Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шәкәрім Құдайбердіұлы

бір перне тағып берді. Сонымен қатар Әбдіғалиға: «Домбыраны шерткенде асықпа, жылдамдатып ұра салма, тақтайды бет алды тарсылдата берме, ән әуеніне қарай саусақтар да кербез, әсем қимылдауы керек. Әсіресе, үстіңгі, үшінші ішектің сүйемелін орнымен пайдалан, деді. Әбдіғали бетаузын өте биязы ұстап, азырақ тістеніп, сыздықтата бастап еді, Шәкәрім: Әбіш, сенің әннен гөрі өз бетаузыңның әдемі көрінуін ойлағаның қалай? Олай етпе, бар әдемілікті айтып отырған әніңе қый, еркін отыр, бетауыз, дене, қол қимылдарын ән әуенінің еркіне жібер. Тынысты кең ал, екі ұрт пен ерінді тежей берме, орындаушы мүше солар ғой, деген сияқты ақылкеңестерін беріп отырды. Шәкәрім өте талғампаз, адам жанымен сырласа білетін ақын, сазгер әрі қол ісіне өте іскер адам еді, деп еске алады. Біздің бұдан байқайтынымыз Шәкәрім сазгер ғана емес, ол музыкалық аспаптардың акустикасын жете білетін, оның құлақ күйін шебер қоя алатын, әнді қалай орындау керектігін жете меңгерген өз дәуірінің озық ойлы, білімді азаматы екені. Шәкәрімнің әндерін өзінен үйренгендердің ішінен басқалардан шоқтығы биік, көпке танымал болған әнші Қабыш Керімқұлов болса керек. Ол ақынның оншақты әнін музыкатанушы Асқан Серікбаеваға айтып береді. Ал ол өз тарапынан осы әндерді қағазға түсіреді. Шәкәрімнің «Жиырма үш жасымда», «Жылым қой, жұлдызым июль», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Анадан алғаш туғанда», «Сұраған жанға сәлем айт», «Ойладым бір сөз жазайын да», «Мұтылғанның өмірі», «Сен ғылымға болсаң ынтық», «Көңіл», «Байғазы» сынды әндері ұзақ жылдар Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның фольклорлық зертханасының қорында сақталып келген бұл әндер сол Қабыш айтқан, Асқан нотаға түсірген дүниелер екенінде дау жоқ. Ал қазір Шәкәрім әндерінің бірденбір насихатшысы, жанашыр іздеушісі әрі орындаушысы әнші Келденбай Ұлмесеков. Ол ел ішінде ұмыт болып бара жатқан ақынның біраз әндерін жинастырып, жарыққа шығарды, қазақ радиосының Алтын қорына жазғызды.

ТҰҢҒЫШ ҚАҒАЗҒА КІМ ТҮСІРГЕН? Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрнестович Бимбоэс. Ол 1919 1922 жылдар аралығында Ақмола саяси бөлімінде нұсқаушылық қызмет атқарып жүріп, қазақ әндерін нотаға түсірумен шұғылданады. Соның нәтижесінде 1926 жылы Н.Ф. Финдейзеннің редакциялауымен шыққан «Музыкалық этнография» жинағында Бимбоэстің қазақ музыкасы туралы жазған көлемді мақаласына қоса қазақтың жиырма бес әнінің нотасы басылады. Осы аталған жинақтың ішінде «№ 1 Шакарим», «№ 2 Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді. Бірақ, екі әннің де өлеңі нота астына жазылмаған, тек орыс тілінде мазмұны берілген. А.Э. Бимбоэс нотаға түсірген «№1 Шакарим» әнінің екінші түрі А.В.Затаевичтің 1925 жылы шыққан «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына «Тілек бата» деген атпен енген. Ал Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әні А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағында «Шәкәрім Құдайбердин әні» деген атпен жарияланған. Осы жинақтың № 156 анықтамасында А.В.Затаевич: «Шәкәрім Құдайбербин Семей уезінің қарт ақыны, қазір тірі, жасы жетпістер шамасында. Жинақта келтірілген әнін орыс әндерінің үлгісіне еліктеп шығарса керек, деп жазған. Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына да арқау болды. Ахмет Жұбановтың «Абай» сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы Айдардың ариозосына, Айдар мен Ажардың дуэтіне сазгердің шығармалары пайдаланылды. Ал ақын поэмаларының сюжеті еліміздің ақынжазушыларының, композиторларының шығармашылығынан кең орын алғанын айтсақ артық болмас. Мысалы, «Қалқаман Мамыр» балетіне, «Еңлік Кебек» пьесасына, «Еңлік Кебек» операсына Шәкәрім туындылары арқау болғаны барша жұртқа аян. Қазақтың ұлы ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлының музыкалық мұрасы түгел жиналып, толық зерттеліп болды деуден аулақпыз. Ақын — сазгердің әлі ашылмаған қырларын ашу, ел ішінде жатқан туындыларын жинау, орындалмаған әндерін тауып оны ел игілігіне айналдыру келешек ұрпақтың еншісінде демекпіз

12
скачать работу

Шәкәрім Құдайбердіұлы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ