Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Саясаттағы марксистік концепцияның алатын орны

ына таңқалмасқа болмайды. Айталық, жерді трактормен жыртып, тұқым сеуіп, оны комбайнмен жинап алу, суы ішінде, газы ішінде үйде тұру, пәуеске орнына жеңіл машина міну, мектепке, университетке барып оқу сияқты істерге социализмнің қандай қатысы бар. Мұндай жетістік Африка, Азия елдерінің қайсысына болсын тән емес пе?

Ал, 70 жыл бойы біздің Кеңес елі деп аталып келген елде орын алған қоғам диктаторлық, әділетсіз, бюрократиялық күшке негізделген, тоталитарлық қоғам екені дәлелденіп отыр. Міне, осы жағдай марксизмнің коммунистік теориясына өте қатты соққы болып тиді.

Алтыншыдан, марксизм өзін-өзі белгілі бір таптың, белгілі бір партияның идеологиясы деп жарияланды. Өзін басқа көзқарастармен, оның ішінде буржуазиялық көзқараспен ешқандай келісіме бара алмайтынын айқын айтты. Таптық идеология болғандықтан марксизм көптеген адамгершілік идеяларға, құнды көзқарастарға өзін-өзі қарсы қойды. Сондықтан да марксизм бірте-бірте адамзатың, халықтардың ғасырлар бойы жинаған рухани қазынасына, байлығына күмән келтіре бастады. Тек қана пролетариат пен коммунистер халыққа рухани байлық бере алады, ал буржуазияның, басқа да таптардың мәдениеті, рухани дүниесі халыққа жат деп большевиктер күрес жүргізді. Осылайша, марксизм өзін-өзі дүние жүзілік рухани өркениеттен алыстатты. Еуропа, Америка, Шығыс елдерінің көпшілігі ХХ ғасырдағы марксизмді қабылдаудан бас тартты.

Бізге идея керек, идеологияның қажеті жоқ, себебі, көппартиялық кезінде мемлекеттік идеология болуы керек деу ақылға сыйымсыз жағдай. Мәселе идеяда, ал оны кім қалай түсінеді, ол оның өз шаруасы. Сен мен сияқты ойла деудің күні өтіп барады. Міне, осы тұста әрім өзіне-өзі неге деп сауал қойса, ойланса, толғанса, өзіне-өзінің сенімін нығайтса, Абай айтқандай:

«Өзіңе сен өзіңді алып шығар,

Ақылың мен қайратың екі жақтап …»

Жетіншіден, марксизм дүниеге келісімен дінге қарсы шығып, атеистік көзқарасын ашықтан-ашық жариялады. Діннің адамзаттың рухани өмірінде ғасырлар бойы аса үлкен орын алғаны белгілі. Сондықтан да марксизмді дінге сенушілердің басым көпшілігі тек өкіметтен қорыққанынан ғана мойындады.

Дегенмен дін дегеніміз – сенім. Ал, сенімді жоққа шығаруға болмайды. Сенім – адамға рух береді, ал адам ешнәрсеге сенбесе, ол – рухани жағынан өте жарлы адам болады. Сондықтан да, марксизмнің адамдардың діни сеніміне қарсы шығып, қатал күрес жүргізгені гуманизмге жатпайды. Сонымен, марксизмнің дінге қарсы мейірімсіз күресі көп адамдарды өзінен алыстатты.

Сегізіншіден, марксизмнің ең құнды жағы – материализм мен диалектика. Шындығында, марксизмнің саяси-қоғамдық, экономикалық теориясымен салыстырғанда, оның философиясы анағұрлым жоғары тұрады. Бірақ Маркс материалистік дилектиканы диалектиканың дамуының ең ақырғы формасы деп түсіндіреді. Бұл тұжырым – диалектикаға қайшы тұжырым.

Әрине, ХIХ ғасырдың ортасында пайда болған марксистік философия бұрынғы философиялық жүйелердің, оның ішінде немістің классикалық философиясын пайдалана білді және философияны ғылым жаңалықтарына негіздеді. Сондықтан оның құнды жақтары аз емес. Қателіктерден де құралақан болмады. Бірақ ол басқа әңгіме.

Тоғызыншыдан, Компартияның негізгі әрекеті – идеологияны өмірмен байланыстыру болатын. Ал ресми идеология марксизм болды. Марксизмді нақты істерге пайдалану оңай нәрсе болмай шықты.

Марксизм дегеніміз – теория, идеялардың жүйесі, белгілі бір дүниеге көзқарас. Оның методологиялық маңызы болуы мүмкін, ал нақтылы істі шешуде ол әлсіз. Пленум сайын баспасөз арқылы қоғамдық ғылымдардың өкілдері қатты сынға алынып, тіпті кей жылдары оларды абақтыға жауып, ісін сотқа беріп, өмірден артта қалған, схоластика мен догматизмге түсіп кетті деп айыптады. Марксизмді Орталық Комитет өзінің күнделікті саясатына бағындырып, оның стратегиялық маңызын кемітті.

Бізде елде партия және мемлекет басшысы болған адам кемеңгер, данышпен болып шыға келеді де, ғылымдағы соңғы жетістіктерді, соңғы жаңалықты сол айтады, содан естиміз, содан үйренеміз, соны марапаттаймыз, содан үзінді келтірмей жазбаймыз да, сөйлемейміз де. Сол аурудан әлі жазылғамыз жоқ. Қазақстанда бүгін Президенттен басқа білікті экономист жоқ сияқты. Оның шақырып әкеп, қошаметпен шығарып салған американдық экономисінен (Бэнг мырзадан) бізге қалған жалғыз белгі — қайда пайдалатынымызды білмей қол уыстап отырған тұрғын үй купондары. Түркия мен Ираннан келген экономист-кеңесшілер не үйретті, қашан үйлеріне қайтты – оны тірі жан білмейді. Ал сол шетелдік ақылшылар біздің жағдайымызды бақайшақтап біліп, жанашырлық кеңес берді ме екен?

Міне, осылайша теорияны кейбір практикалық істермен саясаттандыру оның ғылыми құнын жоя бастады. Бұл марксизмге тиген ең ірі соққы болды, оның беделін түсірді.

Марксизм теория ретінде ХХ ғасырда дами алмады. Пратияның Орталық Комитеті марксизмді дамыту тек қана өзінің ісі деп білді. Бірақ та, марксизм шығармашылық тұрғыда дамығанда да оның негізгі принциптері – пролетариат диктатурасын күштеу теориясы, тап күресі, социалистік революция, коммунистердің басшылық рөлі, т.б. тұжырымдамалары өзгермеген болар еді. Қазіргі кезеңде осы негізгі принциптердің дұрыстығын тарих дәлелдей алмай, керісінше, оларды теріске шығарып отыр. Дегенмен марксизмді зерттеуден бас тартуға болмайды. Бұл көзқараста тарихи шындық аз емес.

Батыс Еуропаның көптеген елдерінде, Америкада, Жапонияда, Қытайда, Үндіде, Вьетнамда, т.б. елдерде бұл ілімді миллиондаған адамдар оқып-үйренуде. Ал, бізде бүгінгі таңда марксизмге шабуыл баяғы Компартияның Орталық Комитетінің кезекті науқанына айналған сияқты.

Саясаттанушылар таптар турлы және тап күресі туралы ілімді тіптен де Маркс ойлап таппағанын білмеді. Шынын айтсақ, ол ілімді буржуазиялық тарихшылар ашқан болатын. Олар Гизо, Минье, Тьер, Тьерри деген ғалымдар еді. Және ол ілім күні осы уақытқа дейін марксистік емес саясаттануда қолданылады.

Қорыта айтқанда, марксизм-ленинизм үшін Маркске, Ленинге кейіс білдірудің және бұрынғы КСРО-да социлизмнің сәтсіз болғаны үшін де Ленинге кейіс білдірудің қажеті жоқ сияқты. Өйткені жалпы алғанда социализм идеясы мүлде жоғалып кетпейтін, адам санасында ылғи болып тұратын идея. Себебі, адамдар теңдігін, бір-бірінің құлы болмауды қолдайтын идея өлмек емес. Бұдан 500 жыл бұрын жасаған Кампанелланың «Күн қаласы» еңбегі қанша идея болғанымен, ақыл-сананы өзіне тартпай тұрмайтынын мойындамау қате болар еді. Марксизм-ленинизм бүгін туған ілім емес, оның тегі әріде жатыр.

12
скачать работу

Саясаттағы марксистік концепцияның алатын орны

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ