Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шексіз әлем: Қазіргі астрофизикалық және космологиялық тұжырымдамалар

тырды. Сондықтан, жер тобындағы ғаламшарлар жеңіл элементтердің аз қосындысы бар ауыр элементтерден түзілді және өлшемдері шағын болды.

Бұл ғаламтанулық болжам Күн жүйесінің басқа да бірқатар заңдылықтарын, атап айтқанда, оның массасының Күн және барлық ғаламшарлар арасында тарауын ғаламшарлардың Күннен қазіргі қашықтықтарын, олардың айналысын т.б. түсіндіреді. Оған 1944-1949 жылдары академик О.Ю. Шмидт (1891-1956) талдау жасады, кейін оның ізбасарлары ірі қарай дамытты.

Бұл болжам бойынша, ғаламшарлардың түзілуін былай түсіндіреді. Табақ тәрізді газ-тозаңды бұлттағы бөлшектердің өзара соқтығысы нәтижесінде көптеген жиынтықтар пайда болады. Көптеген майда жиынтықтар өзара соқтығыстан күйреді, ал басқалары ірі жиын-тықтарға түсіп жатты, нәтижесінде ол көлемі жағынан улғайды және бірте-бірте ғаламшарлардың бастамасын тудыра отырып, тығыздала берді. Жиынтықтардың соқтығысы кезіндегі жұмсақ соққылар ғаламшар бастамалары орбиталарының дөңгелек дерлік болып қалыптасуына әкеліп соқты. Келе-келе бір-бірінен қашық неғұрлым ірі бастамалар сақталып қалды және айтарлықтай өзаралық тар-тылыс болмады, сондықтан олардың Күн төңірегіндегі орбиталары тұрақтанды. Осы бастамалардан жүздеген млн жыл бойында ірі ғаламшарлар түзілді. Күн және оның ғаламшарлары 5 млрд жыл бүрын түзіле бастаған. Күн жүйесіндегі Айдың, Шолпанның, Марстың физика-лық табиғаты мен процесі жөніндегі біздің түсінігімізді жерден бақылаулар анықтап берді. Әзірге өмірдің, әсіресе саналы өмірдің қайда және қандай болып кездесетінін айту қиын, өйткені анық жалғыз белгілі мысалы — Жердегі өмір. Оның айрықшылығы мен Ғаламдағы басты орны, Жердің Күн жүйесіндегі орны, Күннің Галактикадағы, Галактиканың — басқа галактикалардағы орнынан Ғаламдағы жер өркениетінің қатардағы орнына дейін мегзейді.

Күн жүйесінің пайда болуы туралы теорияларды усынушылар — неміс философы И.Кант және француз математигі П.С.Лаплас. Олар-дың біріккен теорияларын Кант. Лаплас гипотезасы деп атады.

И.Канттың болжамы бойынша, Күн жүйесі мәңгілік емір сүріп келе жатқан жүйе емес. Уақыт бойында тумандықтардың тартылыс күшінің әсерінен жеке аспан денелері пайда болады және олар бір жазықтың бойымен қозғала бастайды және олардың серіктері пайда болды.

Одан 50 жылдай уақыттан кейін П.С.Лаплас ез гипотезасын ұсынды. Лапластың космогониялық гипотезасы бойынша, Күн жүйесі айнала қозғалып тұрған газды түмандықтардан пайда болды.

Күн жүйесінің пайда болуы туралы келесі көзқарастар тобы ағылшын астрофизигі Дж.Х.Джинстің гипотезасынан басталды. Оның болжамы бойынша Күн басқа бір жулдызбен соқтығысқаннан кейін бөлінген газ ағындарынан ғаламшарлар пайда болды. Бірақ, жулдыздар арасындағы орасан үлкен қашықтықты есепке алсақ мундай  соқтығысу  мүлдем   мүмкін   емес  сияқты. Джинс теориясы бойынша Күн жүйесі өз қурылым заңдылықтарына бағынатыны белгілі бір реттелген жүйе деп қарастырылмайды.

Күн жүйесі пайда болуы туралы қазіргі кездің концепциялары тек цана механикалық емес, электромагниттік күштерді де есепке алуды қажет етеді. Мұндай идеяны ұсынушылар швед астрофизигі Х.Альфвен мен ағылшын астрофизигі Ф.Хойл. Күн жүйесі пайда болуында электромагниттік күштер ерекше рөл атқарғандығы шындыққа жанасымды.

Күн мен ғаламшарлар пайда болған газды булттар электромаг-ниттік күштерге бағынатын иондалған газдардан қуралды. Орасан үлкен газды булттың жинақталуынан Күн пайда болғаннан кейін, одан қалған газдың қалдықтарынан гравитациялық күштің әсерінен ғаламшарлар пайда болды. Оларды магниттік күштің әсерімен Күн әрқилы қашықтықта устап турады. Ең үлкен ғаламшарлар пайда болғаннан кейін осы процесс кішілеу масштабта қайталанады, яғни олар пайда болған газ қалдықтарынан олардың серіктері пайда болды.

Күн жүйесінің пайда болуы туралы теориялар гипотезалар деңгейінде ғана, олардың шындыққа жақындығын бір жақты қарастыруға болмайды. Әлі де қайшылықты және түсініксіз жағдайлар көп.

Классикалық ғылымда ғаламшардың стационарлық күй теориясы қарастырылған, яғни ғаламшар бурын қандай күйде болса, қазір де сол күйде деп есептеледі.

Классикалық Ньютон космологиясында мынандай постулаттар бар::

Ғаламшар мәңгілік түтас дүние. Космология оны дәл қазіргі кездегі күйінде қарастырады.

Ғаламшардағы уақыт пен кеңістік абсолютті, олар материалды объектілер мен процестерге қатысты емес.

Уақыт пен кеңістік метрикалық түрде шексіз.

Ғаламшар өзгермелі емес. Тек жеке космостық денелер өзгеруі мүмкін.

Ғаламшардың қазіргі космологиялық жобалары А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясына негізделеді. Алғашқы жобаны 1917 жылы А.Эйнштейннің өзі жасады. Оның жобасы бойынша әлем кеңістігі шексіз, материя онда біркелкі орналасқан, денелердің тарты-лысы космологиялық тебілу күшті арқылы жүзеге асырылады.

12
скачать работу

Шексіз әлем: Қазіргі астрофизикалық және космологиялық тұжырымдамалар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ