Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы

картадағы орналасуы оқушылардың географиялық нысандардың дұрыс жазылумен аталуын меңгеруіне әсерін тигізеді.
         Мұғалім кескін картамен барлық оқушыларды жұмыс жасауға үйіруге мүмкіндігі бар. Ең ақыры, кескін картамен жұмыс, оның күрделі түрлері, оқушыларды қарапайым карта жасауға үйретеді. Қазіргі уақытта кескін картамен мектепте барлық сыныптар жұмыс жасайды: жылдан – жылға география пәнін оқығанда ол бірте – бірте күрделене түседі. Сонымен бірге оқушылар өз бетімен жұмысты кескін карта арқылы орындай алады.
         Әр уақытта, кескін картамен жаңа жұмысты бастағанда, мен оқушыларға қандай шартты белгілерді қолдануды, қалай түсіріп, қалай жазу керектігін түсіндіріп, содан кейін ғана сыныпта картамен бірнеше жұмыстар жүргізіп, жұмыс түрінің негізін меңгергеннен кейін ғана, үйге кескін картамен жұмыс беремін. Сыныпта күнделікті тек қана үлгі жұмыс (нысандарды белгілеу, негізгі жазулар т.б.) орындап, ал картаны өңдеуді үйден жасайды. Сабақ сұрағанда мен, кескін картаны да сұрап, толтырылуын және жеке – жеке нысандарды тексеріп, бағалаймын.
         Оқушылардың кескін картаны толтыруда және мұғалімнің тексеруіндегі тәжірибе көрсеткендей, талаптарға тоқталайын.
         Кескін картамен жұмыс жасағанда қарындашты пайдаланған жөн. Картадағы кескіндер қарындашпен түсіріледі: шекаралар – қызыл түспен, теңіздер мен өзендер – көк түспен, қалалардың пунсондары боялмайды. Тау жоталары қоңыр түспен немесе сызық түрінде қара қарындашпен, ал қырат пен таулы үстірт – тұйық түрінде түсіріледі. Шартты белгілермен кескін картаны бояған бояу түстері барлығы қолданылатын түстер болғаны жақсы: бұл оқушының картаны оқып, үйренуі үшін маңызды. Ал легендасы картаның шетіне жазылады.
         Жазулар карта бетінде барынша уақ, бірақ түсінікті, баспа әріптермен түсіріледі. Оларды дәл оқу картасындағыдай етіп жазылады.
         Әдетте мен кескін картаны тексергенде қатені түзетпеймін, тек қате жіберілген жерге сұрақ белгісін қоямын. Кейде мен картаны бүлдірмеу үшін қарындашпен қойып, ал шетіне бір жалпы ескерту немесе әрбір санға түсініктеме жазамын.
         Оқушылар өздерінің қателерін түзетіп, ескертулер мен сұрақтарды кетіргішпен кетіреді. Егер картада қате көп болса, картаны жаңадан салуды ұсынамын. Мұғалім әрдайым кескін картамен жұмыс жасағанда қойылған талаптардың орындалуын тексеріп отыруы қажет, бұл оқушыларды тазалыққа, жұмысты дәл орындауына тәрбиелеудегі маңызы өте зор.




3. Кескін картамен жасалынатын жұмыстың түрлері.
         11 – сыныптың «География.Дүние жүзіне аймақтық шолуында» «Еуропа елдеріне жалпы шолу» тарауын қорытындылағанда мен сыныптың ерекшелігіне қарай кескін картамен жұмысты III – деңгейге бөліп бердім.
         Тапсырмаларды деңгейге бөліп бергендегі мақсатым – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау;
         - бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушылар екінші деңгейдің тапсырмаларын;
         - екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушылар үшінші деңгейлердің тапсырмаларын орындайды;
         Үшінші деңгей шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады.
         Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитындығына қарамастан жұмысын «оқушылық», «міндетті», бірінші деңгейдің, ол үшін жеңіл болса да тапсырмаларын орындаудан бастайды.
         Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап, әр қайсысы, білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз биігіне жетеді.
         Бір деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенінше, келесі деңгейге көшпейді. «Міндетті» деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне - өзінің сенімі артады.
         Олардың әрқайсысы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.
         Осылайша, бір деңгейден бір деңгейге,өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады.
         Мысалы, 11 – сыныптағы «Еуропа елдеріне жалпы шолу» тарауын қорытындылау тапсырмаларына тоқталайын:
I – деңгейдің тапсырмалары:
1. Еуропа елдерінің саяси картасын пайдалана отырып, Еуропадағы басқару формасы ірі монархиялық құрылымды елдерді және федерациялық құрылымды елдерді кескін картаға түсіру.
2. Оқулық мәтінімен анықтамалық мәліметтерді пайдалана отырып, Еуропадағы елдерге барлау жасау.

         Ірі елдерді дәптерлеріне теріп жазу.
II – деңгейдің тапсырмалары:
         1.Оқулық мәтіні мен тақырыптық карталарды пайдалана отырып, «Еуропаның минералды ресурстары» кестесін құрастырыңдар.

         2. Оқулық мәтіні негізінде және экономикалық картаның мәліметтерін пайдалана отырып, Еуропадағы ірі өнеркәсіп орталықтарын тауып, кескін картаға дөңгелек диаграмма түрінде көрсету:
а) Лондон, Мидлен, Глазго (Ұлыбритания);
ә) Париж, Лион (Франция);
б) Милан, Турин, Рим (Италия);
в) Франкфурт, Мюнхен, Гамбург, Дортмунд (ГФР);
III – деңгейдің тапсырмалары:
1. Орта және Оңтүстік Еуропаға кіретін бір – бір мемлекетке салыстырмалы сипаттама бер.
                      

         Осындай тапсырмаларды беру арқылы сыныптағы бірінші деңгей оқушылары тек атлас, оқулықты пайдаланып, қажетті нысандарды кескін картаға түсіре алады. Бірінші деңгей оқушыларының жіберетін қателері – кескін картамен жұмыстың орындалу талабын ескермейді.
         Екінші деңгей оқушыларының тапсырмалары бірінші деңгейдің тапсырмаларына қарағанда күрделірек болады. Сыныптың екінші деңгей оқушылары өткен материалдары кескін картамен жұмыс жасау арқылы өз білімдерін бекітеді.
         Сыныптың үшінші деңгей оқушылары кескін картамен жұмыстың барлық ережелерін сақтап, өз бетімен жеңіл карта құрастыра алады. Оқушылар сыныпта меңгерген тақырыбымен шектелмей, қосымша материалдарды пайдалана отырып, жұмыс жасайды.


4. Нәтижесі.
         Осы тапсырмаларды тексеріп, қорытындылай келе, мен 11 – сынып оқушыларының осы тарау бойынша даму мониторингісін жасадым.(1 – қосымша).








III. Қорытынды.         

         Қорыта алғанда өзім жұмыс жасаған жылдары, яғни 4 – жыл ішінде оқушылардың кескін картамен жұмыс жасау деңгейі былай өзгерді (2 – қосымша).
         Жұмыс жасаған жылдарым ішіндегі тәжірибемнен байқап, мен мынадай қорытындыға келдім. Оқушылар кескін картамен жұмыс жасау арқылы мынадай нәтижелерге жетеді:
         1. Оқушылар өз бетімен кез келген географиялық нысандарды кескін картаға түсіре алады. Кескін карта түсіру арқылы әрбір географиялық нысандардың орналасуын, олардың аттарының дұрыс жазылуын есте сақтап қалады.
         2.Географиялық координаталарды табу арқылы математикалық білім мен іскерлікті бекіту.
         3. Теориялық білімді практикалық жұмыста бекіту.
         4. Оқушылар өз беттерімен қарапайым, күрделі карталарды жасай алады.
         5. Оқу процесі жарыс түрінде ұйымдастырылады.



                                    Пайдаланған әдебиеттер :



1. «Методика преподавания географии ». А.В.Даринский М.,1996
2. «География және табиғат » журналы №1, 2004 жыл
3. «Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдіру »                
      Қобдиқова Ж.У. А.,2005 жыл
4. «География және табиғат » журналы №6, 2002 жыл
5. «Химия. Биология. География » журналы №5, 2003 жыл
6. «География мектепте » журналы №2, 2005 жыл
7. «География в школе » журналы №7, 2000 жыл
8. «Молодому учителю » М.,1965
123
скачать работу

Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ