Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Салық құқығы негіздері. Салық түсінігі, мәні және белгілері

ықтық акт негізінде белгіленген салық жеке және заңды тұлғаларға салық төлеуші ретінде салық міндеттемелерін жүктейді.

Салық төлеуші тұлғалар салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті болып саналады. Қазақстан Республикасының Салық кодексінде салық міндеттемесіне былайша түсініктеме берілген: «Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұрұға, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгілеген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті»

5. Салық мәжбүрлеме сипатта болады.

Салықтың мәжбүрлеме сипаты 3 кезеңде байқалады:

- Бірінші кезең, мемлекет салықты салық төлеушілердің еркінен тыс белгілейді және енгізеді, яғни мәжбүр түрде;

- Екінші кезең, салықты төленген кезде салық төлеуші өзінің меншігінің бір бөлігінен мәжбүр түрде айырылып отырады;

- Үшінші кезең, салық төлеуші өзінің салық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мемлекет бересілі соманы мәжбүрлі түрде өндіріп алады.

6. Салық төлеу арқылы ақшаның алу құқықтық сипатта жүзеге асырылады.

Бір жағынан алғанда, салықтарды салық төлеушілерден еркінен тыс өндіріп алынады, ал екінші жағынан мемлекетті басқа да ақшалармен қамтамасыз етеді, ал бұл құқықтық негізіде мемлекеттің меншігі болып саналады. Айта кету керек «Салық – салық төлеушілердің құқық бұзушылықтары немесе құқыққа қарсытәртіпсіздіктері үшін шараларға төлем ретінде қарастырылмайды».

Алымдар салық төлеушілерге белгілі бір құқықтық мәртебе берілгенде немесе белгілі бір қызмет түрін бастар алдында төленеді.

Алым да төлем болып табылады. Ал, енді алымдардың салықтардан бірнеше айырмашылықтарыбар, атап айтқанда:

- Біріншіден, алым мемлекеттік аппараттың шығындарын жабады, яғни мемлекет заңды іс-әрекет түрінде тұлғаларға қызмет ұсына отырып, сол қызметіне төлем қабылдайды. Ал салықтар мемлекетті толығымен қаржыландыруға жұмсалады;

- Екіншіден, салықтың өтеусіз және баламасыз белгілері болады. Ал, алым баламалы төлем болып саналады, яғни алымды төлеу арқылы мемлекеттен белгілі бір құқық, мәртебе немесе рұқсат алынады. Мысалы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алымды алсақ, салық төлеуші осы алымды төлеу арқылы өзіне белгілі бір қызмет түрін ашуға рұқсат алады немесе лицензиялық алым белгілі бір қызметпен айналысу үшін алынатын рұқсат қағаз, яғни салық төлеушіге белгілі бір қызмет түрімен айналысуға құқық беріледі. Сонымен салық жай ғана төлем ретінде төленеді, одан салық төлеуші төлеуіне айырбасқа ешнәрсе ала аклмайды, ал алдымен салық төлеуші мемлекеттік органмен байланысты жетілдіре отырып, өзіне басқа да заңда іс — әрекеттер жасайды;

- Үшіншіден, алым бір жолғы төлем болып табылады, яғни бір рет қана төленеді. Ал, салық ұзақ мерзімді және тұрақты түрде төленіп отырады, қашан салық міндеттемесі тоқтағанға дейін жалғаса береді;

- Төртіншіден, салықты төлеуде күштеу әдісі қолданылады, яғни салық төлеуші салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіріп алу іс – шаралары қолданылады. Салық төлеуші алдымен ерікті түрде төлеп отырады. Мысалы: бір тұлға мемлекеттік органға келіп, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға өтініш береді. Берілген рұқсат негізінде кез келген қызмет түрімен айналысуға құқылы. Бұл жнерде тұлға алдымен өз еркімен төлейді.

Төлемақы дегеніміз-мемлекет меншігіндегі объектілерді пайдаланған кезде төленетін төлем.

Салық пен төлемақының бірнеше айырмашылықтары бар. Мәселен:

- Біріншіден, төлемақы өтеулі және баламалы төлем, яғни төлемақыны белгілі бір объектілерді пайдаланған кезде төлейді;

- Екіншіден, төлемақы мемлекеттің азаматтық құқыққа сәйкес азаматтық- құқықтық қатынастары кезінде туындайды;

- Үшіншіден, тұлғалар төлемақы төлеу арқылы баламалы түрде осы және басқа да объектілерді пайдалануға құқық алады.

Мемлекеттік баж-уәкілді берілген мемлекеттік органдардың, немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем. Мемлекеттік баждың салықтан айырмашылығы мынада:

- Мемлекет тарапынан берілетін қызметкер байланысты болады, сондықтан бұл баламалы төлем болып саналады;

- Мемлекеттік бажды мемлекет қызметіне төлем ретінде емес, мемлекеттің қызметіне байланысты төлем ретінде қарау керек. Айта кету керек, бажды төлеген кезде тауар-ақша қатынастары жүзеге асады.

Салық экономикалық категория ретінде және өзінің қалыптасуы барысында мынадай үш қызметті атқарады.

Салықты ең бірінші кезектегі атқаратын қызметі, бұл – қазыналық.

Мемлекет өз қазынасын толықтыру мақсатында табыс көздерін жасайды. Салық төлеушілерге нормативтік құқықтық актілер негізінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді, салық ставкалары мен төлеу мерзімін белгілейді. Салықтардың қазыналық қызметі- түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет пайдасына өтеді. Салықтың қазыналық қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі құралып, салықтың қоғамдық міндеті артады. Қорыта айтқанда, мемлекеттік бюджет саясаты жүзеге асырылады.

Салықтың келесі қызметтерінің бірі- бақылау(реттеу).

Мемлекет экономиканы дамыту жолында салықтық реттеу процесі арқылы экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандырады және қажет жағдайда тежеп отырады. Бюджетке түскен салық түсімдерін реттейді және бақылап отырады. Кез-келген қызмет түріне бақылау жасау қажет. Ал енді салық түсімдеріне бақылау өте қажет екені даусыз. Мемлекет бюджеттің кірісі мен шығысын есептейді, соған сәйкес өз қызметін атқарады.

Салықтардың бақылау қызметінің арқасында салық жүйесінің тиімділігі бағаланады, қаржы ағымдары мен қызмет түрлеріне бақылау қамтамасыз етіледі.

Салықтың келесіатқаратын қызметтерінің бірі – қайта бөлу.

Бюжетке түскен салық түсімдерін қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар жобасына сәйкес және әр салаларға мақсатқа сай бөлінуін қарастырады. Салық түсімдерінің мақсатқа сай және өз уақытысында жұмсалуына қадағалау жасайды.

Салықтың қайта бөлу қызметі мемлекетке салықты қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік процестерге әсер ету құралы ретінде қолдануға мүмкіндік берді.

Салықтардың қайта бөлу қызметінің көмегімен бюджетте ақша қаражаттары жиналады, осыдан кейін жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге бағытталады, әлеуметтік топтардың табыстары арасындағы қатынастарды өзгерту жолымен әлеуметтік тепе- теңдікті ұстап тұрады.

Салық қызметінің міндеті – бюджеттің тадыс бөлігінің орындалуына жауап беретін бірден бір мемлекеттік орган.

Салық – бірінші кезекте, бюджет саясатын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік бюджетті толықтыруды көздейді. Осы бюджетке түскен салық түсімдеріне «қайдан келеді және қайда кетеді» жөнінде бақылау жасайды. Ал енді осы қызметтердің қортындысы ретінде бюджетке түскен салық және салықтық емес түсімдерге қайта бөлу жасалады.

Мұның мақсаты- мемлекеттік әділетті түрде өз шығындарын да жаба отырып, елдің әлеуметтік топтарына да қолдану көрсетіп, басқа да шығыстарды жаба білу.

Көптеген экономикалық әдебиеттерде салықтардың бірнеше қызметтері атап көрсетігген. Мәселен, ынталандырушы. Салықтардың ынталандырушы қызметінің көмегімен мемлекет өндірісінің және басқа да шаруашылық субъектілерінің дамуын ынталандырады. Сонымен қатар салық жеңілдіктерін, төмен пайызды салық ставкаларын енгізеді.

Салықтардың ынталандырмайтын қызметі оларды басу мақсатында әрекеттің қандай да бір түріне арнайы салықты енгізу жолымен жүзеге асырылады.

Салықтардың тұрақтандырушы қызметі экономикалық өсу, техникалық жаңару, халық санының өсуі үшін әр түрлі шаралар жасайды.

Салықтарды шектеу қызметі. Мемлекетке кейде бірсыпыра өндіріс түрлерін дамыту тиімсіз болады. Салық саясаты арқылы мемлекет өндіріс түрлерінің дамуын шектейді немесе тоқтатады, Қазақстан Республикасында бұл қызмет 10-20-30 пайыздық салық ставкаларымен қатар және нөл пайыздық салық ставкалары арқылы жүзеге асуда.

12
скачать работу

Салық құқығы негіздері. Салық түсінігі, мәні және белгілері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ