Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сертификация, сертификаттау

ларды жабдықтаушы жөнелткенде оған келесі құжаттар толтырылады:

Тауарлық, есептік жіне көліктік.

Тауарлық құжат – деп, жіберілген тауарлар саны мен сапасы, яғни толық мәлімет беріледі. Оларға: шоттар, счет – фактуралар, тауарлы – көліктік накладнойы, спецификасы. Жүк жіберуші түбіртегі және т.б.

Есеп айырысу құжаттары – бұл түскен тауарларды түсіргенде есеп айырысу және жүк жіберушімен олар банқа беріледі. Мұндай құжаттарға: төлем талап – тапсырмасы.

Көліктік - бұл құжаттар тасымалданған жүк көлемін және айқындайды және көліктік қызмет және көліктік органдарға есеп айырысуға арналған құжаттар.Тасымалдау үшін қолданылатын транспорт түрі:

  • теміржол накладнойы – теміржол көлігімен тасымалдайтын тауарлар.

  • Тауарлы – көліктік накладнойы – автокөліктік тасымалдайтын тасымалдайтын тауарлар екі бөлімнен тұрады: тауарлардың – транспорттық;

  • Коносамент – су жолымен тасымалданатын тауарлар;

  • Авиа накладнойы - әуе жолымен және су жолымен тасымалдайтын тауарларды жеткізгенде беріледі. Счет – фактураны сепке алу «Счет – фактураны тіркейтін журнал», бұл журнал есеп беру мерзіміне сәйкесті келесі түрде жүргізіледі.

Тауар түріне байланысты және оның счет – фактурасын немесе тауарлы – көліктік накладнойыа жабдықтаушы көптеген басқа құжаттар беріледі, бір бөлігі мөлшерді растайды және түскен тауарлар санын, ал басқасы – сапасы және т.б. тауарлар бірлігі.

ҚР заңына сәйкес «Стандартизация және сертификация жайлы» тауарлардың халық тұтыну үшін сертефикация жасалынады, ол тізімді Республика Парламенті тағайындайды.

3. Тауарлы – матениалдық қорларды босатқанда рәсімделетін құжаттар.

Кәсіпорын қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай – ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдалынады. Тауарлы – матералды қорларды цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады.

Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді:

Лимиттік – жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға арналған талап –актісі; материалдарды босатуға арналған талап накладнойы, накладной.

Жабдықтаушылар тауарларды босатқан кезде әрбір жіберілген бөлігіне 3 данада накладной (№5 қосымша) жазады. Онда сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі. 1- ші данасы тауарларды алушыда, ал екіншісі жіберушінің өзінде қалады, үшіншісі бухгалтерияға беріледі.Тауарларды босатып біткен соң ең соңғы партиясы құжаттарымен бірге сеніхатын да бухгалтерияға тапсырады.

Лимиттік - жинақтама картасы - өнімді дайындауда үздіксіз пайдалынатын құндылықтарды бостау, сондай – ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдық қорларды бақылауға және олрады есептен шығаруға негіз бола алатын құжат. Лимиттік жинақмата карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа қорды пайдаланушыға, 2-ші қоймаға немесе цехтың қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік – жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да бостаылған қордың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы шығарылды.

Қоймашының лимиттік – жинақтама картасын цех өкілі, ол цехтың лимиттік – жинақтама картасына қоймашы қол қояды. Цех өнім қорларды алу кезінде тікелей материалдар есебінің картотекасына қол қояды, ал қоймашы лимиттік – жинақтама картаға қол қояды.

Материалдарды айырбастауға арналған талап – актісі. Бұл құжат қорлардың белгіленген лимиттен артық босатылуын немесе олардың ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, сондай –ақ қоймадан қорларды шығаруға негіз болып табылады. Ол екі дана етіп дайындалады: біріншісі алушыға, ал екінщісі – қоймаға. Қоймашы актінің екі данасына да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін белгілеп, содан соң қалдығын шығарады. Алушының актісіне қойма меңгерушісі, ал қойма актісіне – алушының өкілі қол қояды.

Материалдарды босатуға арналған талап накладнойы. Босалқыларды субъектінің өз ішіндегі қозғалысына және олардың кәсіпорынның аумағынан тыс жердегі шаруашылықтарына, сондай – ақ басқа мекемелерге босатуды есепке алғанда пайдалынады.

Ол екі дана дайындалады. Материалдарды өз кәсіпорынының шаруашылықтарына босатқанда данасын алушыға, екіншісін – қоймаға, кейінірек бухгалтерияға өткізіледі. Бір данасы қоймаға, ал екіншісі цехқа құндылықтарды кіріске алуға негіз бола алады.

Кәсіпорынның аумағынан тыс жерде орналасқан өз шаруашылықтарына немесе басқа мекемелерге материалдық құндылықтарды босатқан кезде талап – накладной келісімдердің, нарядтардың және басқа тиісті құжаттардың негізінде дайындалады. Бірінші данасы қоймаға материалды қоймаға босатуға негіз болады, ал екіншісі материалды қабылдап алушыға беріледі. Материалды босатқан кезде өзі алып кететін жағдай туса, алушы қол қойған талап-накладнойды, сондай-ақ егер қорлар кейін төленетін болып босатылып жатса, қоймашы есеп айырысу төлемдік құжаттарын толтыруға бухгалтерияға жібереді.

  1. материалдың жауапкершілік тұлғаның есеп беруі.

Тауарлар мен ыдыстардың саны мен сапасын және ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін материалдардың жауапкершілік енгізілген және ол жүктелген қызметкерлер материалды жауапты тұлғалар деп аталады.

Қоймадағы материалдық босалқыларды есепке алуды материалды ееспке алуды материалды жауаптыц немесе олардың келісімдерін жұмысын атқаратын есепшілер (операторлар) материалдарды есепке алу үшін арналған карточкаларында жүргізеді. Босалқылардың әрбір номенклатурысының нөміріне жекелеген карточкалар ашады да, содан соң ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.

Алған карточкаларда қоймада материалдардың сақталатын орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады. Карточкаларға жазбалар құжаттардың негізінде жазылады. Материалдарды ескере алудың толтырылған карточкасы төменде келтірілген.

Егер қоймадағы материалдық қорлардың қалдықтары қорлардың белгіленген нормасынан жоғары немесе тең болса, онда қойма меңгерушісі бұл туралы жабдықтау бөліміне хабарлауы тиіс. Бұл мақсатта қорлардың белгіленген нормаларынан нақты қалдық қорының ауытқушылығы туралы дабыл анықтамасы қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасының деректері бойынша жасайды. Анықтамаға деректерді енгізудің өлшемдерін субъектінің материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі белгілейді.

Бухгалтерияға берер алдында жазбалардың дұрыстығы және карточкадағы қалдықтардың шығарылуы қойманың өзінде тікелей тексеріледі. Материалдық құндылықтардың қозғалысын рәсімдейтін құжаттарды бухгалтер қоймадағы «Құжаттарды қабылдау - өткізу тізімінің» негізінде қабылдайды. Тізім реестрдің нысаны төменде келтірілген.

Жетіспеушілік және материалдық жағынан жауапты адамдардың қызметіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы, сондай-ақ іріктеп тексерулер мен өткізілген нұсқамалардың нәтижелері туралы бухгалтерияның қызметкері бас бухгалтерге хабарлауы тиіс.

Айдың аяғында қоймаға бухгалтериядан материалдардың қалдықтарының есепке алынатын кітабын қоймашыға береді, оған қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасындағы қалдықтарын көшіріп жазады. Мұнан кейін деректерді салыстыра отырып тексеру үшін материалдық босалқы қорлардың есептік топтары бойынша және бүтіндей алғанда кітап бойынша жиынтығын бухгалтерияға қайтарады.

12345След.
скачать работу

Сертификация, сертификаттау

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ