Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Рухани мәдениет негізін салған қазақ ғұламалары

ұл азаматтық өтеудің басты шарты – туған елдің бүкіл тарихи мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі, сақ-түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн, табиғат – ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.

Басты мәселе – ар ілімі, моральдық төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің “ілімі” деп атауында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі – ұждан. Бұл категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейік: “Әрине, жанның өлген соң тазарып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып біржола жоғалады-ау деп өлсе керек. Және ұждан, совесть жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай болса нанбай, ұждан, совесть құр ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық, қиянаттық көп айырмасы жоқ болса керек.

Ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі өлген соңғы жан өміріне нана алмай ұждан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе жаратушыда білім бар, өлген соң да бір түрлі жан тіршілігі бар. Жан екі өмірде де азығы – ұждан, совесть деумен еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті бұл жоғарылаудың ең зор жардамы үш анық дегенім осы”. (Үш анық. 44-45 бб.)

Шәкәрімнің ұжданы біз жоғарыда айтқан, ежелгі гректегі “каллокагатия”, И.Канттың “Кесімді иператив” ұғымдарымен астас. Ұждан дегеніміз – ынсап, әділет, мейірім. Шәкәрім өз халқының жанқияр ұлы ретінде туған мәдениетіне өлшеусіз қызмет етті.

 

Әлихан Бөкейханов. Қазақтың ұлттық мәдениетінің дамуына өз үлесін қосқан қазақ зиялыларының бірі Әлихан Бөкейханов.

Әлихан Бөкейханов – Санкт-Петербург орман технологиялық институтының экономика факультетін 1894 жылы бітірген. Мемлекет, қоғам қайраткері, экономист, әдебиетші, публицист, аудармашы, ғалым. “Алашорда” үкіметінің басшысы, көсемі. Баспасөз жұмысына 1880 жылдардан бастап араласады.

Ә.Бөкейханов 1922 жылдан бастап Мәскеуде тұрады. Жазу жұмысымен шұғылданып, үздіксіз еңбек етеді. Ә. Бөкейханов Мәскеуде “Ер Тарғын” - 1924, “Потаниннің өмірбаяны” - 1923, “Макардың түсі” - 1923, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” – 1924 жылдары баспадан жариялайды.

1925 жылы Л.Н. Толстойдың “Кавказ тұтқыны”, “Жұмыртқадай бидай”, “Жеті қарақшы” атты тағы үш шығармасын аударып, бастырып шығарды.

1926 жылы Ә. Бөкейхановтың “23-жоқтау”, “Шестаков”, Т.Утковтың “Жердің қысқаша тарихы” атты түпнұсқалы және аударма кітаптары шықты. Ә.Бөкейхановтың  мол еңбегінің бір саласы қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне арналған.

Тарих аумағынан қарағанда тым қысқа уақыт аралығында (70 жыл – бір адамның ғұмыры) қазақтың ұлттық мәдениеті кезінде сан қырлы құбылыстарды өз басынан өткізді. 1916 жылдан басталған күрес келесі жылы мақсаттарына жеткендей болды. Өздерін “демократтар” санаған уақытша үкімет өкілдері сөз жүзінде езілген халықтарға азаттық береміз деді. Қазақ ғұламасы Ә.Бөкейханов революция жасала сала “Жаңарған Ресейдің ерікті азаматтары - қазақтарға” деген өз үндеуін жариялады. Жалпы алғанда, қазақтың ұлттық мәдениетін ХХ ғасыр талаптарына сәйкес қайта құруда “Алаш” партиясының ролі ерекше болды.

1917 жылғы маусым айындағы басылымында “Қазақ” газеті – автономияның қазақтарға ауадай қажет екендігін айтып, оның үш негізі бар екендігіне оқырман назары аударылды (территория, мәдениет және ұлттық ерекшеліктер). 1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынбор қаласында Бірінші бүкілқазақтық құрылтай өтті. Оның шешімдері бойынша “Алаш” партиясының бағдарламасы жарияланды. Сонымен 1917 жылдың аяғына таман Қазақстан прогресс жолында талай жетістіктерге жетті және ұлттық төл мәдениетті дамытуға мүмкіндік алды. Қазақ рухани мәдениетінің сол тұстағы деңгейінде “Алаш” қайраткерлері алдыңғы қатарда тұр.

12
скачать работу

Рухани мәдениет негізін салған қазақ ғұламалары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ