Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Салық мәні,мазмұны және элементтері

измі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен құралады.

        Салық салу элементтері мыналар:

Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, — салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.

Енді осы әрбір элементке қысқаша түсінік берейік.

        Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.

        Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.

*Салық көзі – салық салынатын табыс.

*Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.

*Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді.

*Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады.

*Проценттік ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды.

        Үдемелі немесе прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады.

Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады.

Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады.

Салық окладысалық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.

Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.

Салық төлеу мерзімі салық төленетін уақыт.

Салық төлеу тәртібі белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.

Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:

- салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу;

- заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

- салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.

Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:

  1. уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;
  2. мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;
  3. белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;
  4. атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық, төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген соммалар туралы ақпарат беруге;
  5. салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға;
12
скачать работу

Салық мәні,мазмұны және элементтері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ