелдеп шықты. Осы арқылы қазақ халқының рухани мұрасын байытуға айтарлықтай қомақты үлес қосты.


Зерттеуді Жалаиридің дұрыс аты-жөні мен ныспысын анықтаудан бастаған ғалым, екі нұсқаны лингвотекстологиялық тұрғыдан салыстыра отырып, шежіре тілінің стилистикалық, лексика-фразеологиялық, графикалық және орфографиялық ерекшеліктерін зерделейді. Ескі түркі жазба ескерткіштерінің тілдік мәртебесін анықтауда басшылыққа алынатын негізгі ұстанымдарды ұсынады. Ескерткіш тілінің стилистикалық сипатына, көркемдеу құралдарына ерекше назар аударудың қажеттігін жазады. Ғалымның осы еңбегінде келтірілген ой тұжырымдар ескі жазба ескерткіштер тілінің қазіргі түркі тілдеріне қатысын зерттеу мәселесінде міндетті түрде басшылыққа алынуға тиісті деп есептейміз.
Профессор Р.Сыздық түркі тілдері тарихына байланысты ізденістерін Қожа Ахмет Ясауи хикметтері арқылы XІІ ғасырға қарай тағы да тереңдете түседі. Ғалым, өзінің “Ясауи хикметтерінің тілі” (2004) атты монографиясында хикметтердің Самарқант нұсқасы негізінде оның тіліне лексика-грамматикалық, текстологиялық тұрғылардан талдау жасаған. Р.Сәтіғалиқызы осы нұсқаның бастапқы түпнұсқаға ең жақын көшірме болып табылатындығын жазады. Зерттеме барысында ғалым лексикалық тұрғыдан да, грамматикалық тұрғыдан да Ясауи тілінің негізі қыпшақ-оғыз әдеби тілі деген қорытындыға келеді.


Қ.Ясауи – түркі поэтикасының құдіретімен ислам дінінің негіздерін жүректен жүрекке жеткізуде, сөйтіп оны түркі мәдениетінің төл мұрасына айналдыруда орасан зор еңбек сіңірген алып тұлға. Хикметтер құрамындағы ұлы шейхтың төл мұрасын анықтау, оны ұлы ақынның шәкірттері мен ізбасарлары тарапынан қосылған жыр жолдарынан айыру, көшірушілер мен қайта көшірушілер, бастырушылар жағынан үстемеленген мәтіндерді анықтап, қателіктерді жөндеу – осының бәрі оңай шаруа емес еді. Ғалым 230 беттік қолжазбаны 4-5 қайтара жазып, транскрипциялап, транслитерациялай отырып, аса мұқият болуды талап ететін зерттемені ыждағаттықпен орындап шыққан.
Қазақ тіл білімінің 1950-жылдардан бергі жарты ғасырдан астам тарихында Рекеңнің зерттемеген саласын табу қиын. Солардың бірі – тіл мәдениеті. Бұл сала бойынша ол қаншама жылдар бойы өте нәтижелі еңбек етіп келеді. Ғалымның сондағы көңіл бөліңкірейтіні сөз сазы, жаңа қолданыстар, әдеби норма мәселелері. Оның тікелей қатысуымен “қазақ тіліндегі жаңа қолданыстардың” бірнеше басылымы жарық көрді. Р.Сәтіғалиқызының “Тілдік норма және оның қалыптасуы” (2001) атты монографиясы – норма мәселесі теориялық тұрғыдан сөз болатын күрделі еңбектер қатарына жатады. Ғалымның қазақ орфографиясына қосқан үлесі де мол. Ол қазақ тілінің орфографиялық сөздігін түзісуге 1960 жылдан бері үзбей қалам тартып келеді. Оның тікелей басшылығымен қазақ орфографиясындағы негізгі ережелердің жаңа нұсқасы жасалды.
Р.Сыздық қазақ тіл білімінің көкейкесті мәселелерін баспасөзде үзбей жазып, теледидар, радиодан үздіксіз насихаттап келе жатқан сергек ойлы, зерек тілші. Ол қоғамдық мәдени өмірдің қайнаған ортасында, әсіресе тілге қатысты мәселенің бәрінде өз үнін, өз пікірін ашық та анық айтып отыратын тіл сыншысы.


Рекеңнің кешегі репрессия құрбандары А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов сынды ғұламалардың өмірі мен шығармашылығын насихаттауда жүргізген жұмыстары өз алдына бөлек әңгіме. Бұлар жөніндегі танымдық мәні айрықша еңбектері студент қауымының қолында. Ғалым 1966 жылы Құдайберген Жұбанов туралы ең алғашқы баяндаманы жасап, содан кейін “Ғалым-азамат” деген кітапша шығарған болатын. 1989 жылы А.Байтұрсынұлының ақталуына қажет анықтама жазған Рекең “Тіл тағылымын” шығаруға да зор еңбек сіңірді. Ол Х.Досмұхамедұлының таңдамалы еңбектерін шығару ісінде де бас редактор ретінде көп жұмыс жасады. Ұлтымыздың ардақты азаматтары үшін қызмет етуді ол өзінің азаматтық және ғалымдық парызы санайды.


Ғалымның ұстаздық қызметінің де жөні бөлек. Рекеңнің жетекшілігімен немесе кеңесшілігімен қорғаған ғылым докторлары мен кандидаттары өздерінің тақырыпты терең меңгеруімен, құнды маман болуымен ерекшеленеді. Профессор Р.С.Сыздық еңбектері Үкімет тарапынан да әлденеше рет жоғары бағаланды. 1972 жылы “Құрмет белгісі” орденіне ие болды. 1984 жылы Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері құрметті атағы берілді. Есімі Қазақ ССР-інің “Құрметті Алтын кітабына” жазылды (1981), Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың (1995), Мемлекеттік сыйлықтың (1996) лауреаты атанды.
Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор, ғылым докторы Р.Сыздықтың өмірде тынымсыз еңбекпен өрмелеп шыққан өрелі биіктерін, көркем дүниедей оқылатын ғылыми еңбектерін, жоғарыда көрсеткеніміздей, ежіктеп баян етуден гөрі, қарапайым қазақ әйелінің кәдімгі адами болмыс-бітімін де сөйлетсек деп едік. Сол мақсатымыздың бәрі бірдей орындала қоймағанын сеземіз. Дегенмен мына ғажайып өмірде қазақтың қыздары мен аналарына ғана тән мінез бен қазақ тілінің құдіретін танытып, өнеге таратып жүрген осынау жанмен қатар еңбек етіп жүрудің өзі бір ғанибет емес пе?

Авторы: Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор.

12
скачать работу

Рәбиға Сыздық

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ