Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру
uo;нөлдік» кезеңнен қалыптасуына себеп болды. Әлемдік тәжірибеде салық салу аясында алдыңғы қатарлы салық жүйесін қалыптастырудың алғышарты болатындай белгілі бір қағидалардың қалыптасуы, біздің ел үшін дұрыс салық жүйесі мен салық механизмінің (тетіктерінің) дамуының дұрыс бағыттарын қалыптастыру мен дамытуға мүмкіндік береді.
1991 жылы 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құқықтық негізінің қалыптасуына «Қазақстан республикасының салық жүйесі туралы» заңының бекітілуі себеп болды. Заңның қабылдануы салықтардың, алымдар мен төлемдердің түрлері мен алыну ерекшеліктерін, олардың бюджеттің әр түрлі деңгейіне бекітілуін, сонымен қатар салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттерін анықтап берді. Сол уақыттан бері мемлекет пен шаруашылық субъектінің арақатынасын реттейтін басқада заңдар қабылдана бастады.
Салықтар жүйесін бағалауды негізгі төрт: қаржылық, эконгмикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық бағыттар негізінде жүзеге асыруға болады.
Қаржылық немесе фискалық бағыт бюджеттің ақшалай қаражаттарға деген қажеттілігін қанағаттандыру тұрғысында сипаттайды.
Экономикалық бағыт салықтың кәсіпкерлік бағытты ынталандыру мен өндірісті дамытуға әсер ету сұрақтарына жауап беруі тиіс.
Әлеуметік бағыт салықтың әлеуметтік топтар мен халықтың әр түрлі деңгейіне сәйкес адалдық негізінде алынуын сипаттайды.
Ұйымдастырушылық бағыт салық салудың механизмімен, оның ұйымдастырушылық- техникалық нысандарымен, ббасқару жүйесімен байланысты. Аталып өткен бағыттардан басқа Қазақстанның салық жүйесін бағалау үшін әлемдік тәжірибедегі тиімді салық жүйесін қалыптастыруда қойылатын негізгі талаптар жиі қолданады. Олардың негізгілеріне келесілер жатады:
1. Салық жүйесінің айқындылығы және түсініктілігі
2. Салық ауырпалығының бөлістірілуі
3. Нейтралдық қағиданы сақтау яғни салық төлеушілерге бірдей көзқарас
4. Салық салудың теңдік пен адалдылық қағидасын сақтау
5. Салық саясатын экономикалық тұрақтылық пен экономикалық өсу мақсатында пайдалану
6. Салық заңдылығының орындалуын сақтау мен басқару шығындарын кеміту.
Салық салу теориясының негізін қалаушы экономист А. Смит салық салу қағидасының 4 қағидасын ұсынады:
1. Әділділік – салық барлық азаматтардың табысына сәйкес алынуы тиіс.
2. Анықтылық – салық мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын –ала дәл анықталуы тиіс.
3. Ыңғайлылық қағидасы — салық салық төлеушіге қолайлы уақытта алынуы тиіс
4. Үнемдеу – салық салу жүйесінде үнемдеушілік негізгі мақсатқа айналуы тиіс.
Бақылау сұрақтары
§ Салық дегеніміз не?
§ Салықтардың экономикалық мәні неде?
§ Нақты салықтар дегеніміз не?
§ Салықтың ұйымдастырушылық нысаны дегеніміз не?
§ Салықтың негізгі құрамдас бөліктері (элементтері ) қандай
§ Салық мөлшерлемесі дегеніміз не?
§ Салық мөлшерлемесінің қандай түрлері бар
§ Төленуі бойынша салықтардың қандай түрлері бар
§ Пайдалануы бойынша салықтар қандай түрлерге бөлінеді
§ Салық механизмі дегеніміз не?
§ Салық механизмінің элементтерін атаңыз
§ Жалпы мемлекеттік салықтарды атаңыз
§ Жергілікті салықтарға қандай салықтар жатады
§ Салықтар қандай қызметті атқарады
§ Салық жүйесі дегеніміз не?
§ Салық жүйесін бағалау әдістері
§ Тиімді салық жүйесін қалыптастырудың негізгі талаптары қандай
СӨЖ тапсырмасы
1. Эссе немесе реферат түрінде тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізу (жеке тапсырма оқытушыдан алынады). Жұмыс көлемі 6-8 бет.
Әдебиеттер тізімі
1. Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы, 2005 – 552 б.
2. Еркембаева Б.Ж. Салықтар және салық салу:оқу құралы.-Алматы:Қазақ ун-тi,2003.-131
3. Сахариев С.С. Финансы: учебник Алматы: Юридическая литература, 2004 г.
4. История финансовой мысли и политики налогов – М.: ИНФРА-М, 1996 г.
5. Финансы: учебник для вузов – под ред. Л.А. Дробозиной – М.: Финансы, 1999 г.
| | скачать работу |
Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру |